Финансист №1 (41) 2026

Владимир Чернов

Владимир Чернов

Freedom Finance Global талдаушысы

Аңыз-ертегісіз инвестициялар

Мақсатқа сай биржалық құралдарды стереотипсіз қалай таңдауға болады

Нұсқаулық

Биржада сауда-саттық жасағанда әйелдер орташа алғанда ерлерге қарағанда сақ және тәуекелден қашады деген пікір кең таралған. Әдетте бұл стереотип бейтарап бақылау ретінде айтылады, бірақ іс жүзінде әйелдерге қандай қаржылық шешімдерді ұсынатынына әсер етуі мүмкін.

Сақтық — тұзаққа айналғанда

Биржада сауда-саттық жасайтын әйелдерге арналған ұсыныстарда көбінесе консерватив қаржы құралдарына басымдық беріледі, ал баламаларды талқылау немесе дербес таңдау мәселесі екінші кезекке түсіп қалады.

Бұл контекстегі стереотиптер — жеке көзқарастар емес, бүкіл қоғамның орныққан күтулері: бизнес-кеңесшілердің, қаржылық медиа өкілдерінің, тіпті жақын ортаның пікірлері. Олар инвестицияға қатысты көбінесе күрделі, «әйелдерге тән емес» тақырып ретінде пікір қалыптастырады. Соның нәтижесінде, кейбір әйелдер тіпті қызығушылық танытса да өз мүмкіндіктеріне деген сенімділігі төмендеуі мүмкін.

Тәуекелге бейімділік

Инвестициялармен айналысуға деген қажеттілік пен нақты сауда-саттыққа қатысу деңгейінің айырмашылығы сауалнама деректері арқылы да расталады. Fidelity брокерлік компаниясының 2023 жылғы Global Investor Study зерттеуіне сәйкес, дамыған елдердегі әйелдер ерлерден кем түспей ұзақмерзімді қаржылық мақсаттар қоюға және инвестициялауға ниет білдіреді. Алайда олар көбіне өз білімдеріне сенімсіздік және қателік жіберуден қорқу себебінен бастаманы кейінге қалдырады. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл жерде шешуші фактор — табыс деңгейі емес, қабылданған шешімдердің дұрыс екеніне деген ішкі сенімділік.

Кейде инвестициялық мінез-құлықтағы айырмашылықтарды талқылау барысында биологиялық факторлар да аталады. Бірқатар ғылыми жұмыстарда тәуекелге бейімділікке тестостерон деңгейі әсер ететіні көрсетілген. Бұл гормоны жоғары адамдар орта есеппен тәуекелі жоғары шешімдерді жеңілірек қабылдайды, ал оның төмен деңгейінде мінез-құлықтағы гендерлік айырмашылықтар іс жүзінде жоғалады. Алайда аталған зерттеулердің авторларының өздері инвестордың гормондық жағдайын анықтаушы фактор деп санауға болмайтынын ерекше атап өтеді. Ақпаратқа қол жеткізу, қаржылық кеңестердің сапасы, кіріс деңгейі және мансаптағы үзілістер сияқты факторлар биологиялық ерекшеліктерге қарағанда инвестициялық стратегияларға анағұрлым күшті ықпал етеді.

Бұл ретте артық сақтықтың ұзақ уақыт көкжиектерінде түсінікті салдары бар. Morningstar талдау компаниясының деректері бойынша, АҚШ нарығында 2013 жылдан 2023 жылға дейін акциялардың үлкен үлесі бар модельдік ұзақ мерзімді портфельдер облигациялар мен ақша құралдарына басым бағытталған стратегияларға қарағанда орташа алғанда неғұрлым жоғары кірістілікті көрсетті.

Бұл айырмашылықтар инвестордың гендерлік тиесілігіне байланысты емес. Олар тек жалпы қағидатты ғана көрсетеді: тәуекелден бас тарту портфельдің ауытқуын төмендетеді, бірақ сонымен бірге оның өсу әлеуетін шектейді.

Консерваторға арналған портфель

Инвестор үшін болжамдылық пен психологиялық жайлылық бірінші орында тұрса, портфельді қарапайым құрылымнан бастау — орынды шешім. Мұндай стратегия әсіресе инвестициялауды енді бастаған және активтердің құнының күрт ауытқуына әзір емес адамдарға жақсы келеді. Мұндай инвестпортфельдің базасын әдетте облигациялар құрайды. Олар — қарыздық бағалы қағаздар, яғни инвестор алдын ала келісілген мерзімге және белгіленген пайыздық мөлшерлемемен мемлекетке немесе компанияға қарыз береді, ал соның есебінен кепілдендірілген табыс алады. Портфельдің жалпы көлемінің 50–80%-ын осы құралдарға бөлуге болады. Облигациялар мерзімі нақты белгіленген қаржылық мақсаттарға қолайлы: мысалы, бірнеше жылдан кейін оқу ақысын төлеу немесе ірі сатып алуға ақша жинау сияқты міндеттер үшін тиімді таңдау саналады.

Инвестициялауда тіпті ең консерватив стратегиялардың да белгілі бір тәуекелдері бар. Эмитент қаржылық қиындықтарға тап болып, купон төлемдерін немесе негізгі қарызды кешіктіруі мүмкін, ал оның кредиттік сапасы төмендеген жағдайда облигацияның нарықтық бағасы да арзандайды. Бұған қоса, нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер өскен кезде бұған дейін шығарылған облигациялардың құны әдетте төмендейді.

Екінші элемент ретінде мұндай портфельге әдетте ірі әрі тұрақты компаниялардың акциялары — «көк фишкалар» енгізіледі. Бұл — ұзақ тарихы, тұрақты табысы және бизнес үлгісі түсінікті корпорациялар. Мысал ретінде Alphabet (GOOGL) акцияларын алуға болады: соңғы 10 жылда олар жарнама және бұлтты сервистер сегментінің тұрақты өсуінің арқасында 8,5 есеге (+747%) қымбаттады. Тағы бір мысал — NVIDIA (NVDA): жасанды интеллект пен жоғары өнімді чиптерге сұраныстың артуы нәтижесінде соңғы бес жылда олардың құны 14 есеге (+1308%) өсті. Портфельдегі мұндай акциялардың үлесі үлкен болмауы мүмкін, бірақ дәл осы компонент капиталдың инфляциядан жоғары өсуіне мүмкіндік береді және ұзақ мерзімді табыстылықты қолдайды.

Бұл санатқа сондай ақ дивидендті аристократтар да кіреді — көп жылдар бойы пайдасының бір бөлігін акционерлеріне тұрақты түрде бөліп, дивиденд көлемін үнемі арттырып отыратын эмитенттер. Халықаралық нарықтардағы классикалық мысалдар — Coca Cola (KO) және Johnson & Johnson (JNJ). Бұл компаниялар экономикалық құлдырау кезеңдерінде де дивиденд төлеуді жалғастырады. Мұндай бағалы қағаздар портфельдің құны төмендеген жағдайда қорғау қабатын құрайды, себебі нарықтық трендтерге қарамастан, пассивті табыс — дивиденд түрінде кіріс әкелуді жалғастырады. Консерватив портфельдің құрамында олардың үлесін шамамен 20–30% деңгейінде ұстап отыруға болады.

2025 жылы бір унция алтынның бағасы $1694,45‑қа өсіп, 64%‑дан артық қымбаттады.
Жыл ішінде металл тарихи максимумдарын елу реттен аса жаңартты.

Бұл активтер жиынтығын толықтыратын құрал ретінде көбіне алтын немесе оған негізделген биржалық қорлар таңдалады. Алтын тұрақты табыс әкелмегенімен, геосаяси не экономикалық белгісіздік күшейген кезеңдерде портфельдің жалпы тәуекелін төмендетеді және нарықтық күйзелістерден қорғайтын сақтандыру буфері қызметін атқарады. Хеджирлеуші активтер (яғни тәуекелден қорғайтын құралдар) үшін сақ инвесторлар портфельдің шамамен 10–30% көлемін бөлуге бейім. Бұл үлес портфельдің құбылмалы кезеңдерде тұрақтылығын арттырып, ұзақмерзімді стратегияның сенімділігін күшейтеді.

Инвестициялауды өз бетінше жеке қағаздарды таңдағысы келмейтіндер үшін биржалық қорлар бар. Оларды белгілі бір ережелер бойынша жиналған дайын активтер себеті ретінде қабылдаған оңай. Тәжірибеде ETF таңдалған активтің немесе индекстің динамикасын қайталайды. Мысалы, алтынға немесе күміске арналған ETF тиісті металдың бағасына ілеседі, ал S&P 500 немесе Nasdaq индексіне арналған қор АҚШ-тың ірі компанияларының жүріс-тұрысын көрсетеді. Әлемдік акциялар нарығына, Еуропа немесе дамушы елдер сияқты жекелеген аймақтарға, сондай-ақ облигациялар мен аралас активтерге арналған қорлар да бар. Бір ғана құралды сатып ала отырып, инвестор әртараптандырылған портфельге ие болады және тепе-теңдікті тұрақты бақылау қажеттілігінен босатылады. Мұндай қорлар ұзақмерзімді мақсаттар үшін ерекше қолайлы, ал баға белілеулердің уақытша төмендеуі эмоционалдық шешімдер қабылдауға себеп болмауы тиіс.

Қашықтықты таңдау

Инвестициялар көкжиегі портфельді қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Егер сіздің мақсатыңыз — бір-екі жылдың ішінде инвестициядан табыс табу болса, барынша тұрақты құралдарды таңдаған дұрыс және жоғары кірістілікке ұмтылмау керек, яғни портфельдің негізгі бөлігін облигацияларға бөлу қажет. Үш-бес жылдық перспективада облигациялар мен қорғаныс активтерін аздаған акциялар үлесімен, соның ішінде «өсу» компанияларының бағалы қағаздарымен үйлестіруге болады. Одан да ұзақ мерзімді мақсаттар үшін негізді акция қорларына құрып, оларды қорғаныс құрамдастарымен толықтырған дұрыс, осылайша нарықтық ауытқуларды күйзеліске түспей еңсеруге болады (ұзақмерзімді портфельдің құрамына қатысты толығырақ 36–37-беттерден қараңыз).

Тағы бір маңызды критерий бар, бірақ ол туралы сирек айтылады. Инвестициялық стратегия психологиялық тұрғыдан жүзеге аса алатын болуы керек. Егер сіз құрған портфель баға белгілеуді үнемі тексеруге және нарықтың әр қимылына алаңдауға мәжбүр етсе, қателік жіберу қаупі артады. Осы тұрғыдан алғанда қарапайымдылық пен түсінікті логика табыстылықтың өзінен кем емес маңызды болып жатады.

Дереккөз: Fidelity Investments, Women’s Study (2023 жылғы қазан)

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!