Финансист №1 (41) 2026

Елена Беляева

Елена Беляева

Freedom Finance Global инвест-тәлімгер

Жақсы табыс ережесі

Инвестициялық портфельді қалай жасау керек

Жеке тәжірибе

Менің атым - Елена Беляева, мен – Freedom Broker-дің Инвестордың жазылымындағы инвест-тәлімгермін. Жиырма жылдан астам уақыт бұрын мен инвестиция әлемін аштым және оны өз кәсібіме айналдыра алдым. 

Мен трейдинг емес, инвестициялаумен айналысамын. Мен биржалық активтермен операцияларды тәжірибе жүзінде үйретемін, өзімнің жеке брокерлік шотымда қандай бағалы қағаздарды сатып алып, қандайын сататынымды көрсетемін. Барлық статистика, барлық мәмілелер - Freedom Broker-дің Инвесторға арналған жазылымының барлық қатысушылары үшін ашық ақпарат болып табылады.

Мен айына екі рет мәміле жасаймын, ал позицияларды бірнеше айдан бірнеше жылға дейін ұзақ мерзімге ашамын. Мұндай тәсіл графиктерді үнемі бақылауды қаламайтын және инвестицияға өте аз жеке уақыт жұмсауды көздейтіндер үшін тамаша. Менің портфелім 2025 жылы жылдық 40% табыстылық көрсетті. Бұл ұсыныстарды жүйелі түрде орындаған қатысушылар да дәл осында нәтижеге қол жеткізеді. Біз S&P 500 индексінен екі есе артық нәтиже көрсеттік: индекс бір жылда небәрі 18% өсті.

Мен инвестицияға қалай келдім?

Алғаш рет қор нарығы тақырыбына қызығушылығым 1987 жылы Майкл Дуглас ойнаған «Уолл-стрит» фильмін көргеннен кейін оянды. Акциялар деген не, биржа қалай жұмыс істейді – осының бәрі мені қатты қызықтырды. Менің бұл тақырыпқа деген қызығушылығымды байқаған күйеуім маған  Фрэнк Дж. Фабоццидің «Инвестицияларды басқару» атты кітабын сыйлап,  «Жақсылап үйрен,  отбасылық жинақты сен басқарасың» деді. Бұл 2003 жыл еді.

Алты ай бойы мен күн сайын сегіз сағаттан оқыдым. Кітаптар оқыдым, биржалық жаңалықтарды қарадым, акцияларды талдадым, нарықтың қалай жұмыс істейтінін бақыладым. 2004 жылы брокерлік шот ашып, акция сатып ала бастадым.

Нарықтың алғашқы жылы мен үшін нөлдік нәтижемен аяқталды, ал екінші жылы 10% табыс таба алдым. «Абай болу бәрінен де маңызды» деген стратегияны бүкіл мансабым бойы ұстанып келемін.

Нарықтағы 23 жыл ішінде мен бірде‑бір депозитімді* жоғалтқан емеспін. Мен үшін әрқашан «жоғалтпау» — «табыс табу» қағидасынан маңыздырақ болды. Брокерлік компанияға алғаш жұмысқа келгенімде бұл тәсіл ер‑әріптестерімді қатты таңғалдырды. Олар үшін әйел адамның портфельді олардың басым бөлігінен тиімді басқара алуы үйреншікті емес еді.

*Депозит – инвестор немесе трейдер өзінің сауда-саттық шотына енгізетін ақша

Табысты инвестициялық портфель кепілі

Акцияларды іріктеу кезінде мен ең алдымен компаниялардың іргелі көрсеткіштеріне назар аударамын. Портфеліме тек табысы мен пайдасы өсіп келе жатқан, сондай‑ақ болашағына қатысты жоғары күтулер бар эмитенттердің қағаздарын ғана қосамын.

Инвесторға арналған жазылымда мен жоғары табысты портфелімді мынадай активтерден құрамын:

  • Портфельдің 30%‑ын хедждік, яғни қорғаныс құралдары құрайды. Бұл үшін мен бағалы металдарға арналған биржалық қорларды (ETF) қолданамын. Кейбір нарықтық жағдайларда олардың орнына облигациялық биржалық қорларды да қарастыруға болады. Физикалық алтынға арналған ETF‑ті біз 2023 жылдың тамызында қалыптастыра бастадық. 2024 жылдың көктеміне дейін алтын өспегеніне қарамастан, мен позицияны ұлғайтуды жалғастырдым.
  • Портфельдің 30%‑ы елдік, секторлық және салалық ETF‑терге тиесілі, олардың құбылмалылығы төмен. Нақты таңдау қазіргі сәтте нарықта басым болып тұрған трендтерге немесе олардың болашақтағы дамуына қатысты күтулерге байланысты анықталады.
  • Қалған 40% жеке компаниялардың акцияларына бөлінген. Шетелдік эмитенттердің, мысалы қытай компанияларының қағаздары, сондай‑ақ шағын капитализациялы сегмент өкілдері жоғары тәуекелді болып саналады. Олардың портфельдегі жиынтық үлесі 10%‑дан аспауы тиіс.

Портфель үшін міндетті ереже: бір акция портфельдің 5%‑ынан артық болмауы керек. ETF үшін үлесті 10%‑ға дейін арттыруға болады. Егер активтің үлесі өсуінен кейін белгіленген лимиттен асып кетсе — портфельдегі шамадан тыс теңгерімсіздікті болдырмау үшін позицияның аз бөлігін сатыңыз.

Әдетте біз позицияны бірден толық көлемде сатып алмаймыз. Активтер бөліп‑бөліп алынады, әрі қосымша сатып алынатын бөліктің көлемі бастапқы бөліктен үлкен болмауы тиіс.

Портфель қазір қалай көрінеді

 Хедж бөлімі.  2025 жылы жақсы табыстылықты күміс пен платинаға арналған биржалық қорлар көрсетті. Біз олардан 2026 жылдың қаңтарында шығып, тиісінше +156% және +68% нәтижелерге қол жеткіздік. Алтынға арналған ETF‑ті жаптық, кейін қайта аштық және оған қоса мысқа арналған қорды (CPER), сондай‑ақ мыс пен сирек кездесетін жер металдарын өндіретін компаниялардың ETF‑терін қостық. Палладийге арналған ETF (PALL)‑ті ұстап отырмыз.

 Индекстік бөлігі.  Бұл бөлімде бізде Russel 2000 (VTWO), S&P 500 Top 50 (XLG) индекстеріне арналған ETF‑тер, сондай‑ақ елдік биржалық қорлар бар: Үндістан (INDA), Әмірліктер (UAE), Қытай (MCHI).

 Жеке компаниялардың акциялары.   Біз шамамен 20 позиция ұстаймыз. Ең үлкен үлеске ие компаниялар — Newmont (NEM, 5%), Cameco (CCJ, 2,5%) және MP Materials (MP, 3,3%). Біз әр инвестэфирде портфельге 100 доллардан қосып отырамыз, сондықтан белгіленген сомаға сай келмейтін қымбат акцияларды сатып алмаймыз. Бұл таңдау аясын едәуір тарылтқанымен, шағын депозиті бар жазылым қатысушыларына біздің эфирлерде тікелей позициялар ашуға мүмкіндік береді. Ал депозиті едәуір үлкен инвесторлар үшін бізде «Ауқатты инвестор» деп аталатын бөлек портфель бар.

Дереккөз: Елена Беляеваның жеке портфелі

Мен портфелімде не жасамаймын

Мен ешқашан «күшейтілген» ETF‑терді (яғни қарыз қаражат тартатын қорларды) пайдаланбаймын; зиянға жұмыс істейтін эмитенттердің акцияларын да, капитализациясы 300 млн доллардан төмен компаниялардың қағаздарын да қарастырмаймын. Қазір неге екенін түсіндіремін.

Классикалық ETF-тер белгілі бір активтерден – металдардан, облигациялардан құралады. «Күшейтілген» ETF нақты акциялардан портфель құрмайды, олар фьючерстермен** және опциондармен*** жұмыс істейді. Мәселенің түпкі себебі де осында.

**Фьючерс – алдын ала белгіленген баға бойынша болашақта активті сатып алуға немесе сатуға міндеттейтін биржалық келісімшарт

***Опцион – белгілі бір бағамен акцияны сатып алуға немесе сатуға құқық беретін, бірақ міндеттемейтін құрал.

Қарапайым ETF акциялар, асыл металдар немесе облигациялар секілді базалық активтің графигін дәл қайталайды: олардың бағасы тек сол активке ғана тікелей тәуелді. Ал «күшейтілген» ETF- тердің құны қор иеленетін опциондар мен фьючерстердің бағасының өзгерісін көрсетеді, бірақ бұл бағалар базалық активтің ағымдағы қозғалысын емес, нарықтың болашақтағы қозғалыстарға қатысты күтулерін бейнелейді. Бұдан бөлеу, туынды қаржы құралдарының бағасы уақыт өте келе төмендеуге бейім. Сондықтан мұндай активтерді тек қысқа мерзімді трейдинг үшін қолданудың маңызы бар.

Шығынға бататын эмитенттерді мен айналып өтемін, өйткені олардың ешқашан пайдаға жете алмау қаупі бар. Егер шығындар ұлғая берсе, компания банкрот болу қаупі туындайды. Ондай жағдайда акция ешқандай қалпына келу мүмкіндігісіз нөлге қарай құлдырайды және сіз ақшадан айырыласыз. Зиян шегіп отырған компаниялардың акцияларымен жұмыс жасау – бұл да трейдинг, ал инвестиция үшін олар жарамсыз.

Капитализациясы төмен эмитенттерде өтімділік нашар болады: ірі қорлар оларды қағаздарын өз портфельдеріне қоспайды. Нарықта өсім трендтерін қалыптастыратын  - дәл осы инвесторлардың сатып алу әрекеттері. Жай инвесторлар, соның ішінде біз де, сол трендтерден табыс табамыз.

Жаңадан бастаушылардың жиі жасайтын қателіктері

Біздің жазылымда қатысушылардың инвестициялық стратегияларын талдау қызметі бар. Маған жазылушылар жіберген портфельдерді мен жеке өзім зерттеймін, әрі мұны мың реттен де көп жасағаным артық. Осы тәжірибеде негізінде мен жаңа бастаған инвесторлардың ең жиі жіберетін қателіктерін анықтадым.

  • Жаңадан бастағандардың ешқайсысы портфельді біртұтас жүйе ретінде қарастырмайды, сондықтан нарықтағы түзетулер кезінде оны «су бетінде ұстап тұратын активтерді қоспайды. Көп жағдайда бастаушы инвесторлар портфельді өзара байланысы жоқ, кездейсоқ таңдалған позициялардың жиынтығы ретінде қалыптастырады.
  • Көптеген жаңадан бастағандар позиция ашу идеяларын күмінді дереккөздерден, мысалы блогтардан алады және өздігінен талдау жасамайды. Интернетте көбіне жоғары тәуекелді, зиянмен жұмыс істейтін компанияларды жарнамалайды, олардың акцияларын сатып алу лоторея билетін алғанмен бірдей. Одан әлдеқайда қауіпсіз жол - Apple (AAPL), Amazon (AMZN) немесе Microsoft (MSFT) сияқты ірі, тұрақты корпорациялардың акцияларын сатып алу.  Ұзақ мерзімді перспективада дәл осы компаниялар күмәнді эмитенттерге қарағанда өсім көрсету ықтималдығы әлдеқайда жоғары. Шағын биологиялық компаниялардың акцияларын сатып алу – нарықтағы жаңадан келген инвесторлар үшін сөзсіз нашар идея.
  • Жаңадан бастағандар табысты позицияларды өте тез жауып, табыстың тек аз бөлігін ғана алады. Ал шығынды позицияларды ұзақ жылдар бойы ұстап жүреді – олар минус  60–80% деңгейіне түскенге дейін. Мұндай жағдайда бағаның бастапқы деңгейге қайта оралу мүмкіндігі мүлде болмайды, сондықтан олар амалсыздан шығынды тіркеуге мәжбұр болады.
  • Диверсификация ережелері сақталмайды. Жеке позициялар портфельде тым үлкен үлеске ие болып кетеді. Мұндай акциялардың бағасы түзетілген кезде депозит айтарлықтай төмендейді. Егер портфельдегі бір акцияның үлесі  2–5% аралығында болса, оның теріс нәтижесі шоттың жалпы көлеміне айтарлықтай әсер етпейді.

Егер сіз инвестициядағы алғашқы қадамдарыңызды жасағыңыз келсе немесе осы салада жаңа білім іздеп жүрсеңіз – сізді Инвесторға арналған жазылымға шақырамын. Мұнда мен және әріптесім  Михаил Бровкин өзіміздің брокерлік шоттарымызға қандай акцияларды сатып алатынымызды көрсетеміз және инвестициялық портфель қалыптастырғысы келетін барлық қатысушыларға көмектесеміз.

Бұл «Финансист» номері әйелдерге арналғандықтан, мен біздің оқырмандарға Инвесторға арналған жазылымның бір айына 90% жеңілдік ретінде сыйлық жасағым келеді. Осы жеңілдікпен сіз екі инвестициялық эфирге қатысып, менің авторлық инвестиция курсыма қол жеткізе аласыз және өз портфеліңізді маған талдауға жібере аласыз.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!