Жалпы қателіктер жібермей, инвестициялауды қалай бастау керектігін біліңіз. Бұл мақалада сіз өзіңіздің алғашқы бағалы қағазыңызды қалай дұрыс сатып алуға болатындығы туралы ақпаратты, қадамдық нұсқаулықтар мен кеңестерді таба аласыз!
1-қадам. Брокерлік шот ашу
Freedom Broker қолданбасында 10 минут ішінде онлайн тіркеуден өтіңіз.
2-қадам. Барлық қаржы құралына қол жеткізу
Ол үшін Freedom Broker-де экономикалық профильді толтыру қажет. Толтырылғаннан кейін сізге бөлшек инвесторларға арналған барлық қаржы құралы (акциялар, облигациялар, ETF, кейбір опциондар) қол жетімді болады.
3-қадам. Брокерлік шотты толтыру
Брокерлік шотты толтырудың барлық тәсілімен танысып шығыңыз да, өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдаңыз.
4-қадам. Пассивті кірісі бар жинақтаушы D-шот
Негізгі брокерлік шотты ашқан кезде клиентке автоматты түрде арнайы жинақтаушы қосалқы шот – D-шот ашылады. Клиент оған бағалы қағаздарға салынбаған еркін ақша аударып, SOFR мөлшерлемесі бойынша USD түрінде пассивті табыс ала алады.
5-қадам. Бірінші мәміле
Freedom Broker қолданбасындағы платформада сауда бұйрығын қалай қоюға болатындығы туралы толық нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Қор нарығында қашан және қандай активтерді сатып алу керек екенін түсінуді үйрену үшін Freedom Broker-дің күнделікті тікелей эфирлерін қараңыз! Толығырақ ақпарат сілтемеде.
6-қадам. Жеңілдікті салық мөлшерлемесі
Freedom Broker-де W-8BEN үлгісін толтырыңыз. Бұл үлгі сізге АҚШ эмитенттерінің бағалы қағаздарынан дивидендтер мен купондық кірістер бойынша жеңілдікті салық мөлшерлемесін алуға құқық береді.
7-қадам. Freedom Broker академиясымен бірге оқу
Деңгейіңізді жаңадан бастаушы инвестордан дағдыланып жүрген трейдерге дейін арттырыңыз. Freedom Academy практикалық курстар ұсынады. Оқытушылар - кәсіби инвесторлар, трейдерлер және қаржылық талдаушылар. Сайтта жаңадан бастаушыларға арналған тегін курстар мен озық ақылы бағдарламалар бар.