Инвестициялық шолу №358. ЖИ скептиктерінің уақыты

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

NVIDIA. Тамаша дәуірдің соңы

Ең маңыздысы

17 қарашада NVIDIA (NVDA) 2027 қаржы жылының (ҚЖ) үшінші тоқсаны бойынша есебін жариялады. Бұл Дженсен Хуангтың CEO қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы есеп болды. Есепті кезеңде компанияның кірісі 103%-ға өсіп, $115,8 млрд-қа жетті, ал деректер орталықтары $107,6 млрд табыс әкелді. Түзетілген бір акцияға шаққандағы пайда (EPS) $2,68 болды, ал жалпы маржа 75%-ға жуықтады. Ағымдағы тоқсанға арналған болжамда сатылым көлемі $130 млрд деңгейінде қарастырылған, ал 2028 қаржы жылындағы кіріс өсімі 75% болады деп күтілуде (бұған дейінгі болжам: шамамен $70 млрд). Компания бизнесі бұрынғыдан да тартымды көрінеді. Қазанның басында тіркелген тарихи максимумнан шамамен 30%-ға түзетілгеніне қарамастан, алдағы бір жылға қатысты күтулерім оң болып қала береді. Өнімдерді әзірлеу мен өндірістік қуаттарды құруға жылдар қажет, ал есептеу процестерін балама платформаларға көшіру үшін уақыт пен қаржы керек. NVIDIA бас директорының кетуі компанияның қалыптасқан әлеуетін бірден жоққа шығармайды. Алайда табысты бір жыл ұзақ мерзімді артықшылықтардың сақталуына кепілдік бермейді, оған бірнеше себеп бар.

Хуангтың басшылығы кезінде-ақ саладағы бәсекелестік күшейе бастаған еді. (GOOGL) мен (AMZN) есептеулерден түсетін пайданың көбірек бөлігін өзінде қалдыру үшін TPU атты жеке чиптерін әзірлеуде. NVIDIA-ның жауабы жаңа GPU үлгілерін шығарумен ғана шектелген жоқ. Компания өз чиптері жұмыс істейтін инфрақұрылымды қаржыландыруға көмектесіп, сатып алушылар шеңберін кеңейтті. OpenAI үшін жүзеге асырылып жатқан SB Energy жобасы бойынша NVIDIA-ның ең жоғары кепілдігі $105 млрд-қа жетеді. Компания болашақ нарықтың қалыптасуын жеделдету және ірі ойыншыларды өз инфрақұрылымына тәуелді ету үшін қаржылық тәуекелді өз мойнына алды. Алайда бұл күш-жігерге қарамастан, бәсекелестер де корпорацияны өкшелеп қуып келеді. Біздің бағалауымыз бойынша, (AMD) компаниясының жасанды интеллект үдеткіштері нарығындағы үлесі 2022 жылғы 2%-дан 2026 жылы 7–10%-ға дейін өсті.

Бұл бәсекелік күрестің құны қаржылық есептіліктен анық көрінеді. Түзетілген таза пайда $64,9 млрд болғанына қарамастан, еркін ақша ағыны $43,8 млрд деңгейінде қалыптасты. Бір тоқсан ішінде дебиторлық берешек $18 млрд-қа өсіп, $81 млрд-қа жетті, ал төлем мерзімі 60 күннен 64 күнге дейін ұзарды. Яғни, NVIDIA танылған кіріс бойынша төлемдерді бұрынғыдан ұзағырақ күтетін болды. Компанияның уақытша CEO-сы әрі қаржы директоры Колетт Кресс үшін бұл мәселелер Дженсен Хуангқа қарағанда әлдеқайда маңызды болмақ.

Жанжалдан кейін басшылықтың ынталандырулары өзгерді. Болжалды тыңшылық туралы хабарламалар бұл оқиғаны ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналдырды. Конгресс түсініктеме талап етті, ал директорлар кеңесі экспорттық бақылау жөніндегі комитет құрды. Компанияның уақытша CEO-сы Колетт Кресс капиталды пайдаланудағы тәртіпті күшейтуге уәде беріп отыр, дегенмен әзірге қаржыландыру саясаты өзгермейтінін мәлімдеуде. Меніңше, ендігі басты басымдық сенімді қалпына келтіру болмақ: NVIDIA «байсалдырақ» компания болуға ұмтылады, ал жаңа ірі мәмілелер қатаң іріктеуден өтіп, түрлі бюрократиялық рәсімдермен сүйемелденетін болады.

Тепе-теңдік тұрғысынан бұл компанияның балансы үшін пайдалы. Алайда сақтықтың да өзіндік бәсекелік құны бар. NVIDIA дата-орталықтар мен ЖИ зертханаларының құрылысына инвестиция сала отырып, өз платформасына қаржысы жеткіліксіз клиенттерді тартты. Мұндай қолдаудың әлсіреуі әрі капиталы, әрі өз үдеткіштері бар ірі бұлтты провайдерлердің позициясын күшейтуі мүмкін. Менің негізгі сценарийім бойынша, NVIDIA нарықтағы көшбасшылығын сақтап қалады және келесі жылғы нәтижелері де мықты болады. Дегенмен үш-бес жылдық көкжиекте бәсекелестерден алшақтығы мен баға премиясы қысқаруы ықтимал. CUDA платформасы мен инженерлік командасы бизнесті әлі де сенімді қорғайды, бірақ анағұрлым сақ басшылыққа Хуангтың компанияға тұтас индустрияны қалыптастыруға мүмкіндік берген батыл қадамдарын қайталау қиынға соғады. Бір нәрсені нық сеніммен айтуға болады: NVIDIA-ның келесі CEO-сы конференциялардан кейін жасанды интеллект революциясының жанкүйерлерінің көйлегіне қолтаңба қалдыратын былғары күртешелі рок-жұлдызға ұқсамайды. Ол дәуір артта қалды.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!