Freedom: алтынның қалпына келуі ФРЖ-ның қатаң саясатына байланысты шектелуі мүмкін
Биржалық жаңалықтар
27 қараша 2026, 22:03
Алтын 27 қарашада 2025 жылғы қыркүйектен бергі ең төменгі деңгейге дейін түскеннен кейін қымбаттады. Таңғы сауда барысында спот бағасы шамамен 2,7%-ға өсіп, трой унциясы үшін $3663 деңгейіне жуықтады. Қалпына келу АҚШ-тағы мерекелік үзілістен кейін орын алды: 26 қарашада Алғыс айту күніне байланысты биржалар жұмыс істемеді.

Freedom Broker бағалауынша, асыл металға доллардың нығаю қарқынының баяулауы және технологиялық компаниялар акциялары төңірегіндегі сақталып отырған белгісіздік қолдау көрсетуі мүмкін. Нарықтағы тұрақсыздық кезеңдерінде инвесторлар қорғаныс активтерін іздейді, олардың қатарына алтын да, америкалық валюта да жатады.
Сонымен бірге қысқа мерзімді қалпына келу орта мерзімді перспективада алтынға қысымның жоққа шығармайды. АҚШ-тың ақша-несие саясатының қатаңдауы долларлық активтердің тартымдылығын арттырып, асыл металға қызығушылықты төмендетуі мүмкін.
Алтын пайыздық табыс әкелмейтіндіктен, мөлшерлемелердің көтерілуі баламалы инвестициялардың тартымдылығын арттырады. АҚШ-та инфляцияның жеделдегені туралы деректер жарияланғаннан кейін ФРЖ саясатын одан әрі қатаңдату жөніндегі күтулер күшейді.
Бұған дейін Freedom Broker алтынның күрт сатылымнан кейін қалпына келу мүмкіндігін атап өткен болатын. Сол кезде талдаушы Наталья Мильчакова орталық банктер сұранысын қолдау факторы ретінде, ал ФРЖ мөлшерлемесін көтеру күтулері мен доллардың нығаюын котировкалардың бұған дейін төмендеу себептері ретінде бөліп көрсеткен.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.