Купондар

Жаңартылды 22.09.2026

Купондар - эмитент облигация ұстаушыларға төлейтін пайыздық табыс.

Купондарды төлеу және облигацияларды өтеу корпоративтік әрекеттерге жатады: олар шығару шарттарымен айқындалады және Сіздің портфеліңіздегі кіріс алуға және бағалы қағаздардың айналымына әсер етеді.

Купондар мен өтеу бойынша корпоративтік іс-қимылдардың негізгі түрлері:



1. INTR - купондық кірісті төлеу (корпоративтік әрекет: купон).


Эмитент облигацияларды ұстаушыларға пайыздық кіріс төлейді.

Купонды эмитент белгілеген күнге тізілімде тіркелген инвесторлар алады. Төлемдердің кестесі мен мөлшері шығару шарттарымен айқындалады (мысалы, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет).

Табыс орнықты немесе құбылмалы болуы мүмкін (егер бұл шығарылыммен көзделген болса) және автоматты түрде Сіздің брокерлік шотыңызға түседі.



2. REDM - облигацияларды өтеу (сатып алу) (корпоративтік әрекет: өтеу).


Эмитент немесе басқарушы компания инвесторларға салынған қаражатты қайтарады, содан кейін облигация одан әрі айналысын тоқтатады.

Өтеу шығару жағдайында көрсетілген күні жүргізіледі. Инвестор облигацияның номиналды құнын және соңғы купонды (егер бұл көзделсе) алады.

Өтеу жоспарлы немесе мерзімінен бұрын - мысалы, оферта шеңберінде немесе эмитенттің бастамасы бойынша болуы мүмкін.



3. PRED - номиналды азайтусыз ішінара өтеу (корпоративтік әрекет: ішінара өтеу).


Эмитент инвесторларға салынған қаражаттың бір бөлігін қайтарады, бұл ретте облигацияның номиналды құны өзгермейді.

Қағаз бұрынғы шарттарда, номиналды түзетусіз айналыста болады.



4. PCAL - номиналын азайта отырып, мерзімінен бұрын ішінара сатып алу (корпоративтік әрекет: мерзімінен бұрын ішінара өтеу).


Эмитент өтеу мерзімі басталғанға дейін облигациялардың бір бөлігін сатып алады және бір уақытта қалған қағаздардың номиналды құнын төмендетеді. Нәтижесінде шығарылымның жалпы көлемі азаяды, ал айналыстағы облигациялардың номиналы түзетіледі.



5. MCAL - мерзімінен бұрын міндетті өтеу (корпоративтік әрекет: мерзімінен бұрын өтеу).

Эмитент немесе оның агенті бағалы қағаздардың (облигациялардың немесе артықшылықты акциялардың) барлық шығарылымын түпкілікті өтеу күніне дейін толық сатып алады.Осыдан кейін шығарылым айналысын тоқтатады.



6. PDEF - кері сатып алумен ішінара өтеу (корпоративтік әрекет: ішінара сатып алу/өтеу).


Эмитент инвесторлардан шығарылған бағалы қағаздардың бiр бөлiгiн өтеу мерзiмi басталғанға дейiн сатып алады.

Кері сатып алу нарықтық бағамен биржа арқылы немесе офертамен - алдын ала жарияланған бағамен өтуі мүмкін. Шығарылымның бір бөлігі ғана өтеледі. Қалған бағалы қағаздардың номиналы мен айналыс шарттары өзгермейді.



7. BPUT - инвестордың таңдауы бойынша мерзімінен бұрын өтеу (корпоративтік әрекет: инвестордың бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу).


Егер бұл шығару шарттарында көзделген болса, инвестор облигацияны мерзiмiнен бұрын өтеуге ұсына алады. Эмитент облигацияны сатып алады және төлемдi алдын ала белгiленген шарттармен жүргiзедi.



Нені білген маңызды


Аталған операциялардың барлығы - бұл эмитент бастамашылық ететін немесе облигациялар шығару шарттарында көзделген корпоративтік іс-әрекеттер.

«Брокердің есебінде» корпоративтік іс-әрекеттің түрі (дивидендтер, купон, өтеу, сплит және т.б.) көрсетіледі, ал төлемдердің сомалары мен күндері шығарылым құжаттамасында айқындалады.



Маңызды!

Осы бөлімде келтірілген «Freedom Finance PLC» жария компаниясы (бұдан әрі - Компания) ұсынған мысалдар гипотетикалық болып табылады, иллюстрациялық мақсаттарда ғана келтірілген және тиісті ережелерді жалпы түсіндіруге арналған. Көрсетілген мысалдар нақты мән-жайларға қолдануға арналмаған, Клиенттің жеке ерекшеліктері мен шарттарын ескермейді және қандай да бір инвестициялық немесе өзге де шешімдерді қабылдау үшін негіз ретінде қарастырылмайды.

Компания көрсетілген мәліметтердің дәлдігі, толықтығы және түсіндірілуі үшін, сондай-ақ Клиенттің оларды пайдалануға байланысты ықтимал шығындары үшін жауапты болмайды. Компания сондай-ақ осы ақпарат негізінде Клиент қабылдаған инвестициялық шешімдердің кез келген салдары үшін жауапты болмайды.
Тәуекелдер туралы толығырақ ақпаратты Компанияның ресми
сайтында орналастырылған Брокерлік қызметтер көрсету регламентіне 4-қосымшадан алуға болады.



Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!