Freedom TJX Companies есебін талдап, акцияларының $154-ке дейін өсуін күтеді
Биржалық жаңалықтар
25 қараша 2026, 20:10
Freedom TJX Companies (TJX) акцияларын $154 мақсатты бағамен сатып алуға кеңес береді. Қазіргі баға $143,9 болғанда, өсу әлеуеті шамамен 7%. Тоқсандық есептен кейін компанияның ең ірі бөлімшесі Marmaxx салыстырмалы сатылымдардың өсіміне қайта оралды.

TJX не сатады
TJX — әлемдегі жеңілдетілген бағамен киім мен үй тауарларын сататын ең ірі ритейлер. Компания он елде шамамен 5 300 дүкенді басқарады. Оның желілерінің қатарына T.J. Maxx, Marshalls, HomeGoods, Winners және TK Maxx кіреді.
Мамыр айында TJX 2027 қаржы жылының бірінші тоқсаны бойынша кіріс пен пайданың өскені туралы есеп берді: екі көрсеткіш те талдаушылардың күткенінен асып түсті. Ал тамызда Freedom TJX нәтижелерін басқа америкалық желілердің есептерімен бірге АҚШ-тағы тұтынушылық сұранысты бағалау үшін бағдар ретінде қарастырды.
Marmaxx қайтадан өсуде
2027 қаржы жылының үшінші тоқсанында TJX $16 млрд кіріс алды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% көп. Салыстырмалы сатылымдар 4%-ға өсті. Бір акцияға шаққандағы түзетілген пайда $1,34 болып, жылдық мәнде 5% артты.
TJX-тің ең ірі бөлімшесі Marmaxx-тің салыстырмалы сатылымдары, алдыңғы тоқсандағы 1% өсімнен кейін, 2%-ға ұлғайды. Бизнестің басқа бөліктері бұдан да жылдам өсті: HomeGoods 5%-ға, TJX Canada — 6%-ға, TJX International — 8%-ға артты.
Жалпы алғанда, табыстылық компания жоспарыннан жоғары болды: операциялық маржа 13% болды, ал бір жыл бұрын 12,7% еді. Бірақ баж салығын қайтаруды есепке алмағанда, түзетілген маржа 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 12,5%-ға түсті. Бұған тасымалдау мен отынға кететін шығындардың жоғары болуы әсер етті.
Freedom неліктен $154 мақсатты бағасын таңдады
Талдаушылардың пікірінше, Marmaxx-тің өсімге қайта оралуы TJX-тің ең ірі бизнесіне қатысты бірқатар сұрақтарды азайтады. Компания сондай-ақ жылдық болжамын көтерді: енді салыстырмалы сатылымдардың 4% өсуін және бір акцияға шаққандағы түзетілген пайданың $5,17–5,20 диапазонында болуын күтеді. TJX акцияларды кері сатып алуға шамамен $3 млрд жұмсауды жоспарлап отыр.
Freedom мақсатты бағасы — $154 — идеяға кіру деңгейі $141-ден шамамен 9% өсімді білдіреді. Көрсетілген $143,9 бағадан ағымдағы әлеует шамамен 7%. Идея жоғары тәуекелге есептелген; Freedom сондай-ақ $132,5 деңгейінде стоп-лосс көрсетті.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.