Инвестициялық шолу №343. «Буллдардың» оралуы
Шағын капиталдандырылған компаниялардың шолуы

Garrett Motion (GTX) — автомобиль компоненттерін жеткізуші компания, турбонаддув технологияларына (нарықтағы үлесі шамамен 30%), ауа сығу жүйелеріне және қозғалтқыштардың энергия тиімділігін арттыруға арналған шешімдерге маманданған. Компанияның инвестициялық тартымдылығы көп жағдайда электромобильдерге көшу үдерісінің баяулауымен байланысты. Іштен жану қозғалтқыштарына және гибридті күш қондырғыларына деген сұраныс әлі де тұрақты болып отыр. Сонымен қатар эмитент гибридтер сегментінің өсуінен ұтады, бұл сегментте анағұрлым күрделі әрі маржасы жоғары шешімдер пайдаланылады. Бизнесті ұзақ мерзімді перспективада әртараптандыруға электрлік компрессорлар, салқындату жүйелері және сутек отынымен жұмыс істейтін қозғалтқыштар желісінің кеңеюі ықпал етеді. Жалпы алғанда, Garrett компаниясы түсімнің тұрақты өсімін, жоғары маржиналдылықты және еркін ақша ағынының елеулі көлемде қалыптасуын көрсетіп отыр; оның шамамен 75%-ы дивидендтер төлеу мен акцияларды кері сатып алуға бағытталады. Бизнеске төнетін тәуекелдер ең алдымен толық электрлі автокөліктерге көшу үдерісінің жеделдеуімен және автөнім өндірушілер тарапынан бағаға қысымның күшеюімен байланысты.
Freedom Broker-дің GTX акциясы бойынша 12 айлық таргеті - $22.

Optex Systems (OPXS) — броньдалған техника мен қару жараққа арналған оптикалық жүйелерді жеткізуші компания. Эмитент акцияларының инвестициялық тартымдылығы АҚШ пен оның одақтастарының ұзақ мерзімді әскери бағдарламаларына қатысуымен түсіндіріледі. Компания өндіретін жабдықтар Abrams, Bradley және Stryker техникаларына орнатылады, бұл оларды жаңғырту және сервистік қызмет көрсету арқылы қайталанатын сұранысты қамтамасыз етеді. Өсімнің негізгі драйвері ретінде бизнесті әуе техникасы, теңіз жүйелері мен жаяу әскер қарулары бағытында кеңейту, сондай ақ жаңа бағдарламалар, соның ішінде XM30 аясында тапсырыстардың артуы аталады. Қосымша фактор ретінде қорғаныс бюджеттерінің жалпы өсу тренді аталады, бұл оптикалық компоненттер мен қорғаныс жүйелеріне деген сұранысты қолдап отыр. Компания кірістің тұрақты өсімін және маржиналдылықтың жақсаруын көрсетіп келеді, сонымен қатар капитал құрылымын консервативті деңгейде сақтауда. Негізгі тәуекелдер клиенттердің жоғары шоғырлануымен, мемлекеттік шығындарға тәуелділікпен және жеткізу тізбектеріндегі іркілістермен байланысты.
Freedom Broker-дің OPXS акциясы бойынша 12 айлық таргеті - $16,1.
Ooma (OOMA) — шағын және орта бизнеске бағытталған бұлтты провайдер (UCaaS/CCaaS). Компанияның инвестициялық тартымдылығы клиенттердің бұлтты шешімдерге деген сұранысының тұрақты түрде күшеюімен байланысты. Негізгі оң драйвер — AirDial өнімі, ол ескірген инфрақұрылымды алмастыруға мүмкіндік береді. Қосымша өсім жоғары маржалы жазылушылық кірістің үлесінің кеңеюі (шамамен 92%), корпоративтік сегменттегі пайдаланушылар базасының ұлғаюы және клиенттердің премиум тарифтерге көшуі мен АИ-функцияларды енгізу есебінен ARPU-дың өсуімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ FluentStream және Phone.com компанияларын сатып алу арқылы жүзеге асатын бейорганикалық өсім маңызды фактор болып табылады: бұл мәмілелер Ooma-ның нарықтағы позициясын күшейтіп, синергия әлеуетін қалыптастырады. Компания шығындарды бақылау мен бизнесті масштабтау нәтижесінде түсім мен маржиналдылықты тұрақты түрде арттырып келеді. Негізгі тәуекелдер - бәсекелестіктің күшеюі, шағын және орта бизнес сегментіне тәуелділік және жаңа активтерді интеграциялау кезіндегі қиындықтар.
Freedom Broker-дің OOMA акциясы бойынша 12 айлық таргеті - $18,3.

Virco (VIRC) — білім беру мекемелеріне арналған жиһаз бен кешенді шешімдерді жеткізуші компания. Компания акцияларының инвестициялық тартымдылығы АҚШ нарығындағы мықты позицияларымен және өндірісті, сапаны әрі жеткізу мерзімдерін бақылауға мүмкіндік беретін вертикалды интеграцияланған моделінің болуымен қамтамасыз етіледі. Қысқа мерзімді кезеңде бизнеске клиенттер бюджетінің шектеулілігі және өткен жылғы нәтижелерді қолдаған бір реттік ірі тапсырыстардың болмауы аясында сұраныстың әлсіреуі қысым көрсетіп отыр. Өндіріс көлемдерінің төмендеуі маржиналдылыққа кері әсер етеді, себебі бұл тұрақты шығындардың жабылуын нашарлатады. Орта мерзімді өсім драйверлері ретінде білім беру секторын қаржыландырудың қалпына келуі және инфрақұрылымды жаңартуға деген сұраныстың артуы аталады. Эмитенттің қаржылық жағдайы тұрақты күйде қалып отыр, айтарлықтай қарыз жүктемесі жоқ. Негізгі тәуекелдер бюджет шектеулерімен, бизнестің маусымдылығымен және сұраныстың құбылмалылығымен байланысты.
Freedom Broker-дің VIRC акциясы бойынша 12 айлық таргеті - $7.