Инвестициялық шолу №342. Нәзік тепе-теңдік

Реванш жасауға талпыныс

Таяу Шығыстағы ахуалдың деэскалация белгілері жергілікті нарық алаңдарында қалпына келу сипатындағы өсімге ықпал етті.

БАӘ нарығы

DFM General Index, динамикасы, 1 жыл

 

Abu Dhabi Securities Exchange index, 1 жыл

 

Кірістілігі, форвардтық мөлшерлеме 1м10л, БАӘ, 1 жыл

 

 

Brent маркалы мұнай, 1 жыл

 

2026 жылғы 23 наурыз бен 6 сәуір аралығында АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі алғашқы сигналдар аясында БАӘ қор нарығы біртіндеп қалпына келу өсімін көрсетті. Dubai Financial Market (DFM) индексі 1,2%-ға өсіп, 5448 пунктке жетті, ал Abu Dhabi Securities Exchange (ADI) 2,1%-ға көтеріліп, 9625 пункт болды. Осы кезеңде S&P 500 бар болғаны 0,5% қосты, ал Brent маркалы мұнай бағасы 5,8%-ға қымбаттап, бір баррель үшін 110 АҚШ долларына дейін өсті. Өсімнің негізгі драйвері Вашингтон мен Тегеран арасында екі апталық бітімге келу туралы келісім болды, ол сондай-ақ Ормуз бұғазын дереу ашуды көздейді. 8 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша DFM 6,9%-ға, ал ADI 2,8%-ға күрт өсті.

Өсім көшбасшыларына қаржы секторы (+2,5%) мен телекоммуникация секторы (+4,12%), сондай-ақ Aldar Properties (+7,89%) компаниясының қолдауының арқасында жылжымайтын мүлік саласы (+1,34%) шықты.

Байланыс операторларының акциялары айтарлықтай өсім көрсетті: Sudatel (SDTL) котировкалары 7,03%-ға көтерілді, du (EITC) акциялары 4,39%-ға, e& (ETISALAT) — 4,03%-ға қымбаттады. Банктік секторда Emirates NBD акциялары 7,86%-ға, Abu Dhabi Islamic Bank — 7,51%-ға, First Abu Dhabi Bank — 6,36%-ға, Abu Dhabi Commercial Bank — 5,92%-ға өсті.

Аутсайдер ретінде бірінші кезектегі тұтыну тауарлары секторы (-7,25%) шықты. Spinneys компаниясы капитализациясының 9,63%-ын жоғалтты, ал Agthia Group 3,8%-ға түзету көрсетті, бұл энергия тасымалдаушылар бағасының жоғары болуы жағдайында тұтынушылық сұраныстың ұстамдылығын байқатады.

БАӘ-нің прокси-қазынашылық облигацияларының кірістілігі 35,3 базистік пунктке өсіп, 5,25%-ға жетті. АҚШ қазынашылық облигацияларының (treasuries) кірістілігі керісінше 9 б.п.-қа төмендеп, 4,39% болды. Олардың арасындағы спрэд 41 б.п.-қа кеңейіп, 86 б.п.-ты құрады, бұл БАӘ-нің борыштық міндеттемелеріне қысымның сақталып отырғанын көрсетеді. Әскери қақтығысқа қатысты белгісіздік аясында инвесторлар жоғарырақ өтем талап етті, ал АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің төмендеуі қауіпсіз активтерге сұраныстың күшеюі жағдайында тұрақты сұраныстың бар екенін аңғартады.

Экономика жаңалықтары

•    S&P Global жариялаған БАӘ үшін іскерлік белсенділік индексі (PMI) наурыз айында ақпандағы 55 пункттен 52,9-ға дейін төмендеді, бірақ әлі де өсім аймағында қалды. Бұл динамика тұтынушылық сұраныстың әлсіреуімен, жеткізу тізбектерінің бұзылуымен және 2024 жылғы шілдeden бергі ең жоғары деңгейге жеткен сатып алу бағаларының өсуімен байланысты болды. Іскерлік көңіл-күй 61 айдағы ең төменгі деңгейге түсті, алайда компаниялар технологиялық секторлардағы ұзақмерзімді сұраныс пен «Абу-Даби экономикалық көзқарасы – 2030» аясындағы фискалдық қолдау шараларының арқасында сенімділігін сақтап отыр.
•    Дубайдың тақ мұрагері шейх Хамдан бин Мұхаммед 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енген Dh1 млрд ($272 млн) көлеміндегі экономикалық ынталандырулар пакетін мақұлдады. Үш айдан алты айға дейінгі мерзімге арналған бағдарлама қонақүйлер мен туризм бизнесіне қатысты бірқатар мемлекеттік алымдар мен сату салықтарын кейінге қалдыруды, кедендік рәсімдеудің жеңілдікті кезеңін 30 күннен 90 күнге дейін ұзартуды, сондай-ақ тұруға рұқсат алу рәсімдерін жеңілдетуді көздейді.
•    Сәуір айының басынан бері Әмірліктерде дизель отынының бағасы 70%-дан астамға, ал бензин (Special 95) бағасы 30%-дан астамға қымбаттады. S&P Global Market Intelligence бұл фактордың тікелей әсерін ағымдағы айдағы тұтынушылық инфляцияға 1,3 пайыздық пункт деңгейінде деп бағалайды. Қосымша проинфляциялық фактор ретінде жүк тасымалдау құнының өсуі де әсер етеді. Соған қарамастан, аналитиктер жыл қорытындысы бойынша БАӘ-де инфляцияның 1,8–2% дәлізінде сақталуын болжайды, бұл экономиканың құрылымдық икемділігін көрсетеді.
•    БАӘ алғаш рет әлемдегі ең ірі экспорттаушылардың топ-10 қатарына кірді. Елдің жиынтық тауар айналымы 2025 жылы $1,637 трлн-ға жетті. Мұнайға жатпайтын экспорт 45%-ға өсіп, шамамен $221 млрд көлемін құрады, ал сауда балансының профициті $159 млрд деңгейіне жуықтады.
•    Бірінші тоқсанда БАӘ жылжымайтын мүлік нарығында жалпы құны шамамен $48,1 млрд болатын 47 996 мәміле тіркелді. Наурыз айында мәмілелер саны жылдық есепте 5,5%-ға, ал олардың ақшалай көлемі 23,4%-ға өсті. Off-plan сегментінің үлесі 70% болды. Наурыз айының басында Goldman Sachs мәмілелер көлемінің 37% ж/ж төмендегенін тіркеген еді, алайда бұл құбылыс құрылымдық құлдырау емес, «ликвидтіліктің уақытша тоқырауы» ретінде бағаланды. Ал 2 сәуірде Fitch жылжымайтын мүлік секторына шоғырлану жағдайында банктік активтер сапасының нашарлау тәуекелдері туралы ескерту жасады.

Компания жаңалықтары

•    e& / Emirates Telecommunications Group (ADX: EAND) Халифа университетімен бірлесіп, жергілікті (нативті) жасанды интеллектке негізделген 6G желілері архитектурасы жөніндегі техникалық құжатты жариялады.
•    Aldar Properties (ADX: ALDAR) 2026 жылғы наурыз айындағы операциялық нәтижелерін ұсынып, бизнестің орнықтылығын растады. Құрылыс жұмыстары Абу-Даби, Дубай және Рас-эль-Хаймадағы барлық 141 белсенді нысанда жалғасып жатыр. Барлығы 1075 объектіні іске асыру аяқталды, оның ішінде наурыз айында — 550 объект. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында шамамен $1,28 млрд сомаға құрылыс келісімшарттары жасалды, соның $490 млн-ға жуығы наурыз айында бес мердігерге тиесілі болды. Белсенді тендерлер портфелі $8,2 млрд-тан асып отыр.
•    Masdar мен TotalEnergies тоғыз азиялық елдегі құрлықтағы жаңартылатын энергия активтерін біріктіру үшін құны $2,2 млрд болатын бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды. Платформа 3 ГВт қолданыстағы қуаттарды және 6 ГВт белсенді даму сатысындағы жобаларды қамтиды. Бұл активтер Әзербайжан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур, Оңтүстік Корея және Өзбекстанда орналасқан.

Алдағы екі аптаға күтулер 

Алдағы екі аптада инвесторлар АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің барысын, мамыр айынан бастап ОПЕК+ шеңберінде өндіру лимиттерінің тәулігіне 206 мың баррельге ұлғаюының әсерінен мұнай бағасының динамикасын, сондай-ақ сәуір айындағы жылжымайтын мүлік нарығындағы транзакциялық белсенділік жөніндегі алғашқы деректерді бақылап отырады.

WTI маркалы мұнай баға белгілеулері сәуір айының басынан бері 11,9%-ға өсіп, бір баррель үшін $111,5 деңгейіне жетті, бұл АҚШ-тың Иранда құрлықтағы әскери операция жүргізуін күту аясында орын алды. Орта және ұзақ мерзімді перспективада мұнай үшін іргелі баға тәуекелдері төмендеу жағына қарай ығысуда: Ормуз бұғазының ашылуы және ОПЕК+ квоталарының біртіндеп ұлғайтылуы котировкаларға қысым көрсететін болады. Қысқа мерзімді динамика әлі де америкалық-ирандық келіссөздердің барысымен айқындалады.

Базалық болжамымызда Ормуз бұғазының тұрақты түрде ашылуын, мұнай бағаларының түзетілуін және БАӘ активтеріндегі тәуекел сыйақысының төмендеуін қарастырамыз. Осы сценарийде негізгі бенефициар банктік сектор болмақ. Оның капитал жеткіліктілігі коэффициенттері (17%) мен өтімділікті жабу коэффициенті (146,6%-дан жоғары) айтарлықтай беріктік қорын қамтамасыз етеді. Банк жүйесінің жиынтық активтері Dh5,42 трлн ($1,48 трлн) көлемінен асады, ал БАӘ Орталық банкінің қолдау пакеті ықтимал күйзелістерден қосымша сақтандыру рөлін атқарады. Қорғаныс сипатындағы секторлар — телекоммуникация, бірінші кезектегі тұтыну тауарлары және әртараптандырылған қаржылық холдингтер — салыстырмалы орнықтылықты әрі қарай да сақтауы ықтимал.

Пессимистік сценарий бітімнің бұзылуын және/немесе Ормуз бұғазының қайтадан бұғатталуын көздейді, бұл нарықтардың қайта құлдырауына себеп болуы мүмкін. Ең осал санатта жоғары қаржылық левереджі бар девелоперлер, жылжымайтын мүлікке шоғырланған несие портфелі бар банктер, сондай-ақ әуе тасымалдаушылары мен көлік компаниялары қалып отыр. Бірінші кезектегі тұтыну тауарлары секторы жанармай мен тасымалдау шығындарының жоғары болуына байланысты құрылымдық қысымын сақтауда.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!