Инвестициялық шолу №358. ЖИ скептиктерінің уақыты

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

Freedom жаңалықтары

Freedom табысын арттырып, клиенттік базасын кеңейтуді жалғастыруда

Freedom Holding Corp. 2026 күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған қаржы жылының екінші тоқсаны бойынша қаржылық нәтижелерін ұсынды.

Қаржылық нәтижелері

Есепті кезеңдегі Freedom Holding Corp.-тың жиынтық кірісі $910,1 млн-ды құрады, бұл бір жыл бұрынғы $503,6 млн көрсеткіштен жоғары. Өсім сақтандыру қызметінен түскен таза кіріс, пайыздық кірістер, тауарлар мен қызметтерді өткізуден түскен кірістер, сондай-ақ бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялардан алынған таза пайда есебінен қамтамасыз етілді. Салық салынғанға дейінгі пайда $50,2 млн деңгейінде тіркелсе, таза пайда $46,1 млн-ға жетті. Бір жай акцияға шаққандағы пайда $0,77 болды.

2027 қаржы жылының алғашқы алты айында (2026 жылғы 1 сәуір мен 30 қыркүйек аралығы) холдингтің жиынтық кірісі $1642,6 млн-ды, ал таза пайдасы $77,7 млн-ды құрады.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша ақшалай қаражат пен олардың баламаларының, шектеулі қаражаттың және инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі $8,4 млрд-қа тең болды. Жиынтық активтер $16,6 млрд көлемінде бағаланса, акционерлердің меншікті капиталы $2 млрд-қа жетті.

Клиенттік база

Freedom Holding Corp. құрамына кіретін компаниялардың клиенттік базасы 2026 жылғы 30 маусымдағы 8,7 млн клиенттен 9,3 млн клиентке дейін өсті. Брокерлік шоттар саны 907 мыңды, сақтандыру сегментіндегі клиенттер саны 878 мыңды құрады, ал қаржылық емес компаниялардың клиенттік базасы 1 553 мың адамға бағаланды. Freedom SuperApp банктік мобильді қосымшасын 6,4 млн адам пайдаланды.

Серіктес компаниялардың пайдаланушыларын қоса есептегенде, Freedom экожүйесінің клиенттерінің жалпы саны 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 14,3 млн адамға жетті.

Нарықтық жетістіктері

Компанияның маркет-мейкер ретіндегі рөлі де оның нарықтағы позицияларының нығаюын көрсетеді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Freedom Инвестиции Қазақстан қор биржасында (KASE) бағалы қағаздардың 472 атауы бойынша, Astana International Exchange (AIX) алаңында 91 атауы бойынша және ITS биржасында 2 838 атауы бойынша өтімділікті қолдап отырды.

Есепті тоқсанда компанияның қызметі салалық деңгейде де жоғары бағаланды: Freedom Finance Global Еуро-Азиялық қор биржалары федерациясының (FEAS) Champions League Award 2026 сыйлығының «Тіркелген кіріс нарығы» номинациясы бойынша күміс жүлдесіне ие болды. Бұл сыйлық федерацияға мүше елдердің қор және облигациялық нарықтарындағы қызметінің нәтижелері бойынша бағаланған нарық қатысушыларына табысталады. Аталған марапат компанияның борыштық құралдар сегментіндегі нәтижелерін және капитал нарығын дамытуға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болды.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!