Финансист №1 (41) 2026

Георгий Ващенко

Георгий Ващенко

Freedom Finance Global талдау департаментінің директорының орынбасары

Капитал жынысқа әсер етеді

Әйелдер активтерді басқару саласында маңызды ойыншыларға айналып, жаңа қаржылық норманы қалыптастырып келеді

Тәжірибеде

McKinsey & Company деректеріне сәйкес, Еуроодақ пен АҚШ-тағы жеке жинақтар мен жеке инвестициялардың шамамен үштен бірін бүгінде әйелдер бақылайды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40–45% деңгейіне жетеді деп болжануда. «Әйел капиталының» өсу қарқыны жалпы нарықтық динамикадан да жоғары. 2018 бен 2023 жылдар аралығында әлемдегі жеке тұлғалардың қаржылық активтерінің жалпы құны 43% артты. Ал дәл осы кезеңде әйелдер бақылайтын активтер 51% өсіп, 39,2 трлн доллардан 59,2 трлн долларға жетті. Бұл қаржы институттары — банктер, инвестициялық және сақтандыру компаниялары — үшін жаңа әрі ықпалды клиенттік базаның қалыптасуын білдіреді. Әйел инвесторлардың сұраныстары бүгінде тұтас бизнес-сегменттердің дамуын айқындай бастады: капиталды басқарудан бастап, қаржылық өнімдердің дизайнына дейін.

Күмәнді серпіп тастасақ

Fidelity Women & Investing Study зерттеуінің мәліметтері бойынша, 2024 жылы АҚШ-та қор нарығына инвестициялайтын әйелдердің үлесі 60%-дан 71%-ға өсті. Зумерлер арасында биржада сауда жасайтындардың шамамен 77% – қыздар, ал миллениалдарда бұл көрсеткіш шамамен 74% өсті. Алайда сандық өсім кедергілердің жоғалғанын білдірмейді. Сол зерттеуге сәйкес, әйелдер өздерінің қаржылық құзыреттілігіне жиі күмәнданады. Биржада сауда жасап жүргендердің тек 64% ғана өзін инвестор деп санайды, ал ерлерде бұл көрсеткіш 76%. Респондент әйелдердің 58%-ы инвестициялық қызмет оларда алаңдаушылық тудыратынын айтады, 55%-ы қаржылық ақпараттың көптігінен шаршайтынын, 48%-ы білімінің жеткіліксіз екенін атап өтеді.

Бірақ бұл сенімсіздік салғырттыққа әкелмейді. Қайта, әйелдер оқуға және жоспарлауға жоғары қызығушылық танытады. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 68%-ы, егер оларға нақты, кезең-кезеңмен түсіндірілген іс-қимыл жоспары ұсынылса, инвестициялауға ықыласы арта түсетінін мәлімдеген.

Асықпай, сабырмен

Әйелдердің қаржылық мінез-құлқы ең алдымен тәуекелге деген көзқарасымен ерекшеленеді.  Fidelity брокерлерінің есептеуінше, респондент әйелдердің  51%-ы өз инвестициялық стилін консервативті (тәуекелі төмен), 46%-ы – орташа (тәуекел мен табыстылық теңгерілген), ал небәрі 3%-ы – агрессивті (жоғары тәуекел мен жоғары кірістілік әлеуеті) деп сипаттайды. Нарықтағы құбылмалылық кезінде әйелдердің басым бөлігі позицияларды ұлғайтудан гөрң барын сақтап қалуды жөн көреді. Бұл олардың тұрақтылыққа бағытталуын көрсетеді.

Әйелдерді инвестиция жасауға көбінесе үш мақсат түрткі болады: балаларды қажетті сапалы өмірмен қамтамасыз ету, кірісін көбейту және ірі сатып алуларды жинақтау 

UBS инвестициялық компаниясы Gender-lens Investing 2025 шолуында мынаны атап өтеді: әйел-инвесторлар талдау мен жоспарлауға көбірек уақыт бөледі,  ойланбай жасалған мәмілелерді сирек жасайды, нарықтағы қысқа мерзімді құбылмалылыққа негізделген спекулятивті саудаға бейімі аз. Олардың портфельдері әртараптандырылған, ал операциялар жиілігі ерлерге қарағанда төмен.

АҚШ-тағы инвесторлар арасында криптовалюта саудасымен әйелдердің 43%, ал ерлердің 55% айналысады. Әйелдер көбіне дәстүрлі биржалық құралдарды таңдайды: акциялар, облигациялар және пайлық қорлар. Бұл сегменттерде тәуекел де, табыс механикасы да анағұрлым түсінікті. Осындай таңдау нарықтың «өзегі» саналатын құралдарға — S&P 500 немесе MSCI World индекстеріне байланған ETF-терге тұрақты сұраныс қалыптастырады. Сонымен қатар, теңгерімді зейнетақы портфельдері де әйелдер арасында кең танымал.

Ақша естелікке

Әйелдердің инвестициялық үлгісіне ұзақ мерзімді көзқарас тән. Fidelity деректері бойынша, әйелдердің 71%-ы инвестицияны ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық байлық қалыптастыру жолы ретінде қарастырады.

UBS тің болжамынша, алдағы 25 жылда мұрагерлік жолымен берілетін капитал көлемі 83 трлн доллардан асады. Бұл соманың шамамен 9 трлн доллары жұбайлар арасындағы трансферлерге, ал 74 трлн доллардан астамы ата аналар мен балалар арасындағы мұраға тиесілі болады. Әйелдер бұл процеске тікелей қатысушы болады — мұрагерлер ретінде де, активтерді басқару құқығы бар қамқоршылар ретінде де. Алайда сол зерттеу көрсеткендей, отбасылық жинақтарды мұраға алған әйелдердің 80%-ы бұл активтерді басқаруда қиындықтарға тап болған.

Капиталды алуды әлі күтіп жүргендердің арасында 74% бұл қаражатты өз бетінше басқаруға дайын еместігін айтады, ал 28% активтерді бөлу қағидатын түсінбейді. Бұл банктер мен инвестициялық компанияларға болашақ клиент әйелдерге жинақтарды басқару бойынша анағұрлым жан жақты кеңес беру және оқыту қажеттігін көрсетеді.

Әйелдер инвестициясының ағылуы кімге тиімді болады 

  • Капиталды басқару. McKinsey деректеріне сәйкес, әйелдер бақылайтын активтердің 53%-ында кәсіби басқару жоқ, ал ерлерде бұл көрсеткіш 45% құрайды. Қызығы, егер бұл үлестер теңессе, жеке капиталды басқару нарығы — wealth management — 2030 жылға қарай шамамен 10 трлн долларға дейін өсуі мүмкін еді. Сонымен қатар, клиент әйелдер барған сайын талапшыл бола түсуде: соңғы бес жылда комиссия көлеміне ерекше назар аударатын әйелдердің үлесі 60%-дан 75%-ға дейін артқан.
  • Қоғамдық нарықтар және жаппай инвестөнімдер. Әйелдер капиталы ашық әрі түсінікті құралдарға тұрақты сұраныс қалыптастырады. Акциялар, облигациялар, қорлар және зейнетақы бағдарламалары нарыққа қатысатын әйелдердің ұзақмерзімді стратегияларының негізіне айналуда. Бұған жауап ретінде биржалар жаңа индекс шешімдерін* және активтерді оңай басқаруға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервистерді ұсынып келеді.

*Акцияларға немесе облигацияларға инвестициялар емес, индекс бойынша жалпы нарыққа

  • Тұрақты және әлеуметтік бағытталған инвестициялар. Әйелдер көбіне инвестицияны қоғамға әсер ету мүмкіндігімен байланыстырады. UBS тің мәліметінше, қыз келіншектер ақша табыс әкеліп қана қоймай, әлемді жақсы жаққа өзгертетінін көрген кезде шешімді сенімдірек қабылдайды. Әлеуметтік бағытталған қаржылық операциялардың ауқымы өте үлкен: осындай акция және облигация қорларының көлемі 3 трлн доллардан асады, ал импакт инвестициялар** нарығы 1,6 трлн доллар деңгейінде бағаланады.

**Қоғамға немесе қоршаған ортаға пайда әкелетін салымдар 

  • Корпоративтік сектор және сапаны бақылау. McKinsey деректеріне сәйкес, кадр құрамында гендерлік әртүрлілікке ие компаниялар қаржылық көрсеткіштері жоғары болу ықтималдығын 18%-ға арттырады, ал құрамында әйелдер де, ерлер де бар директорлар кеңестері 27%-ға тиімді жұмыс істейді. Осылайша, гендерлік теңгерім инвесторлар үшін компанияның табыстылығы немесе қарыз жүктемесі сияқты маңызды факторлардың біріне айналып келеді.

Инвестор мағына іздейді

Әйелдер капиталының көлемінің өсуі және оның нарықтарға әсерінің күшеюі инвестор мен қаржылық институттар арасындағы өзара әрекеттесу табиғатын өзгертуде. Әйелдер салынған қаражаттың нәтижесін тек табыстылық деңгейімен ғана емес, сондай-ақ олардың жеке немесе отбасылық мәселелерді шешуге қаншалықты көмектескенімен бағалайды. Клиент әйелдер де, ер клиенттер сияқты, саналы шешім қабылдау үшін өнімнің тәуекелдерін және жұмыс істеу механизмін толық түсінгісі келеді.

Бұл өзгерістер қаржы компанияларын өз өнімдері мен қызметтерін қайта қарауға ынталандырады. Енді басты орынға жылдамдық пен сату емес, сенім мен сүйемелдеу шығуда. Алдағы онжылдықта әйелдер капиталы инвестициялық өнімдерге деген сұраныстың жаңа құрылымын қалыптастырып, кеңес беру сервисінің одан әрі дамуына ықпал етуді жалғастырады.

Дереккөз: Survey of Consumer Finances 2022, Cerulli U.S. Retail Investor Advice Relationships 2023

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!