Инвестициялық шолу №334. Сатып алушыларды қайтару
Merck. Өсу дәрумені
MRK акцияларын сатып алу қаржылық нәтижелердің тұрақты жақсаруын және АҚШ-пен сауда мәселелерін реттеуді қолдайды
| Xetra тикері | MRK GR |
| Ағымдағы бағасы | €119,65 |
| Нысаналы бағасы | €141,44 |
| Өсу әлеуеті | 18,2% |
MRK акцияларының динамикасы

Сатып алу себептері
- Табыстың орнықты органикалық өсуі. Үшінші тоқсанда Merck таза сату жылдық көрсетуде (ж/ж) 1% ұлғайып, 5,3 млрд еуроға жетті. Қолайсыз бағамдық айырмашылықтар (-4,9%) 5,2% құраған органикалық өсумен өтелді. Компанияның EBITDA есепті кезеңде 3,1% ж/ж, 1,7 млрд еуроға дейін немесе валюта бағамдарын есептемегенде 8,8% өсті. Көрсеткіштің маржасы 31,4% (+0,7 п.т.) жетті. Қазан айында Merck АҚШ билігімен оның экстракорпоралды ұрықтандыруға арналған препараттар портфеліне қолжетімділікті кеңейту туралы, сондай-ақ АҚШ-тағы биофармацевтикалық өндіріс пен зерттеулерге инвестиция орнына фармөнім мен ингредиенттерге импорттық баж салығын алып тастау туралы келісімге келді. Менеджмент 2025 жылға арналған гайденцияны растады, оған 6-6,2 млрд еуро шегіндегі EBITDA-мен 20,8-21,4 млрд еуро ауқымында түсім салынады.
- Жетекші инвестүйлердің ұснымыдары. MRK акцияларын 22 инвестициялық банк қамтиды, олардың 18-і, соның ішінде BNP Paribas (мақсатты баға: 145 еуро), HSBC (мақсатты баға: 133 еуро) және Deutsche Bank (мақсатты баға: 127 еуро), «сатып алуға» ұсыныс береді, үшеуі «ұстауға» кеңес береді және тек біреуі — «сатуды» ұсынады. Merck акциясының орташа мақсатты бағасы 141,44 еуроны құрайды.
- Техникалық картина. MRK баға белгілеулері ұзақ мерзімді көлбеу арнаны бұзып, 122 еуро деңгейіндегі қарсылықты тестілеуде. Егер бұл деңгейден жоғары өтсе, баға 133 еуроға дейін өсуі мүмкін.