Финансист №2 (42) 2026

Даниэль Байсейітов

Даниэль Байсейітов

Freedom Finance Global клиенттермен жұмыс бойынша аға менеджері

Жинау керек пе, әлде жұмсау керек пе

Зумерлер 45 жаста зейнетке шыққысы келеді: F.I.R.E. қозғалысы

Шешімі бар

1992 жылы Вики Робин мен Джо Домингес «Сіздің ақшаңыз немесе сіздің өміріңіз» атты кітап шығарып, жеке қаржының табиғатын қайта ұғынуды ұсынды. Олар қаржыны адам өмірінде өткізген жылдардың тікелей баламасы ретінде қарастыруды алға тартты.

Осы қабылдаудағы өзгеріс мінез-құлықтық модельдің негізін қалады. Бұл модель бірнеше онжылдықтан кейін бигтех компаниялары акцияларының өсуі мен өмір сапасын төмендетпей-ақ зейнетке қомақты қаражат жинауға мүмкіндік алған, жоғары жалақы алатын ІТ-мамандардың тұтас буынының қалыптасуының арқасында жүзеге асты. Кейін бұл идеяны қаржылық блогерлер мен онлайн қауымдастықтар іліп әкетті. Қозғалыс F.I.R.E (Financial Independence, Retire Early) деген ықшам атауға ие болды, оны «қаржылық тәуелсіздік және ерте зейнетке шығу» деп аударуға болады.

Парадигманың өзгеруі

«Файер» қозғалысының жақтастарының негізгі мақсаты – кәрілікке дейін-ақ өзін жеткілікті қаржылық қорымен қамтамасыз ету. Goldman Sachs Asset Management компаниясының 2023 жылғы инвестициялар мен зейнетақыны жоспарлау жөніндегі зерттеуінде америкалық Z буыны өкілдерінің 44%-ы 60 жасқа дейін зейнетке шығуды жоспарлайтыны айтылған. Бұл мақсатқа өмірге және тұтыну әдеттеріне деген көзқарасты түбегейлі қайта қарастырмағанша жету мүмкін емес. F.I.R.E стратегиясының үш негізгі қағидаты дәл осыған негізделген.

  • Барынша үнемдеу. Негізгі элемент – өмір сапасын төмендетпей, ай сайынғы табыстың  50–70%-ын жинақтауға ұмтылу. Бұл қаржы кеңесшілерінің көпшілігі ұсынатын 10–15% деңгейінен мүлдем басқаша. Мұндағы математикалық қисын қарапайым: табыстың жартысын жинақтау арқылы қаржылық тәуелсіздікке шамамен 17 жылда жетуге болады, ал табыстың үштен екісіне жуығын резервке аударған жағдайда – 10 жылға жетпей. Осындай жинақ ноормасымен қажетті қаржылық «қауіпсіздік жастығы»  40–45 жасқа қарай қалыптасады. 
  • Мақсатты капиталды жинақтап, «4%» ережесін ұстану. Қажетті инвестициялық портфель көлемін анықтау үшін F.I.R.E  жақтастары жылдық шығындарынан 25 есе көп соманы жинауды мақсат етеді, содан кейін капиталдан инфляцияны ескере отырып, жыл сайын 4% алуды көздейді. Мысалы, жылдық шығындар $40 мыңды құраса, мақсатты капитал $1 млн болуы тиіс. Кейбір аналитиктер қаржылық түрақтылықтың қосымша қорын қалыптастыру үшін капиталдан алу үлесін 3–3,5% дейін төмендетуді ұсынады. 
  • Ұзақ мерзімге инвестициялау. Қажетті деңгейге дейін капиталды арттыру жүйелі инвестициялаусыз мүмкін емес. Стандартты тәсіл төмен комиссиясы бар, әртараптандырылған индекс қорларына, әсіресе S&P 500 индексі негізіндегі ETF-терге инвестиция салуды көздейді. Портфельді облигациялармен және басқа да активтер сыныптарымен толықтырған жөн. Индекстік қорларды F.I.R.E қозғалысының негізгі насихаттаушыларының бірі, «Байлыққа апарар қарапайым жол» (The Simple Path to Wealth) кітабының авторы Дж. Л. Коллинз де басым таңдауы ретінде қарастырады.

Артықшылықтары мен кемшіліктері

F.I.R.E. сыншыларының уәждері де аз емес, олар бұл стратегияны өміршең емес деп санайды. Ең алдымен, олар 50–70% деңгейіндегі жинақ нормасын қабылдамайды. Тұрғын үй, медицина және негізгі тұтыну тауарларының құны тұрақты өсіп отырған жағдайда мұндай көрсеткіш орташа табысы бар қызметкерлер үшін іс жүзінде қолжетімсіз. Бұған қоса, болжау қиын жүйелік тәуекелдер қосымша қысым тудырады: қаржы нарықтарындағы құбылмалылық, салықтық реттеудегі өзгерістер және өзге де факторлар. Бастапқы есептік параметрлерден тіпті шамалы ауытқулардың өзі, әсіресе зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары, қалыптастырылған инвестициялық портфельдің тұрақтылығын әлсіретуі мүмкін.

Әрине, F.I.R.E. әдісі кедейліктен құтқаратын әмбебап шешім емес. Соған қарамастан, оның негізгі қағидаттары – жинақтың жоғары нормасы, жүйелі инвестициялау және шығындарды саналы бақылау – ерте зейнетке шығу түпкі мақсат болсын-болмасын, ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықтың берік негізін қалауға көмектеседі. Ақыр соңында, рантьерлік өмір салты кез келген табыс деңгейіндегі адамдар үшін тартымды болып көрінеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!