Инвестициялық шолу №330. Пайда батыл адамдарды жақсы көреді

Тимур Турлов
CEO Freedom Holding Corp.
Шатдаун — әрекет ететін уақыт!
2025 жылғы қазанның бірінші күні Америка үкіметінің жұмысы 1970 жылдан бері 21 рет тоқтатылды. Республикашылдар мен демократтар кезекті рет оны қаржыландыру параметрлері туралы келісе алмады. Жұмыспен қамту, тұтыну бағалары, ЖІӨ статистикасына жауап беретін федералдық ведомстволар инвесторларға экономиканың жай-күйін бағалау үшін база ретінде жеке сектордың еңбек нарығының индикаторлары мен корпоративтік есептілікті ғана қалдырып, ақы төленбейтін демалысқа кетті. Деректердің қалыптасқан тапшылығы қазіргі белгісіздікті ушықтырып отыр, себебі биржалық ойыншылар қысқа мерзімді операциялық іркілістерді де, бюджет саясаты үшін ағымдағы жағдайдың ұзақ мерзімді салдарын да ескеруге тырысады. Нәтижесінде 29 қазанда ФРЖ өзекті макроэкономикалық деректердің жоқтығында мөлшерлеме туралы шешім қабылдауға тура келеді деген тәуекел артады.
Аталған белгісіздіктің күшеюі кейбір инвесторларға салқын шешімдер қабылдауға кедергі келтіреді. Алайда кез келген жағдайда ең алдымен фактілерге қарап, нарық қозғалысын байыпты бағалаған жөн. 1976 жылдан бастап S&P 500 орта есеппен сегіз күнге созылатын шатдаун кезеңдерінде тұрақты болып қалады. Бенчмарк тарихи тұрғыдан үкіметтің жұмысы қайта басталғаннан кейінгі бірінші айда 1,2% және келесі үшеуінде 2,9% орташа өсімді көрсетеді. Оның үстіне, Трамптың 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың қаңтарына дейінгі 35 күндік рекордтық шатдаун кезінде үш негізгі Уолл-стрит индексі 11-13%-ға өсті. Бұл жерде, сөзсіз, жергілікті максимумдардан 20% -ға алдыңғы түзетуді және тиісінше, төмен базаның әсерін ескеру қажет, бірақ жағымды көрініс сақталды және бұл негізгі факт.
Polymarket мәліметінше, ағымдағы шатдаунға қатысты консенсус оның ұзақтығын 17 күнге белгілейді, бұл осы фактордың баға белгілеуге елеулі әсерін болдырмайды. Тіпті үкіметтің жұмысы 35 немесе одан да көп күн үзіліске тұрса да, бұл ФРЖ-ның тәуекел менеджменті аясындағы мөлшерлемесін төмендетуіне алып келеді. Бұл тек «Керемет сегіздік» акцияларын ғана емес, тәуекелді активтерді де (тез өсіп келе жатқан залалды эмитенттер, шағын компаниялар немесе IPO-ға шығатын компаниялар) ұстап тұруға тиіс. Сондай-ақ VIX «қорқыныш индексі» 17 тармақтан төмен екенін ескеру қажет, бұл инвесторлардың ахуалдың дамуына қатысты елеулі қауіп-қатердің жоқтығын білдіреді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, бұрынғысынша «нарықта» қалуды ұсынамыз. Оның үстіне, қазір белсенді түрде «тәуекел жасауға» болады: кірістілік жағынан жылдың ең үздік тоқсаны басталды. Егер құбылмалылық алаңдататын болса, кең нарыққа (ETF SPY) немесе (технологиялық активтерге жоғары экспозиция кезінде) — 100 ірі технологиялық компанияға (ETF QQQ) хедж сатып алу керек. Инвесторлар үшін дәстүрлі «тыныштандыру құралы» — алтын. В Сәуір айында біз осы құрал бойынша бір унция үшін $4000 деп белгіледік, және бұл мақсатқа алтын баға белгіленімдері жетті, бірақ әзірге рекордтық көрсеткішке орындай алмадық. Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 95% таяу 12 ай ішінде орталық банктердің жаһандық алтын қорлары ұлғаяды деп күтеді. Бұл институционалдар тарапынан да, бөлшек инвесторлар тарапынан да сұранысты қолдайды. Әсіресе ол Азия биржаларындағы ойыншыларда белсенді түрде күшейе түсуде. Мұнда соңғы екі тоқсанда қымбат металдармен сауда-саттық көлемі күрт ұлғайды, ал сатып алу ұсынысының ең жоғары бағасы мен алтынның фьючерстеріндегі сату ұсынысының ең төмен бағасы (bid ask spread) арасындағы айырмашылық тарылды. Бұл қызығушылықтың жоғары екендігін білдіреді. Менің ойымша, мұндай жағдайда алтын алдағы 12 айда бір унциясы үшін $4400 деңгейіне дейін жетуі мүмкін, бірақ егер оның портфельдегі үлесі 10% -ға жақындап қалса немесе осы белгіден асып кетсе, оны 2-5% -ға дейін қысқартып, осы тамаша раллидің табысын тіркеуге кеңес береміз.