Инвестициялық шолу №353. Жаңа бағдарларды іздеу

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Нарық күткеннен де тұрақты

Ең маңыздысы

ФРЖ-ның жаңа басшысы Кевин Уорштың Джексон-Хоулдағы беделді симпозиумдағы алғашқы сөзін нарық қатысушылары үлкен үмітпен күтті. Баршаны пайыздық мөлшерлемеге не болатыны және оны қашан өзгерту жоспарланып отырғаны қызықтырды. Алайда спикер соңғы жылдары қалыптасқан, реттеуші инвесторларды келесі шешіміне алдын ала дайындап отыратын әдеттегі тәсілден тағы да бас тартты. Уорштың пікірінше, нарық қатысушылары әрбір мәмілені Орталық банк басшысының кезекті мәлімдемесіне негіздемей, дербес әрекет етуі керек. Бір қарағанда бұл қауіпті тәсіл болып көрінеді, өйткені ФРЖ тарапынан ишаралар неғұрлым аз болса, белгісіздік соғұрлым жоғары болады. Реттеуші төрағасының сөзінен кейін алдағы отырыста мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығы шамамен 40%-дан 60%-ға дейін өсті, ал екі жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі 4,24%-дан 4,36%-ға дейін көтерілді. Сонымен қатар VIX «қорқыныш индексі» тамыздың соңғы аптасын 14,5 тармақтан төмен деңгейде аяқтады, яғни жылдық ең төменгі көрсеткішке жақын болды. Облигациялар нарығындағы құбылмалылық та төмендеді. Соның нәтижесінде инвесторлар бұрыннан ұмыт болған жағдайға тап болды: белгісіздік жоғары болғанымен, нарықтар оған дайын.

Менің ойымша, бұл монетарлық саясат құралдарының жетілдірілуін білдіреді. Соңғы жылдары инвесторлар ФРЖ-ға белгілі бір деңгейде тәуелді болып қалды: реттеуші болжам береді, нарық бағаларды соған қарай қайта қалыптастырады, ал кейін сол бағаларды реттеушінің өзі қаржылық жағдайлардың индикаторы ретінде қарастырады. Нәтижесінде ықпал ету деңгейі анық емес тұйық шеңбер пайда болады, ал Уорш осы шеңберді бұзуға ниетті. Соның арқасында ФРЖ нарықтың барлық қатысушыларының реакциясын дәлірек бағалай алады. Бұл реакция тек «Федке қарсы шықпа» қағидатына ғана емес, сонымен қатар басқа нарық қатысушыларының әрекеттеріне, макроэкономикалық деректерге және өзге де факторларға негізделеді.

Әрине, мөлшерлеменің көтерілуі биржа ойыншылары тарапынан жағымсыз реакция туғызуы мүмкін. Алайда Freedom талдаушылары келесі аптада мөлшерлеменің төмендеуін күтпейді. Біріншіден, бағаның әлі де жоғары өсіп отырған қарқыны инфляциялық күтулерге айтарлықтай әсер етпей отыр. Екіншіден, Уорштың негізгі идеясы нарықтың реттеушінің сигналдарын дәлірек түсіндіруге тырысуы керек дегенге саяды. Мұны нарық күткенге қарама-қарсы шешім қабылдау арқылы, яғни ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатудан бас тарту арқылы бекітуге болады. Үшіншіден, қазіргі уақытта қаржылық жағдайлар онсыз да жеткілікті қатаң, өйткені нарық инфляция қаупін емес, қарыз мәселесін бағаларға енгізіп қойған. Соның нәтижесінде негізгі мөлшерлеме өзгермесе де облигациялар кірістілігі өсті, ал жыл басынан бері қазынашылық облигациялар кірістілігінің бүкіл қисығы бойынша өсім 40-тан 100 базистік тармаққа дейін жетті. Сондықтан мөлшерлеме 25 базистік тармаққа көтерілген күннің өзінде, бұл облигациялар кірістілігіне де, акциялар нарығына да айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін.

Сонымен қатар, ФРЖ-ның «бұлдыр» коммуникациясы аясында құбылмалылықтың артуы заңды құбылыс болуы мүмкін. Дегенмен опциондар нарығы қазіргі таңда инвесторлардың қорқынышы негізінен болашақ кезеңдерге шегерілгенін көрсетеді. S&P 500 индексінің қысқа мерзімді құбылмалылығы жыл басынан бергі ең төмен деңгейлерге жақын, ал котировкалардың бір жылдық және бір айлық ауытқу ауқымының арасындағы айырмашылық тарихи рекордтық деңгейге жетті. Оның себебі туралы біз алдыңғы шолуда айтқан болатынбыз. Бұл – қарыз көлемінің ұлғаюы және оны ұзақ мерзімде қызмет көрсетуге байланысты мәселелер. Ал қысқа мерзімді құбылмалылық, керісінше, өсті. Сонымен қатар келесі аптада мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығы да артты. Дәл осы нәтижеге Уорш қол жеткізгісі келген болатын: реттеушінің тікелей нұсқауынан туындамаған нарықтық сигналдар оның жұмысы үшін пайдалы ақпарат көзі бола алады.

Қазіргі таңда АҚШ экономикасы барлық қиындықтарға қарамастан салыстырмалы түрде тұрақты күйде қалып отыр. Ал экономикалық өсім жағдайында мөлшерлемені көтеру кез келген макроэкономика оқулығындағы базалық қағидалардың бірі болып саналады. Бұған рекордтық корпоративтік табыстар да нақты дәлел болып отыр. Алайда АҚШ-тың негізгі қор индексінің өсу үрдісінің жалғасатынына күмәніңіз болса, S&P 500 ETF (SPY) қорына арналған put-опциондар арқылы сақтандыруды қарастыруға болады. Қазіргі уақытта мұндай опциондардың құны, әсіресе маусымдық факторларды ескергенде, салыстырмалы түрде төмен деңгейде. Тарихи тұрғыдан қыркүйек жылдағы ең әлсіз айлардың бірі саналады. Сондықтан ағымдағы деңгейлерге жақын бағамен екі айлық экспирациясы бар put-опциондарға портфель құнының шамамен 1–2%-ын бөлу қолданыстағы позицияларды тиімді сақтандыру әдісі болуы мүмкін. Бұл ретте портфельдегі индекстік бағалы қағаздарды сатудың қажеті болмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!