Инвестициялық шолу №343. «Буллдардың» оралуы
LONG CALL ON AA (Alcoa Corporation)
Идея мәні
Alcoa (AA) акцияларына call опционын сатып алу алюминий бағасының өсуі корпорацияның алдағы қаржылық нәтижелеріне оң әсер етеді деген болжамға негізделген. Бірінші тоқсанда бұл фактор компания пайдасының негізгі оң драйвері бола қойған жоқ. Алайда Ормуз бұғазының блокадасы әлі де жалғасып отыр, бұл әлемдік ұсыныс тапшылығын тудырып, алюминий мен басқа да өнеркәсіптік металдардың бағасының өсуін қолдайды. Егер бұл жағдай сақталса, түсті металдар нарығындағы раллидің эмитенттің алдағы тоқсандардағы пайдасына қолайлы ықпалы аясында компания акцияларына деген сұраныс артуы мүмкін. Негізгі тәуекелдер — Ормуз бұғазының толық ашылуы және соның салдарынан алюминий бағасының түзетілуі, логистика, хеджирлеу және энергоносительдер бойынша жоғары шығындардың сақталуы, сондай-ақ экспирацияға дейін акция бағасында қозғалыс болмаған жағдайда опционның уақыттық құнсыздануы.
Тәуекелді басқару
Егер экспирация күні - 18 маусымда - базалық активтің бағасы $70-тен жоғары, бірақ $75,3-тен төмен деңгейде қалыптасса, инвестор шығынға ұшырайды, оның мөлшері нақты баға деңгейіне байланысты болады. Базалық активтің бағасы $70-тен төмен болған жағдайда, шығын көлемі төленген сыйақымен, яғни $530-мен шектеледі. Ал базалық активтің құны $75,3 деңгейіндегі өзін-өзі ақтау нүктесінен жоғары көтерілсе, позиция пайда әкеле бастайды. Базалық сценарий - сыйақының $8,95 деңгейіндегі мақсатты бағасына жеткенге дейін позицияны ұстап тұру.
Мәміле параметрлері
| Сатып алу | Long Call on AA |
| Страйк | Long CALL 70 |
| Опцион | +AA.18JUN2026.C70 |
| Экспирация күні | 2026.06.18 |
| Маржалық қамтамасыз ету | $530 |
| Шығу бағасы (премия бойынша мақсат) | $8.95 |
| Ең жоғары пайда | ∞ |
| Ең жоғары шығын | ($530) |
| Күтілетін табыс | 68.9% |
| Өзін-өзі ақтау нүктесі (break-even) | $75.30 |
Пайда/залал кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері
