Freedom Broker компаниясында экономикалық профильді қалай толтыру керек

22 ақпан 2024, 12:46

Құрметті инвесторлар, қолданыстағы заңнама және бағалы қағаздар нарығын реттеу қағидалары сіздің «Экономикалық профиль» сауалнамасын толтыруыңызды талап етеді.

Бұл Freedom Broker компаниясына сіздің қаржы нарықтары саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңізді бағалауға көмектеседі. Осылайша біз сіздің мүддеңізге сай іс-қимыл жасау үшін сізге ұсынылатын қаржы құралдары мен қызметтердің қолайлы не қолайсыз екенін анықтай аламыз.

Сіз сауалнаманың сұрақтарына онлайн жауап бере аласыз.

1-қадам. Tradernet.Global мобильді қолданбасына кіріңіз

2-қадам. «Мәзір – Саудаға жатпайтын тапсырмалар» бөліміне өтіңіз.

«Дербес деректер» секциясында «Экономикалық профиль» батырмасын басыңыз. Қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.

МАҢЫЗДЫ: «Дербес деректер» секциясында сондай-ақ «Инвестициялық портфель» тармағы бар. Оны міндетті түрде толтырудың қажеті жоқ, тек «Экономикалық профильді» толтыру қажет.

3-қадам. Өзіңіздің біліміңіз, инвестициялаудағы тәжірибеңіз және әртүрлі қаржы құралдарымен жұмыс жасағаныңыз туралы барлық деректі толтырыңыз. Инвестициялық мақсаттарыңызды және инвестициялау бойынша қандай сома керектігін көрсетіңіз.

Барлық тармақтан мұқият өтіп, деректердің барлығын енгізіңіз.

4-қадам. «Растау» батырмасын басып, тапсырманы жіберіңіз. Дайын!

Қазақстан Республикасы Freedom Broker, 050040, Алматы қаласы, Аль-Фараби 77/7 даңғылы, «Esentai Tower» БО, 3 және 7 қабаттар

+7 727 355 75 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555 * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: [email protected]

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді