ATM, OTM және ITM деген не?

Жаңартылды 22.09.2026

ATM – «Ақшаның жанында» (At-The-Money)


ATM опционы – бұл базалық активтің (мысалы, акциялар) ағымдағы бағасы опционның страйк-бағасының деңгейіне шамамен тең немесе тым жақын болатын опцион.

Мысалы, егер акция 50 АҚШ долларымен саудаланатын болса және опционның страйк-бағасы да 50 АҚШ доллары болса, онда мұндай опцион АТМ деп саналады.



OTM – «Ақшадан тыс» (Out-of-The-Money)


OTM опционы – бұл базалық активтің ағымдағы бағасы страйк-бағаның деңгейінен төмен (CALL-опциондар үшін) немесе жоғары (PUT-опциондар үшін) болатын опцион. Басқаша айтқанда, опционды активтің ағымдағы бағасымен пайдалану тиімді емес.

Мысалы, акцияның бағасы 50 АҚШ доллары болғанда страйк-бағасы 60 АҚШ долларын құрайтын CALL-опцион OTM болып саналады.



ITM – «Ақшада» (In-The-Money)


ITM опционы – бұл базалық активтің ағымдағы бағасы страйк-бағаның деңгейінен жоғары (CALL-опциондар үшін) немесе төмен (PUT-опциондар үшін) болатын опцион. Мұндай опционды ағымдағы кезеңде пайдалану тиімді болуы мүмкін.

Мысалы, акцияның бағасы 50 АҚШ доллары болғанда страйк-бағасы 40 АҚШ долларын құрайтын CALL-опцион ITM болып саналады.



Опционның санаттары
CALL-опционның страйкы
PUT-опционның страйкы
«Ақшада»
(In-The-Money, ITM)
50 АҚШ долларынан кем
50 АҚШ долларынан көп
«Ақшаның жанында»
(At-The-Money, ATM)​
50 АҚШ долларына тең
50 АҚШ долларына тең
«Ақшадан тыс»
(Out of-The-Money, OTM)
50 АҚШ долларынан көп
50 АҚШ долларынан кем


Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!