Әлемдік биржаларға қол жеткізу мүмкіндігі бар «Freedom Finance Global PLC» Қоғамдық компаниясында брокерлік шот ашу үшін келесі құжаттар қажет:
Қазақстан азаматтарына:
- жеке куәлік немесе төлқұжат;
- тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (егер тіркелген мекенжайына сәйкес келмесе):
- мемлекеттік тізілімнен құжат (мысалы, наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансерлерінен анықтамалар);
- банктік үзінді көшірме;
- коммуналдық шот.
Маңызды!
- Ресми құжатта сауалнама деректерінде өзіңіз көрсеткен толық мекенжайдың деректері болуы керек және құжаттың барлық жолағы көрінетіндей болуы тиіс.
- Тұрғылықты мекенжайды растау құжаты 3 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.
- Егер құжат ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінен өзгеше тілде рәсімделсе, онда ағылшын, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған/апостиль қойылған/заңдастырылған аудармасы ұсынылады.
Шот ашуға арналған құжаттардың толық тізімі Компания сайтында қолжетімді
fbroker.kz → Компания туралы → Құжаттар → Жеке тұлғаға шот ашу үшін қажетті құжаттар тізімі
Шетел азаматтарына- толығырақ осы жерде.