Арнайы жинақтаушы қосалқы шот (D-шот)

Жаңартылды 22.09.2026

Freedom Finance Global PLC компаниясында брокерлік (сауда) шот ашқан кезде сізге автоматты түрде арнайы жинақтаушықосалқы шот (D-шот) ашылады.


Сауда шоты арқылы сіз қор биржаларында бағалы қағазды сатып алу және сату сияқты мәмілелерді жасай аласыз.


D-шот — бұл арнайы жинақтаушы қосалқы шот, оны сауда шотын толықтыру, қаражатты сақтау және шығару үшін пайдалануға болады. Сауда шоты мен арнайы жинақтаушы D-шот арасындағы аударымдар дерлік бірден және комиссиясыз жүзеге асырылады.


Сондай-ақ сізге USD, KZT және EUR валюталарында ашылған D шотының қалдығына күнделікті кіріс келіп түседі. Freedom Finance Global PLC компаниясының сайтында қолданыстағы мөлшерлемелерді қарап, арнайы калькулятор арқылы әлеуетті кірісті есептей аласыз.


D-шотта USD, EUR, KZT валюталарында қаражат орналастыра отырып, клиент брокерге Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес және қолданыстағы табыстылық мөлшерлемелері бойынша клиент мүддесі үшін овернайт РЕПО мәмілелерін жасауға тапсырма береді.

Табыстылық SOFR* және EURIBOR** банкаралық мөлшерлемелеріне байланысты.



Ескерту!

​

*SOFR (Secured Overnight Financing Rate) — Нью-Йорк Федералды резервтік банкі жариялайтын кепілдендірілген түндік қаржыландыру мөлшерлемесі (Secured Overnight Financing Rate, SOFR), бұл мөлшерлеме Федералды резервтік банктің веб-сайтында жарияланып, мөлшерлеме әкімшісі немесе оның құқықтық мұрагері ретінде атқарылады.


*Euribor (The Euro Interbank Offered Rate) — Еуропалық ақша нарықтары институты жариялайтын және еуроаймақ банктері еуроның көтерме ақша нарығында (немесе банкаралық нарықта) контрагенттерден қамтамасыз етілмеген қаражатты қарызға алатын орташа пайыздық мөлшерлемелерге негізделген күнделікті анықтамалық мөлшерлеме.


D-шот шектеулері

D-шот — арнайы жинақтаушы қосалқы шот, сондықтан ондағы қаражатты сауда жасау үшін пайдалану мүмкін емес. Қор нарығында мәміле жасау үшін қаражатты сауда шотына аудару қажет.




Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 95%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!