Финансист №1 (41) 2026

Номердің қонағы. МакSим

«Жеңілісті білмесең, жеңістің барлық сұлулығы мен бақытын толық сезіне алмайсың»

Тұлға

Марина Максимова, әнші МакSим, шоу-бизнеске жолы және гендерлік стереотиптер туралы. Өзі бастан өткерген ковид оның әлемге деген көзқарасын қалай өзгерткені, өзінің вокалдық мектебі және өмірлік басымдықтары туралы

Суретке түсірген: Рита және Антон Смирновтар

Сіздің ойыңызша, бүгінгі таңда музыкалық индустрия әйелдерге қаншалықты ашық?

Менің ойымша, бүгінгі таңда әйелдерге сахнада мансап құру ерлерге қарағанда жеңілірек. Бірақ менің жас кезімде мынандай стеротип болды: жұлдыз болу үшін сен міндеттті түрде не байдың қызы болуың керек, не бай сүйіктің болуы керек.

Менде мұның ешқайсысы болмады: ата-анам орташа деңгейден әлдеқайда төмен өмір сүрді. Алғашқы кезде жанкүйерлер де көп болмады. Сондықтан да маған өмір бойы ешқандай әдепсіз ұсыныстар түскен жоқ. Мұнда тағы бір мәселе, мен ол кезде «неформалка» едім, дред киетінмін, жалпы айналадағы адамдарға ұқсамайтынмын. Ал бүгінгі таңда, менің сезінуімше, индустрия барлығына бірдей ашық.

2021 жылы сіз ковидпен ауырып, бір ай медициналық комада жаттыңыз. Толық жазылып кеттіңіз бе, қазір концерт жүргізу қиын ба сізге?

Мұндай аурудан кейін адам өзіне келуі қиын. Оңалып кету үшін бірнеше жылдар керек. Концерт жүргізу де қиындады: мен олардан кейін тіпті сөйлей алмай қаламын. Әр жолы сахнаға шығар алдында өзіме: «Марина, бүл сенің соңғы концертің емес, шектен тыс жұмыс істеудің қажеті жоқ» - деп айтамын. Бірақ әр жолы сахнада бар күшім мен энергиямды түгел беремін. Дегенмен, қазір жүктемеге анағұрлым саналы түрде қарауға тырысамын: айына бестен артық концерт алмаймын және міндетті түрде олардың арасында үзіліс жасаймын.

Басыңыздан өткен жағдайдан кейін сіздің көзқарасыңыз өзгерді ме?

Иә, әрине. Біріншіден, таң қаларлық жағдай, мен әлдеқайда сабырлы болдым. Мәңгілік өмір бар екеніне, әрі оның қазіргі өмірден де шынайырақ екеніне көз жеткіздім. Қазір өте сирек ашуланамын. Көбірек қуанамын, ұсақ-түйекке дейін байқап жүремін. Сондай-ақ жақындарыма да мұқият көңіл бөле бастадым.  Жалпы өмірді жеңіл, әзілмен, өзіме деген сыни қалжыңмен сүруді үйрендім.

Өзіңіз туралы әжуамен айтатын болсақ, сізге айтылған хейттерге жиі кездесесіз бе және оған қалай қарайсыз?

Мен хейтерлерді байқамаймын. Олар, сірә, мүлдем жоқ немесе бәрінен аз сияқты. Егер біреу бір нәрсе ұнамайтынын жазса, ол әрқашан дерлік сыпайы, мәдениетті түрде жазады. Және мен оны тіпті ескертіп қоюым да мүмкін.

Қазір немен жұмыс істеп жатырсыз?

Қазір, шынымды айтсам, төрт жолдан төрт жол құрап жазуға тырысып жүрмін. Аурудан кейін менің жадым қатты нашарлады, қолдың ұсақ моторикасы да әлі толық қалпына келген жоқ. Бұл да өзін өзі әжуалауға себеп.

Жуырда мен «И правда» атты ән шығардым және онда өте жеке тарихымды айттым.
Бұл мәтін «Спасибо» синглінен кейін бес жыл өткен соң дүниеге келді, ол да басымнан өткеннен кейінгі түсініктер туралы еді. Бұл әндердің негізгі мағынасы – мені күткендерге, мен үшін дұға еткендерге, менің оралуыма үміттенгендерге алғыс айту. Мен бұл туралы әр концертте айтамын. Жалпы, адамдар концерттен тек қуаныш сезімімен ғана емес, белгілі бір рухани жылылыққа толып қайтса деймін.

Сізде МакSим өнер мектебі бар. Мектеп ашу идеясы қалай келді және қазір осы жобаны басқару қандай?

Менің анам — педагог. Бізде бала күтушісі болған жоқ, мен анаммен концерттерге бірге ертіп жүретінмін, барлық мерекелерде кешке дейін акт залдарында отыратынмын. Шығатын балалардың барлық рөлдерін білетінмін: егер қандай да бір Буратино немесе Чиполлино мерекеге келмей қалса, сол кейіпкердің костюмін маған кигізіп, оның рөлін мен ойнайтынмын. Менің бойымда әрі өнерге, әрі балаларға деген сүйіспеншілік болды. Сонымен қатар өзім де музыкалық мектепте оқыдым, ал сахна мен музыка — маған ең жақын дүниелер, оны өзгелерге жеткізгім келді.

Сондықтан мектеп ашу идеясы ертеден болды, және мүмкіндік туған кезде мен, әрине, оны пайдаландым. Бірақ бір ғана нәрсе бар – мен мектепке ешқашан бизнес ретінде қараған емеспін. Алғашында біз Цветной бульварында ашылдық, ғимаратты жалға алу өте қымбат болды, сондықтан мектеп біраз уақытқа жабылып қалды. Көп ұзамай мен өз ғимаратымды сатып алуға мүмкіндік туды, және мектеп сол жерде әлі күнге дейін жұмыс істейді.

Мектепте білім беру қалай өтуде?

Бізде вокалдан бөлек актерлік шеберлік те бар, сондай ақ әртүрлі аспаптарда ойнау: фортепиано, балаларға арналған сылдырылдақ, флейта, гитара, сондай ақ би сабақтары. Бірнеше жас топтары бар: балалар, жасөспірімдер, ересектер. Бизнесмендер, ата аналар, әйелдер, ер адамдар келеді. Айтпақшы, ерлер шығармашылыққа өте үлкен жауапкершілікпен қарайды. Біреулер үшін бұл жай ғана хобби, ал кейбіреулер кейін мамандығын өзгерту үшін айналысады. Мен ата аналар баласын дәлізде күтіп отырмай, өздері де онымен бірге бір уақытта бір нәрсемен айналыса алатын мектеп ашқым келді. Сол үшін біз арнайы сондай кесте жасадық: дәл бір уақытта ересектер мен балаларға әртүрлі сыныптарда сабақтар өтеді.

Балалар менің көз қатты қуанышым, көбісі бірнеше жылдан бері оқып жүр, және әр есеп беру концертінде олардың өсуін қуана бақылап отырамын. Олар барған сайын күрделі партиялар мен рөлдерді орындайды.Бізде мен өзі жеке таңдап алған керемет педагогтар бар. Өзім сабақ бермеймін, өйткені музыкант болғаныма қарамастан, менің педагогикалық білімім жоқ, ал бұл мен үшін маңызды фактор. Сонымен бірге мастер класстар өткіземін, жұлдыздарды немесе жаңа бастаған актерлер мен режиссерлерді шақырамын, олар өз оқиғаларын айтып береді, өйткені теориядан бөлек, практикалық білім әрқашан пайдалы.

Сіздің сөздеріңізге қарағанда, мектеп сіз үшін үлкен шабыт көзі сияқты. Солай ма?

Иә. Бізде барлық адам нәтижеге қол жеткізгісі келетін ұжым қалыптасты. Педагогтар жай ғана келіп, сағатын өткізіп кетпейді — олар балалармен бірге байқауларға қатысады, ел ішіндегі іс шараларға барады. Біздің балалар жоғары орындар алып, жүлделер алып жатқанын есту мен үшін өте жағымды жаңалық.

Өткен жылы балалардың дәл менің әндерімді айту туралы осындай бір идеясы болды. Олар әндерді әртүрлі жанрда және костюмдермен орындады, музыканың жаңа конфигурациясын ойлап тапты — бұл өте қызық болды.

Бүгінде музыка саласында мансап құрғысы келетін адамдарға қандай кеңес бере аласыз?

Егер сіз музыкант болғыңыз келсе, бұл шешіміңіз мызғымас болуы керек. Шығармашылық адамдар көбіне өз күшіне толық сенбейді — мен де солардың қатарындамын. Бірақ еске сақтау қажет нәрсе: егер бірінші реттен хит парадтарға кірмесеңіз, бұл ештеңе білдірмейді. Жалғастыру, дамуды тоқтатпау, өз қателіктеріңізді таба білу маңызды. Егер сіз өз ісіңізге шын беріле істесеңіз және өзіңізбен үздіксіз жұмыс жасасаңыз, онда ерте ме, кеш пе, табыс сізді міндетті түрде күтеді.

Шынында да бір стереотип бар: шығармашылықта сен алғашқы талпыныстан-ақ жұлдыз болып жарқырауың керек деген. Бірақ қазір бұл — иллюзия сияқты, солай емес пе?

Екі телеканал ғана болған кезде бұл мүмкін еді. Ол кезде продюсерлер бәрін басқарып тұрды. Бәріміз онда шыққан есімдер мен қандай да бір телебағдарламада көрсетіліп, бірден хитке айналған клиптерді жақсы білеміз. Қазір орындаушылар өте көп, таңдау ұшан теңіз, және бәсекелестік деңгейі мүлде басқа. Сондықтан соңына дейін бару аса маңызды. Қосарым, армандау керек — ойдың күші ғажайыптар жасайды.

Ата-анаңыз шығармашылықпен айналысуға қолдау білдірді ма? Ондай қолдау қаншалықты маңызды?

Ата-аналарым екі лагерьге бөлінді. Педагог болған анам мұндай іспен айналысуыма қарсы болды, оны ол  «еріккеннің ісі» деп атайтын. Ол менің өзімнен үлкен музыкант жолдастарымның өмір салтын көріп, мұның мүлде орынсыз нәрсе деп шешті, яғни, ешқандай режим сақтамау, түнгі уақыттағы өнер көрсету, бұлтта қалқып жүрген «үкі» адамдар деп есептейтін.

Ал әкем барынша қолдау көрсететін: мені алғашқы өнер көрсету орындарыма апарып, түн ортасында алып кететін, костюмдер дайындауға көмектесетін, сахналық аяқ киім алып беретін… Мұндай қолдау өте маңызды әрі жағымды, бірақ ол болмаған күннің өзінде де бұл жолда мені ештеңе тоқтата алмас еді.

Сіз не туралы армандайсыз?

Мен барлық арманымның белгілі бір уақыттан кейін орындалатын мақсатқа айналғанын қалаймын. Әдетте, менің өмірімде солай болады да.

Өзіңіздің тәжірибеңізге сүйене отырып, қандай өмірлік кеңестерді ұсынар едіңіз?

Ең бастысы — өзіңді алдамау, ең алдымен өз өзіңе өтірік айтпау. Барынша өз болмысыңды сақтай білу қажет. Қарапайым адам екеніңді есте ұстау керек. Сен мінсіз бола алмайсың. Егер жеңілістің не екенін білмесең, жеңістің дәмі мен қуанышын толық сезіне алмайсың. Сондықтан ең маңыздысы — ештеңеден қорықпау және сену. Сенім — осы сөздің барлық мағынасындағы бізде бар ең басты нәрсе.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!