Шотты қалай ашуға болады?

Жаңартылды 22.09.2026

Әлемдік биржаларға қол жеткізу мүмкіндігі бар Global брокерлік шотын ашу үшін



1. Freedom Broker мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

Оны AppStore, Google Play немесе Huawei App Gallery-ден тегін жүктеп алуға болады.


2. Қосымшаны ашып, тіркеліңіз. Тіркелу үшін email енгізіп, құпия сөз ойлап табу жеткілікті.


Маңызды! Егер сіз Freedom Broker-де бұрыннан тіркелген болсаңыз және Freedom Broker-де басқа брокерлік шотыңыз бар болса, Global брокерлік шотын ашу үшін басқа поштаны пайдалануыңыз керек. 


3. Осыдан кейін қосымшаға жылдам кіру үшін ПИН-код орнатыңыз.

​

4. Салықтық деректерді толтырыңыз.


Маңызды! Бұл қадамның мазмұны Сіздің салықтық резиденттік еліңізге байланысты.

​

5. Экономикалық профильді толтырыңыз.

Бұл жерде келесі ақпаратты көрсету қажет:

  • Біліміңіз және инвестиция саласындағы тәжірибеңіз.
  • Қаржылық жағдайыңыз туралы ақпарат, яғни негізгі табыс көзіңіз, жылдық табыстарыңыз, шығындарыңыз және жоспарланған инвестициялар көлемі.
  • Қосымша салықтық резиденттік және азаматтық туралы мәліметтер.

​

6. Қызмет көрсету шарттарымен танысып, SMS-кодпен растаңыз.

​

7. Жеке куәлік пен мекенжай құжаттарын жүктеп, селфи-верификациялаудан өтіңіз.


Маңызды! Жүйе скриншоттарды немесе цифрлық құжаттарды қабылдамайды — міндетті түрде фотосуреттер қажет. Құжаттағы барлық деректер толық көрінуі тиіс.



8. Егер Сіздің тұрғылықты мекенжайыңыз тіркеу мекенжайымен сәйкес келмесе, қосымша тексеруден өтіп, мекенжайды растау қажет.

Төмендегі құжаттардың кез келгенін суретке түсіріп немесе қосымшаға жүктеңіз, құжатта тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты (әкесінің аты) және тұрғылықты мекенжайыңыз көрінуі тиіс:

  • Банктік үзінді көшірме
  • Коммуналдық төлем шоты
  • egov.kz порталынан алынған электрондық анықтамалардың бірі
  • Мекенжайы көрсетілген кез келген басқа құжат


Сіздің деректеріңіз қабылданды. Құттықтаймыз, енді инвестициялауға бір қадам қалды!

Есепшоттың ашылғаны туралы хабарламаны күтіңіз — әдетте есепшот 20–30 минут ішінде ашылады. Осыдан кейін оны толықтырып, сауда-саттықты бастауға болады.

1) Қосымша тексеру қажет болған жағдайда, есепшотты ашу мерзімі ұзарауы мүмкін.

2) Егер платформада брокерлік есепшот ашу мүмкін болмаса, интернет қосылымын тексеріп, басқа браузерді немесе баламалы қосылымды пайдаланып көріңіз.

Сондай-ақ, баламалы IP-мекенжайы бар қорғалған желі арқылы қосылу көмектесуі мүмкін.



Freedom Broker мобильді қосымшасын жүктеп алу

PDF форматындағы нұсқаулық​

Шотты қалай ашуға болады?
03:44

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 89.09%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!