Freedom Broker адалдық бағдарламасы: деңгейлер, Nomad баллы мен артықшылықтары

Жаңартылды 22.09.2026

Freedom Finance Global PLC компаниясының портфелі 5 000 $-ын құрайтын клиенттері Freedom Broker-дің адалдық бағдарламасына автоматты түрде қатысады. Бұл мақалада біз бағдарламаның барлық деңгейі мен қол жетімді артықшылықтары туралы айтып береміз.



Бағдарламаның деңгейлері

Деңгей
Портфель
(орташа айлық қалдық)
Бағалы қағаздармен жасалған
мәміле үшін Nomad балы
VIP Lounge
(Алматы)
Яндекс
Go
Standard
$5 000-на дейін
есептелмейді
-
-
Silver
$5 000 – $20 000
әрбір 70$ мәміле үшін 1 балл
-
-
Gold
$20 000 – $50 000
әрбір 50$ мәміле үшін 1 балл
-
-
Platinum
$50 000 – $300 000
әрбір 25$ мәміле үшін 1 балл
-
-
Priority
$300 000-бастап
әрбір 15$ мәміле үшін 1 балл
айына 1 рет
20 000 KZT-ға дейін



Деңгей қалай есептеледі

Деңгей әр айдың басында жаңартылып, алдыңғы айдағы активтердің орташа айлық қалдығына байланысты.

Орташа айлық қалдық айдың әр күні үшін күндер санына бөлінген активтер сомасы ретінде есептеледі.



Nomad балы: ол қалай жұмыс істейді?

Кімге қол жетімді:

Silver деңгейіндегі және одан жоғары клиенттерге (портфелі 5 000$-нан жоғары).


Не үшін есептеледі:

тек бағалы қағаздарды сатып алу (Buy / Long) мәмілелері үшін:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • опциондар.


Лимит:

айына 20 000 балға дейін.


Қашан есептеледі:

келесі айдың 5-іне дейін.


Қайда есептеледі:

Nomad Club (Air Astana) картасына.


Қайда жұмсауға болады:

  • әуе билеттері;
  • апгрейдтер;
  • орын таңдау;
  • әуе компаниясының қосымша көрсетілетін қызметтері.



Nomad балын қалай алуға болады?

  1. Silver деңгейіне және одан жоғары деңгейге жету (брокерлік шотқа 5 000 $-нан жоғары сома салу);
  2. Freedom Broker сайтында Nomad Club картасын байлау;
  3. брокерлік шоттың нөмірін көрсету.

Картаны байланбаса, балл есептелмейді.


Не себепті балл есептелмейді?

  • Silver-ден төмен деңгей (шотта 5000 $-нан аз);
  • Nomad Club картасы байланбаған немесе қате көрсетілген;
  • тек бағалы қағаздарды сату туралы мәмілелер болды (сатып алусыз);
  • айлық лимитке 20 000 балға жетті;
  • техникалық себептер.



VIP Lounge және Meet & Assist (Алматы)

Тек Priority деңгейі үшін қол жетімді (портфелі 300,000$-нан жоғары). Оған не кіреді:

Extime VIP Lounge-ге кіру (ұшып кету, 2-терминал);

Meet & Assist (ұшып келу).


Шектеу:

Айына 1 рет (1 адамға).


Қалай пайдалануға болады:

1. Freedom Broker сайтындағы үлгіні толтыру.

2. Көрсету:
• телефон нөмірі
• брокерлік шот
• рейс және күні

3. Өтінімді SMS-пен растау.

4. Расталғанын күте тұру.

Расталған өтінімсіз пайдалану мүмкін емес.



Яндекс Go-да өтемақысы

Тек Priority деңгейі үшін қол жетімді (портфелі 300 000 $-нан жоғары).


Лимит:

айына 20 000 KZT-ға дейін.


Қандай қызметтер үшін ақы төленеді:

  • Қазақстанда таксимен жүру;
  • тек Freedom Broker бизнес-аккаунт арқылы.


Қалай қосуға болады:

  1. Яндекс Go ашу.
  2. «Төлем тәсілдер» бөліміне өту.
  3. Freedom Broker-ді таңдау.

Телефон нөмірі брокерлік шотқа байланысты болуы керек.



Priority Бағдарламасы

Активі 300 000 $-нан басталатын клиенттерге мыналар беріледі:

  • дербес менеджер;
  • Nomad балын барынша көп есептеу;
  • VIP Lounge және Meet & Assist;
  • Yandex Go өтемақысы;
  • жабық іс-шараларға шақыру.

Қосылғаннан кейін менеджер клиентке хабарласып, көрсетілетін қызметтерді белсендіруге көмектеседі.



Артықшылықтардың қолданылу мерзімі

Артықшылықтар ай сайын қайта қаралады және қазіргі деңгейге байланысты. Егер активтер азайса немесе көтерілсе, қатысу деңгейі өзгеруі мүмкін.



Қайдан толығырақ білуге болады?

Бағдарлама туралы толығырақ сілтеме бойынша: fbroker.kz/products/loyalty

Nomad балдары туралы толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз: fbroker.kz/products/nomadclub

​


Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!