Финансист №1 (41) 2026

Алияр Әкімғалиев

Алияр Әкімғалиев

Freedom Broker талдаушысы

Сән-салтанаттың нәзік үйлесімі

Әйелдер люкс сегментінің трендтеріне қалай ықпал етеді

Эволюция

2025 жылы люкс санатындағы киім, аяқ киім және аксессуарлар бойынша жаһандық нарық көлемі Market Growth Reports деректеріне сәйкес $99,8 млрд болды. 2026 жылы оның $102,6 млрд-қа дейін, ал 2033 жылы $121 млрд-қа дейін өсетіні болжанады. Бұл категориядағы сұраныстың шамамен 65%-ын әйелдер қалыптастырады. Дәл солар өнімдік стратегияларды, коммуникацияларды және брендтердің басымдықтарын айқындайды.

Өлшемді сезіну

Люкс өнідеріне сұраныс ең жоғары өңірлер – Азия-Тынық мұхиты аймағы және Еуропа. Ірі экономикда саналы түрде тұтыну үрдісі белсенді дамып келеді. Шамамен 60% люкс сатып алушылары брендті таңдағанда экологиялық тазалықты, материалдың шығу тегін және компанияның әлеуметтік жауапкершілігін ескеретіндерін айтады. Бұл тренд бренд стратегияларынан көрініс табуда. Мысалы, Hermès жаңашыл технологиялармен, соның ішінде «саңырауқұлақ былғарысы»* деп аталатын материалмен эксперимент жасап жүр, ал Chanel  жануар тектес бірқатар материалдарды пайдаланудан бас тартты.

*Саңырауқұлақ негізінде жасалған инновациялық, биоыдырайтын материал

Логотипсіз

Сатып алушылардың шамамен 40%-ы люкс тауарларында ең алдымен брендтің көзге түсуін емес, сапа мен ұзақ мерзімділікті бағалайды. Осы үрдістің аясында «тыныш» сән-салтанатқа деген сұраныс артып келеді — уақытқа бағынбайтын, байлықты айқайлап көрсетпей, жоғары сапа мен ұстамдылық арқылы білдіретін бұйымдарға деген қызығушылық күшейген.

Әйелдер барған сайын люкс заттарды өз жетістіктерін белгілеу үшін сатып алуда: қызметтегі өсу, аяқталған жоба немесе маңызды өмірлік шешім сияқты оқиғаларды атап өту үшін. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің айтуынша, люкс сатып алу бұрынғыдай өзгелерге әсер қалдыру мақсатына емес, жеке қанағат сезіміне көбірек байланысты.

Жоғары табысы бар сатып алушылардың 25%-дан астамы жыл сайын люкс тауарларға $64 мыңнан астам қаражат жұмсайды, бұл көрсеткіш бойынша олар осы санаттағы ерлерден айтарлықтай озық. Әлеуметтанушылардың деректері бойынша, ерлер көбіне әлеуметтік мәртебені көрсетуге басымдық берсе, әйелдер өз жайлылығы мен өзіндік сезіміне бағытталған тауарларды таңдайды.

Люкс екінші айналымда

Люкс тауарлардың қайталама нарығы 10%-дан астам өсім көрсетуде. Қайта сату жаңа тұтыну мәдениетінің бір бөлігіне айналып, гардеробты үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді және тауарлардың жоғары сапалы сипаттамаларына деген сұранысты күшейтеді.

Бұйымның құндылығы оның уақыт өте келе бағасын сақтай алу қабілетімен өлшенеді. Сондықтан люкс ресейл нарығында жоғары өтімділігі бар сөмкелер, аксессуарлар және винтаждық заттар ерекше сұранысқа ие.

Трендтің дамуына цифрландыру ықпал етеді. Әлеуметтік желілер люкс сегментіндегі сатып алушылық шешімдерге барған сайын көбірек әсер етіп, брендтерге жаңа клиенттер алып келеді. 55 жастан асқан әйелдер белсенді онлайн‑аудиторияға айналуда. Бұл осы сегменттегі қазіргі тұтынушы туралы түсінікті кеңейтеді.

Ресейл көптеген брендтердің экожүйесінің бір бөлігіне айналды.Gucci, Burberry, Balenciaga және Alexander McQueen өз тауарларын қайта сатуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды іске қосты — бұл үшін олар өздерінің немесе серіктес онлайн‑платформалардың қызметін пайдаланады, мысалы, The RealReal және Vestiaire Collective (мұнда брендтік заттар түпнұсқалығы расталып сатылады). Chloé одан да алға шығып, тауарларға арналған цифрлық паспорттарды енгізді және олардың қайта сатылуынан түскен қаражатты қайырымдылыққа бағыттауды ұсынды.

Дәстүрлі құндылықтар

Люкс тұтынушыларының ауқымының кеңеюі бұл нарыққа тұрақтылық пен болжамдылық береді. Әйелдер люкс тауарларын жиірек қайта сатып алады, брендке ұзақ мерзім бойы адал болып қалады және тұтынушылық экожүйенің барлық кезеңіне — бастапқы сатып алудан бастап ресейлге дейін — белсенді қатысады.

Өндіруші компаниялар ең табысты категорияларға, ең алдымен аксессуарларға, сондай-ақ былғары және оның инновациялық баламаларынан жасалған бұйымдарға назар аударады. Бұл бизнеске тұрақты ақша ағынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Люкс сегментіне қойылым жасайтын инвесторлар тұтынушылық мінез-құлық үлгілерінің ұзақ мерзімді трансформациясына қаржы құйып отыр. Бұл өзгерістердің өзегінде — әйелдердің қаржылық дербестігінің артуы және тұтынудың логикасының түбегейлі ауысуы тұр. Қазіргі люкс көптеген адамдар үшін әлеуметтік мәртебені көрсету емес, саналы таңдау мен өмір сапасының жоғарылығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!