Двухнедельный обзор фондовых рынков №321

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Ең басты мәселе. Әртараптандыру — форс-мажордан қорғану

«Әртараптандыру — бұл білімсіздіктен қорғау» деген әйгілі пікір көпшілік үшін инвестициялардыәр тарапты бөлудің пайдасы туралы бірнеше рет айтқан белгілі инвестор Уоррен Баффетке тиесілі. Алайда мен омахалық Оракулдың ойын сәл басқаша білдірген болар едім: бізді біліміміз, зерттеулеріміз бен мұқият талдауымыз дұрыс инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ал әртараптандыру тіпті мұқият есептегенде де болжауға келмейтін тосын оқиғалардан маңызды қорғау қызметін атқарады.

Салалардың көшбасшылары үнемі өзгеріп отырады: кешегі нарықтың фавориттері жиі аутсайдерлерге айналады. Тарих осындай көптеген мысалдарды біледі. 1960-70 жылдары аса сенімді көгілдір фишкалар деп саналған Nifty Fifty ірі компанияларының акциялар тобын немесе доткомдардың гүлденуі кезіндегі жұлдыздарды немесе 2008 жылғы дағдарыс алдындағы қаржы алыптары мен жылжымайтын мүлік секторының көшбасшыларын еске алайық.

Осындай ұшып көтерілу мен құлаудың жаңа үлгілері де бар. Олардың арасында Intel (INTC) соңғы тарихы бар. Корпорацияның бас директоры Пэт Гелсингер бұл лауазымға 2021 жылы корпорацияны ірі келісімшарттық чип фабрикасына айналдыру жөніндегі өршіл жоспарды іске асыру ниетімен оралды. Бизнеске $7,9 млрд көлемінде мемлекеттік субсидиялар берілді, алайда компания техникалық қиындықтарға, негізгі серіктестермен, ең алдымен TSMC-мен қақтығыстарға тап болды. Сондай-ақ, индустрия көшбасшыларының бірі NVIDIA-мен АИ-чиптер саласында бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Нәтижесінде Intel кірісі 2021 жылғы деңгейге қарағанда шамамен 33% -ға төмендеді, 1986 жылдан бері алғаш рет таза жылдық шығын тіркелді. Корпорацияға 15 мыңға жуық қызметкерді жұмыстан шығаруға тура келді, ал оның акцияларының құны 60%-дан астам азайды. 2024 жылдың соңында Гелсингер инвесторлар тарапынан сенімнің жоғалуына байланысты директорлар кеңесінің қысымымен отставкаға кетті. Nike (NKE) және UnitedHealth (UNH) сияқты алыптар да көшбасшылық рэнкингтердегі өзгерістер қаншалықты болжауға келмейтінін көрсетеді. Nike акциялары 2021 жылдың максимумымен салыстырғанда бәсекелестіктің күшеюіне және тұтынушылық мінез-құлқының өзгеруіне байланысты үш есеге жуық арзандады. UnitedHealth сақтандыру корпорациясы таяуда одан да қатты соққы алды. Medicare Advantage бағдарламасына шығындардың артуы әсер еткен көңілсіз қаржылық есептен кейін, сондай-ақ реттеушілер тарапынан назардың артуы аясында оның нарықтық капиталдануы бір күнде 22% -дан астамға қысқарды, бұл $250 млрд. астам шығынға баламалы.

Бұл оқиғалар әртараптандыру қажеттігін айқын дәлелдейді. Иә, терең зерттеулер мен талдаулар өте маңызды, бірақ салымдардың сан алуандығы есебінен сіз күтпеген және өздеріңізге тәуелді емес факторлардан — менеджмент қателіктерінен, реттеудегі өзгерістерден, біртіндеп не кенеттен  болуы мүмкін технологиялық серпілістерден қорғаласыз. Портфельді әртараптандыра отырып, сіз сөзсіз нарықтық белгісіздіктен сақтанасыз. Инвестидеялар мен модельдік қоржындарды қалыптастырған кезде біздің талдаушылар дәл осыған назар аударады. Нәтижелер, әсіресе АҚШ-тың болжамы аз тарифтік саясатынан туындаған жоғары құбылмалылық жағдайында өздерін көп күттірмейді. Жыл басынан бері біздің акциялар портфелінің кірістілігі S&P 500 өсімінің 1% шегінде 7% -дан асты.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!