Инвестициялық шолу №343. «Буллдардың» оралуы

Оптимистер уақыты

Араб Әмірліктерінің қор индекстері АҚШ тың Ирандағы әскери операциясының аяқталатыны жөніндегі күтілімдер аясында белсенді өсім көрсетті

БАӘ нарығы

DFM General Index, динамикасы, 1 жыл

 

Abu Dhabi Securities Exchange index, 1 жыл

 

Кірістілігі, форвардтық мөлшерлеме 1м10л, БАӘ, 1 жыл

 

 

Brent маркалы мұнай, 1 жыл

 

6–20 сәуір аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің қор алаңдарында құбылмалылықтың күшеюі байқалды. Соған қарамастан, кезең негізгі индикаторлардың өсімімен аяқталды. Сауда динамикасына Парсы шығанағындағы шиеленістің уақытша бәсеңдеуі, сондай ақ Ормуз бұғазы арқылы жүк тасымалын қалпына келтіру мерзімі мен шарттарына қатысты белгісіздік әсер етті. Әлемдік деңгейде энерготасымалдаушылар бағасының түзетілуі және АҚШ ФРЖ сының пайыздық мөлшерлемелеріне қатысты күтулердің қайта қаралуы аясында БАӘ нарығындағы өсім әлемнің бірқатар жетекші қор алаңдарындағы көрсеткіштерден жоғары болды. Бұл инвесторлардың елдің макроэкономикалық тұрақтылығына деген сенімінің жоғары екенін айғақтайды.

Dubai Financial Market (DFM) индексі қаржы және құрылыс секторларына өтімділіктің ағылуы, сондай ақ логистикалық ағындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі жаңалықтар аясында 7,6%-ға өсіп, 5862 пунктке жетті. Abu Dhabi Securities Exchange (ADX) индексі 2,2%-ға көтеріліп, 9842 пункт деңгейінде қалыптасты.

Brent маркалы мұнай котировкаларының 13%-ға төмендеуі (баррелі $95 деңгейіне дейін) Ормуз бұғазының коммерциялық кеме қатынасы үшін ашылатыны жөніндегі күтулермен байланысты болды. Бұл жағдай көмірсутек шикізаты бағаларындағы геосаяси тәуекел үшін қосылған сыйақының күрт қысқаруына алып келді.

Өсім бойынша көшбасшы орташа кірістілігі 13,26% болған өнеркәсіптік сектор (Industrials) атанды. Ормуз бұғазының ашылуынан бенефициар саналатын Gulf Navigation Holding (+44,8%) пен әуе рейстерін қайта жандандырған Air Arabia (+27,8%) осы динамикаға ең үлкен үлес қосты. Жылжымайтын мүлік секторы (+7,14%) RAK Properties (+15%), Emaar Development (+13,4%) және Emaar Properties (+10,9%) акцияларының өсуі есебінен нығайды. Циклдік тұтыну тауарлары секторы (+6,88%) Taaleem Holdings (+13,3%) пен Parkin (+11,7%) компаниялары акцияларының оң динамикасы арқасында қолдау тапты.

Телекоммуникация саласының символикалық өсімі (+0,33%) оның қорғаныш сипатына байланысты болды. Ал энергетикалық сектордың (+0,08%) әлсіз динамикасы Ормуз бұғазының ашылуы күтілген жағдайда мұнай бағалары мен салалық акциялардағы геосаяси тәуекелге байланысты сыйақының төмендеуіне байланысты қалыптасты.

БАӘ нің мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 43 б.п.-қа төмендеп, 4,82% деңгейіне жетті, бұл бітімнен кейін аймақтық тәуекел сыйақысының қысқаруын көрсетеді. АҚШ тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының (treasuries) кірістілігі де 9 б.п.-қа төмендеп, 4,33% болды. Осы көрсеткіштердің арасындағы спред шамамен 82 б.п.-тан 49 б.п.-қа дейін тарылды, себебі нарық БАӘ активтеріндегі геосаяси тәуекелге байланысты сыйақының ішінара жойылуын ескере бастады. Дегенмен, сақталып отырған белгісіздікке байланысты 4,82% деңгейі тарихи өлшемдер бойынша әлі де жоғары болып қала береді.

Экономика жаңалықтары 

  • БАӘ Орталық банкі 2026 жылы ЖІӨ өсімі 5,6% деңгейінде болады деген болжамын растады. Бұл динамиканы қаржылық қызметтер, өндіріс және құрылыс секторлары қамтамасыз етеді. Эмираттар экономикасының мұнайға жатпайтын сегменті жалпы алғанда 4,5–5% шамасында өседі деп күтіледі, ал мұнай секторы OПЕК+ келісімі аясында өндіру квоталарының ұлғаюы есебінен қолдауға ие болады.
  • S&P Global компаниясының дерегі бойынша, БАӘ дегі бизнес-белсенділіктің композиттік индексі (PMI) наурыз айында ақпан айындағы 55 пункттен 52,9 пунктке дейін төмендеді — бұл 2021 жылдың шілдесінен бергі ең төмен көрсеткіш, алайда индекс әлі де өсу аймағында қалып отыр. Мұндай нәтиже Ормуз бұғазындағы шектеулер салдарынан жеткізу тізбектерінің бұзылуымен және логистикалық шығындардың қымбаттауымен түсіндіріледі. Бизнестің күту көрсеткіштері де соңғы бес жылдағы ең төмен деңгейге түсті. Соған қарамастан, талдаушылар бұғаз ашылғаннан кейін логистиканың қалпына келуіне қарай сәуір айында PMI көрсеткіші тұрақтанады деп күтеді.
  • БАӘ банктік жүйесінің жиынтық активтері Орталық банктің мәліметтері бойынша ақпанда айлық есеппен 1,1%-ға өсіп, $1,49 трлн құрады. Жалпы несиелік портфель 1,2% м/м ұлғайып, $716,1 млрд деңгейіне жетті. Ішкі кредиттеу көлемі $5,6 млрд болды. Депозиттер көлемі $925,8 млрд құрады, оның ішінде жеке сектордағы депозиттер — $632,2 млрд, бұл 2,2%-ға өсім көрсетті. Банктік сектордың капитал жеткіліктілігі коэффициенті 17%, ал өтімділікті жабу коэффициенті (LCR) 146,6%-дан жоғары, бұл жүйенің қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік қорының берік екенін айғақтайды.
  • Дубайдың Жер департаментінің (DLD) деректеріне сәйкес, бірінші тоқсанда жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелердің жалпы көлемі жылдық есеппен 31%-ға өсіп, $68,6 млрд-ты құрады (+ натуралдық мәнде 6%). Секторға салынған инвестициялар 22% ж/ж артып, $47,1 млрд деңгейіне жетті, ал жаңа инвесторлар саны 14% ж/ж көбейді. Люкс сегментінің көлемі $23,9 млрд деп бағаланады және ол саладағы баға өсімінің негізгі драйвері болып қалып отыр. Бұл сегментте off-plan мәмілелерінің үлесі жалпы көлемнің шамамен 70%-ына жетеді.

Компания жаңалықтары

  • Abu Dhabi Islamic Bank (ADX: ADIB, +10,95%) 14 сәуірде Dubai Hills Mall сауда орталығында жаңа бөлшек сауда филиалын ашты, осылайша бөлшек банкинг сегментіндегі географиялық экспансиясын жалғастырды.
  • Emaar Properties / Emaar Development (DFM: EMAAR / EMAARDEV) Дубай жылжымайтын мүлік нарығындағы рекордтық көрсеткіштерден тікелей пайда көрді. 17 сәуірде нарықта, әсіресе The Oasis жобасы аясында, Emaar компаниясының виллалар мен апартаменттер сегментіндегі жобаларына тұрақты сұраныс тіркелді.
  • Multiply Group (ADX: MULTIPLY, +11,57%) International Holding Company (IHC) бақылауындағы 2PointZero және Ghitha Holding компанияларын сатып алатынын мәлімдеді. Мәміле IHC пайдасына 23,36 млрд жаңа акция шығару арқылы, жалпы сомасы $19,7 млрд болатын акция алмасу (share swap) тетігімен жүзеге асады.
    Мәміленің мақсаты — энергетика, азық-түлік, логистика, қаптама, тау-кен өндірісі және медиа салаларын қамтитын, шамамен $32,6 млрд болатын әртараптандырылған инвестициялық холдинг құру.
  •  SHUAA Capital (DFM: SHUAA, +18,54%) Gate Capital компаниясымен бірлесіп Сауд Арабиясында жанармайды бөлшек сату жөніндегі алғашқы платформаны іске қосатынын хабарлады. Бұл стратегиялық маңызы бар жоба БАӘ ден тыс нарықтарға экспансиялау аясында жүзеге асырылуда. 25 сәуірге компанияның 2025 жылға арналған қаржылық нәтижелерін бағалау күн тәртібіне қойылған акционерлер жиналысы жоспарланған.

Алдағы екі аптаға күтулер

Біздің базалық болжамымызға сәйкес, АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату режимі уақыт өте келе неғұрлым тұрақты бітімге ұласып, ал Ормуз бұғазы толықтай ашылады деп күтіледі. Осы жағдайда мұнай бағасы баррель үшін $95 деңгейінен төмендейді, ал БАӘ пайыздық мөлшерлемелеріндегі тәуекелге байланысты сыйақы одан әрі тарылуын жалғастырады. БАӘ банк секторы жоғары өтімділік деңгейі мен несиелік портфельдің өсуін жалғастыруының арқасында негізгі бенефициар болып қала береді. Жылжымайтын мүлік нарығы құрылымдық тұрғыда қолдауға ие: Дубай мен Абу Дабидегі бірінші тоқсандағы рекордтық нәтижелер инвесторлар сұранысының тұрақтылығын растады. Ал өнеркәсіптік және теңіз көлігі секторы логистиканың қалпына келуінен тікелей пайда көретін негізгі бенефициарлар қатарында.

Пессимистік сценарийде бітімнің бұзылуы немесе Ормуз бұғазының қайтадан жабылуы нарықтарда қайталанған түзетуге алып келуі мүмкін. Теріс ахуалға ең осал секторлар - қарыз жүктемесі жоғары девелоперлер, несиелік портфелінің едәуір бөлігі жылжымайтын мүлікке шоғырланған банктер, сондай ақ авиация және логистика салалары болмақ.БАӘ қор алаңдарындағы динамикаға  АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты жаңалықтар және Ормуз бұғазының мәртебесі, мамыр айының басында жарияланатын сәуір айына арналған PMI деректері, сондай ақ Дубай мен Абу Дабидегі жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сәуір айының статистикасы ықпал ететін болады.

Котировкаларға орта мерзімді қысым көрсететін негізгі фактор ретінде ұсыныстың қалыпқа келуі қала береді: Ормуз бұғазының ашылуы Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ және Кувейттен экспорт көлемдерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!