Инвестициялық шолу №356. Құндылықтарды қайта бағалау

Вадим Меркулов

Вадим Меркулов

Freedom Finance Global аналитикалық департаментінің директоры

Block. Қаржыдағы жайлылық

XYZ акциялары мақсатты бағасы $105 деңгейінде болғандықтан, инвестициялау үшін тартымды

АҚШ инвестидеясы

Компания туралы

Block (XYZ) — 2009 жылы негізі қаланған америкалық финтех-компания, корпоративтік және жеке пайдаланушыларға арналған қызметтер экожүйесін құрған. Block бизнестің екі негізгі сегментін дамытады: Square — мерчанттарға (онлайн режимде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайтын сатушыларға) арналған төлем, бағдарламалық және қаржылық шешімдер, Cash App — тұтынушыларға арналған қаржылық платформа. Square шамамен 4 млн клиентке қызмет көрсетеді. Cash App арқылы жеке тұлғалар бір-біріне ақша аудара алады (P2P), дебеттік карталар шығара алады, инвестиция жасай алады, несие алып, оған қызмет көрсете алады, сондай-ақ сатып алулар үшін бөліп төлеу мүмкіндігін (BNPL моделі бойынша) пайдалана алады. Екінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша бұл платформаны ай сайын 59 млн адам пайдаланған.

Block акцияларының мақсатты бағасы және өсу әлеуеті

Block акцияларының индекстерге қатысты динамикасы

XYZ акцияларының динамикасы, $

Block акцияларының динамикасы

Негізгі инвестициялық тезистер

Сату арналарының кеңеюі және қоғамдық тамақтану саласына арналған шешімдерді жетілдіру. Сәуір мен қыркүйек аралығында Square бөлімшесінің төлемдерінің жиынтық көлемі (GPV) жылдық мәнде 13%-ға өсті, ал АҚШ-тағы өсім соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгей болып саналатын 10%-ға дейін жеделдеді. Мейрамхана сегментінде көрсеткіш 20%-ға артты, ал орта бизнес сегментіндегі өсім қарқыны бұл деңгейден де асты. Тікелей сатулар командалары мен тәуелсіз сауда ұйымдары (ISO) серіктестік желісінің кеңеюі, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру және жабдықтарды жаңғырту жаңа мерчанттарды тартуға әрі Square-дің бәсекелік позицияларын нығайтуға ықпал етуде. GPV динамикасының озық индикаторы саналатын New Volume Added көрсеткішінің жеделдеуі төлем көлемдерін одан әрі арттыру әлеуетінің бар екенін көрсетеді. Біз клиенттік базаның кеңеюі және платформаның қаржылық сервистерін белсендірек пайдалану есебінен 2027 жылы Square сегментінің жалпы пайдасы тұрақты түрде екі таңбалы қарқынмен өседі деп күтеміз.

Несиелеудің қалыпты деңгейге келуі және төлем белсенділігін монетизациялау ауқымының кеңеюі. Екінші тоқсанда Cash App сегментінің жалпы пайдасы жылдық мәнде 31%-ға өсті, ал сервистің карталары бойынша шығыстар көлемі 20%-дан астам ұлғайып, АҚШ нарығындағы осы төлем бағытының орташа көрсеткішінен айтарлықтай жоғары болды. Монетизацияны арттырудың қосымша әлеуеті жылына бір клиенттен шамамен 300 доллар табыс әкелетін Primary Banking Active пайдаланушылары санының өсуімен байланысты. Салыстыру үшін, P2P аударымдарын пайдаланушылардан түсетін жылдық табыс шамамен 20 долларды құрайды. Cash App Green қызметін дамыту, Afterpay сервисін Cash App Card-пен біріктіру және 6–12 жас аралығындағы балаларға арналған Managed Accounts есептік жазбаларын іске қосу пайдаланушылардың белсенділігін арттырып, сервистің транзакциялық кірістерінің өсуін қолдауы тиіс. Cash App Borrow бойынша комиссияның 5%-дан 7,5%-ға дейін көтерілуі және қарыз мерзімінің төрт аптадан алты аптаға дейін ұзартылуы несиелеу бағытының рентабельділігін жақсартуы мүмкін. Біз несиелік бағыттағы өсім қарқынының баяулауын және жалпы пайданың көздері әртараптандырылатынын болжаймыз. Бұл инвесторлардың несиелік тәуекелдерге қатысты алаңдаушылығын азайтуы тиіс.

XYZ акциясы бойынша мақсатты баға – 105 АҚШ доллары, ұсыным – «сатып алу». Стоп-лосс деңгейін 45 АҚШ доллары белгісінде орнатуды ұсынамыз.

Block қаржылық коэффициенттері

Block маржиналдылығы

Block қаржылық көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!