Брокерлік комиссияның күшін жою – 2025 жылғы 1-11 мамыр аралығында
Тұтынушыларға хабарландырулар
30 апреля 2025, 12:16
Жақында деректерді өңдеу орталықтарында болған техникалық ақауларға байланысты клиенттерімізге сауда жүйесінде баға ұсыныстары, графиктер, биржаларға қосылу сияқты мүмкіндіктер қол жетімсіз болды.
Кешірім ретінде 2025 жылғы 1–11 мамыр аралығында Freedom Finance Global PLC компаниясының регламентіне 3-қосымшаның I бөлімінде (инвестициялық жазылымдар үшін абоненттік төлемнен басқа) көзделген сауда операциялары үшін барлық брокерлік комиссияның күші жояды.
Мұндай комиссиялар мамыр айында қайтарылады не болмаса мүлдем есептен шығарылмайды. Процесс автоматты түрде болады және клиенттердің тарапынан қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін комиссиялардың күшін жою маржалық қарыздарға қолданылмайтынын атап өткен жөн.
Туындаған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Біз барлық сауда жүйесінің тұрақты да сенімді жұмысын қамтамасыз етуге міндеттемемізді растаймыз.
Барлық қосымша сұрағыңыз бойынша клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.