Инвестициялық шолу №341. Айқын да таңғаларлық

Вадим Меркулов

Вадим Меркулов

Freedom Finance Global Талдау департаментінің директоры

Everus Construction Group. ЖИ-ге арналған энергия

ECG акциялары сатып алуға тартымды, олардың нысаналы бағасы – $138

АҚШ инвестидеясы

Компания жайында

Everus Construction Group (ECG) екі негізгі сегменттің тоғысындағы нарықта жұмыс істейді — деректер орталықтарын салу және энергия жүйелерін жаңғырту. Бұл бағыттарда сұраныс жасанды интеллект технологияларының дамуы мен электр энергиясын тұтынудың артуы есебінен тұрақты түрде өсіп келеді. Компания жобаларының портфелінде күрделі әрі стратегиялық маңызды нысандардың үлесі артып отыр, бұл оның рентабельдігін де, бизнесінің тұрақтылығын да күшейтеді. Сонымен бірге энергетикалық компаниялармен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттар ECG-ге тұрақты жүктемені және кірістің болжамдылығын қамтамасыз етеді.

Тикері ECG
Талдау сәтіндегі акция бағасы $117,27
Акциялардың мақсатты бағасы $138,00
Өсу әлеуеті 18%

 

Индекстерге
қарсы науқан
Күн Апта Ай Тоқсан Жыл
ECG 5,7%  2,4%  10,5%  30,4%  199,1% 
S&P 500 1,1%  (1,8%) (3,8%) (4,8%) 16,1% 
Russell 2000 2,3%  (0,4%) (4,8%) (1,8%) 21,3% 
DJ Industrial Average 1,4%  (1,6%) (5,3%) (4,6%) 10,1% 
NASDAQ Composite Index 1,4%  (1,9%) (3,0%) (6,9%) 23,4% 

 

ECG баға белгілеу динамикасы, $

 

Негізгі инвестициялық тезистер

Everus Construction компаниясының қаржылық көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың төртінші тоқсанында компанияның кірісі жылдық есепте 33%-ға өсіп, 1 млрд долларға жетті, ал жыл қорытындысы бойынша кіріс 31,5%-ға артып, 3,75 млрд долларды құрады. Қаржылық нәтижелердің жақсаруы операциялық көрсеткіштердің өсуімен қатар жүріп отыр және бизнестің негізгі драйвері болып саналатын E&M сегментіндегі жобалардың белсенді жүзеге асырылуын көрсетеді. Компания басшылығының ағымдағы жылға берген гайденсінде кірістің 4,1–4,2 млрд долларға дейін өсуі жоспарланған, бұл Everus Construction компаниясына деген жоғары сұраныстың сақталып отырғанын және өндірістік қуаттардың жоғары жүктемеде екенін дәлелдейді.

Компанияның рентабельділігін арттырудың негізгі драйвері ретінде дата орталықтардың дамуы ерекше рөл атқарып отыр. Ірі есептеу орталықтары мен жасанды интеллект технологияларына арналған инфрақұрылым құруға байланысты жобалар неғұрлым күрделі инженерлік шешімдерді, жоғары сенімділікті және қысқа мерзімде орындалуды талап етеді. Бұл контракттардың құнын арттырады және бағаға қысымды төмендетеді. Бұл үрдіс қазірдің өзінде Everus Construction нәтижелерінен көрініс табуда. Өткен жылдың төртінші тоқсанында дата орталықтарды қамтитын E&M сегментінің кірісі 44%-ға өсіп, 792 млн долларға жетті, бөлімшенің EBITDA көрсеткіші 57%-ға ұлғайды, ал маржа 8,5%-ға дейін көтерілді. Осылайша, компания кірісіндегі дата орталықтар үлесінің кеңеюі тек өсу қарқынын жеделдетіп қана қоймай, сонымен бірге оның табысының сапасын да жақсартады.

Компания кірісінің болжамдылығы мен тұрақтылығы оның бэклогы есебінен қамтамасыз етіледі. Тапсырыстардың жалпы көлемі 3,2 млрд долларға жетті (+16% жылдық өсім), бұл алдағы кезеңдердегі кірістің елеулі бөлігін жабуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар T&D сегменті 40%-ға кеңейді, бұл желілерді жаңғыртуға бағытталған инвестициялардың өсуін көрсетеді, ал E&M сегменті 13%-ға ұлғайды, бұл дата орталықтар құрылысы бойынша жоғары белсенділіктің сақталғанын дәлелдейді. Мұндай тапсырыстар құрылымы компанияның өндірістік қуаттарын тұрақты түрде жүктеп, алдағы 12–24 айда Everus Construction қаржылық көрсеткіштерінің әрі қарай өсуіне негіз қалайды.

ECG акциялары бойынша ұсыныс— «сатып алуды» ұсынамыз, мақсатты бағы — $138. Stop-loss деңгейін $104 деңгейінде орнатуды ұсынамыз.

 

Коэффициенттерді талдау 2024A 2025A 2026E 2027E 2028E 2029E 2030E
ROE 32,9% 38,3% 28,3% 26,0% 23,2% 21,4% 19,9%
ROA 12,3% 13,4% 11,3% 12,0% 11,6% 11,9% 12,1%
ROCE 20,0% 22,8% 19,3% 19,6% 20,2% 20,6% 19,3%
Түсім/Активтер (x) 2,43x 2,48x 2,26x 2,22x 2,12x 2,13x 2,12x
Пайыздарды жабу
коэффициенті (x)
2,3x 13,3x 18,5x 24,2x 27,3x 57,9x N/A
Маржиналдық,% -бен 2024A 2025A 2026E 2027E 2028E 2029E 2030E
Жалпы маржа 12% 12% 12% 12% 12% 12% 12%
EBITDA бойынша маржа 8% 9% 8% 8% 9% 9% 9%
Таза пайда бойынша маржа 5% 5% 5% 5% 5% 6% 6%
Қаржылық көрсеткіштер, $ млн 2024A 2025A 2026E 2027E 2028E 2029E 2030E
Табыс 2 850 3 746 4 160 4 685 5 070 5 374 5 696
Негізгі шығындар -2 510 -3 292 -3 677 -4 136 -4 470 -4 739 -5 023
Жалпы пайда 339 454 483 549 599 635 673
Өткізу, жалпы және әкімшілік шығындар -150 -189 -212 -225 -244 -258 -274
EBITDA 230 323 330 396 439 471 504
Амортизация -25 -29 -36 -45 -53 -61 -69
EBIT 190 265 271 324 355 377 399
Пайыздық төлемдер (кірістер) -14 -20 -15 -13 -13 -7 0
EBT 193 274 279 338 373 403 435
Салықтар 50 72 71 86 95 102 110
Таза пайда 143 202 209 252 278 301 325
Негізгі бір акцияға шаққандағы пайда $2,81 $3,94 $4,07 $4,93 $5,65 $6,36 $7,15
Бір акцияға шаққандағы дивиденд $0,00 $0,00 $0,00 $0,00 $0,32 $0,36 $0,41

     

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!