Финансист №1 (41) 2026

Алина Алдамберген
KASE биржасының бұрынғы төрағасыі
Алина Алдамберген (KASE)
«Қазақстандық нарық әлемдік трендтерден қалмай келеді»
Сіз KASE-ні он жылға жуық басқардыңыз, 2016 жылдан бастап 2025 жылдарға дейін. Қазақстан қор нарығында қандай өзгерістер байқадыңыз?
10 жылда нарық айтырлықтай өсіп, трансформациядан өтті. Үкімет қор нарығы арқылы бірқатар ұлттық компанияларды кезең-кезеңімен жекешелендірді – олар: ҚазМұнайГаз, Air Astana, Казатомпром, KEGOC. Облигациялар нарығына жеке сектордың жаңа компаниялары мен шағын қаржы ұйымдары шықты. Әртүрлі бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жалғасты, сондай-ақ орнынқты даму облигацияларының шығарылымы басталды – жасыл қағаздардан бастап, әлеуметтік және пандемиялық облигацияларға дейін.
Соңғы жылдары цифрландыру нәтижесінде көптеген өзгерістер орын алды: Банктер мен брокерлер енді мобильдік қосымша арқылы қор нарығында қызмет көрсете алады. Соның арқасында жеке тұлғалардың ІРО-ға, акциялардың екінші реттік саудасына және жоғары кірісті облигацияларға қатысуы артты. Осы уақыт ішінде АХҚО-да шамамен 11 криптобиржа тіркелді. Қазір бөлшек инвесторларға жергілікті және халықаралық акциялар, облигациялар, ETF және криптоактивтердің кең таңдауы қолжетімді.
МБҚ* нарығында шет елдік инвесторлар үшін үлесі 8–10% дейін өсті. Қазақстан орталық депозитарийінде Clearstream тікелей шоты бар, ал биыл Euroclear шотының ашылуы күтілуде.
Бізде KASE Клиринг орталығы ашылды: ол сауда көлемдерінің үлкен ағындарын өңдеуге мүмкіндік беріп, қор алаңдарындағы өтімділікті арттырады. Қазақстандық эмитенттер еурооблигациялар нарығына қайта оралып, жаңа валюталарда орналастыруды меңгерді, мысалы дирхам және қытай юаньдарында.
*МБҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар
Бүгінгі таңда Қазақстандағы қор нарығын қаржыландыру жағдайы қалай?
2026 жылдың 1 қаңтарында корпоративтік бондтар нарығын қаржыландыру Қазақстан қор биржасында 16,25 трлн теңгені құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 77,7%-ға артты. 966 млрд теңге – ESG-облигациялардың номиналдық құны, ал 297 млрд теңге – шағын қаржы ұйымдары шығарған борыштық қағаздар. Акциялар нарығын қаржыландыру 39 трлн теңгені құрап, 10 жылда 3,2 есе артты, ал МБҚ нарығының көлемі 5,7 есе артып, 31,87 трлн теңгені құрады.
Бөлшек инвесторлардың үлесі де айтарлықтай өсті; орталық депозитарийде шамамаен 4,7 млн есепшот ашылған, олардың шамамен 300 мыңы KASE саудасына белсенді қатысады.
Қазақстандық қор нарығының дамуына ең белсенді ықпал ететін факторлар қандай?
Қор нарығына экономиканың өсуі мен халық әл-ауқатының жақсаруы, бизнес пен мемлекет тарапынан қаржыландыруға деген қажеттіліктің артуы, технологиялардың дамуы әсер етеді. Қазақстан нарығы халықаралық трендтерді де ұстанады: бұл — жасыл экономиканың дамуы, ESG‑тренд, сондай-ақ соңғы жылдары цифрлық активтерді және көміртек бірліктерін шығару мен саудалауға арналған инфрақұрылымның қалыптасуы.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда институционалдық инвесторлардың дұрыс қалыптасқан жүйесі пайда болды: бұлар — банктер, сақтандыру компаниялары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және мемлекеттік қорлар.
Қазіргі уақытта сіздің қызметіңіз Қазақстанның қаржы секторымен қалай байланысты?
Мен Қазақстандағы төрт компанияның директорлар кеңесіне кіремін: олар — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстандық экспорт-кредиттік агенттік, Valor Capital активтерді басқару компаниясы және Sinoasia B&R сақтандыру компаниясы.
Алайда қазір менің негізгі жұмысым - Оман Султандығындағы Muscat Stock Exchange биржасында бизнес дамыту кеңесші. Оманға келсек, онда негізгі нарықты акциялар, облигациялар және инвестициялық қорлар құрайды. Соңғы жылда Омандағы акциялармен сауда көлемі төрт есе өсті, ал осы нарықтың капитализациясы шамамен $90 млрд деңгейіне жетті.
Қор нарығында мансап құруды қалайтын әйелдерге сіз не айтар едіңіз?
Өмір өте құбылмалы. Технологиялар мен өмір салты өзгеріп жатқандықтан, үнемі өзін-өзі жетілдіріп, біліктілікті арттырып, жаңа дағдыларды меңгеріп отыру қажет. Қазір әлемге жасанды интеллект үлкен әсер етіп жатыр, сондықтан онымен жұмыс істеуді белсенді түрде үйрену маңызды. Қаржы секторында заң саласындағы білім, пиар мен маркетингтің негіздерін түсіну, бизнесті ілгерілету технологияларын меңгеру аса қажет.