Инвестициялық шолу №350. Бағдардың өзгеруі
LONG CALL ON NOW
Идея мәні
ServiceNow-ды қайта бағалау үрдісінің жалғасуына страйк 105 АҚШ доллары болатын call опционын сатып алу арқылы ставка жасау ұсынылады. Екінші тоқсанда жазылымдардан түсетін табыстың өсімі қайтадан 20%-дан асты, ал компания жылдық болжамын жақсартты. Жасанды интеллектке негізделген өнімдер қазірдің өзінде табыс әкеліп отыр және олардың кірісі жалпы көлемі 29 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімшарттық міндеттемелер есебінен әрі қарай да өседі деп күтілуде. Бұл болашақтағы түсімдердің жоғары деңгейде болжамдылығын қамтамасыз етеді және ServiceNow компаниясының корпоративтік секторда жасанды интеллектті енгізуден негізгі пайда көретін компаниялардың бірі екенін растайды. Сонымен қатар, қазіргі бағалар бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушілері секторына қатысты нарықтағы белгілі бір скептицизмді көрсетіп отыр. Бұл акция бағасының одан әрі қалпына келуі мен өсуі үшін қосымша мүмкіндік қалдырады.
Басты тәуекелдер
Екінші тоқсанның нәтижелері ішінара мемлекеттік тапсырыстар бойынша түсімді жеделдетіп тануға байланысты болды, ал компанияның болжамы (гайденсі) әлі де сақтық сипатында қалып отыр. Тәуекелдердің қатарында сектордағы мультипликаторлардың төмендеуі және сатып алынған активтерді интеграциялауға жұмсалатын шығындар бар. Сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған бүйірлік қозғалыс жағдайында уақыттық құнның жоғалуы (time decay) опциондық позицияға теріс әсер етуі мүмкін. Бұл әсіресе call опционын ұстаушылар үшін маңызды, себебі базалық актив бағасы айтарлықтай өспесе, опционның құны уақыт өте келе төмендей береді.
Тәуекелдерді басқару
Егер экспирация күні, яғни 18 қыркүйекте базалық активтің бағасы 105 АҚШ долларынан жоғары, бірақ 114,8 АҚШ долларынан төмен болса, инвестор шығынға ұшырайды. Шығын мөлшері актив бағасының нақты деңгейіне байланысты болады. Егер базалық активтің бағасы 105 АҚШ долларынан төмен болса, шығын төленген 980 АҚШ доллары көлеміндегі премиямен шектеліп, ең жоғары деңгейіне жетеді. Базалық актив бағасы 114,8 АҚШ долларына тең шығынсыздық нүктесіне жеткен кезде, инвестициялық идея пайда әкеле бастайды. Позицияны премия бойынша мақсатты баға 17 АҚШ долларына жеткенге дейін ұстап тұру ұсынылады.
Мәміле параметрлері
| Сатып алу | Long Call on NOW |
| Страйк | Long CALL 105 |
| Опцион | +NOW.18SEP2026.C105 |
| Экспирация күні | 18.09.2026 |
| Ұстау мерзімі | төрт аптаға дейін |
| Маржалық қамтамасыз ету | $980 |
| Премия | $9,8 |
| Шығу бағасы (премия бойынша мақсатты деңгей) | $17 |
| Ең жоғары пайда | ∞ |
| Ең жоғары шығын | ($980) |
| Күтілетін пайда | $720 |
| Күтілетін кірістілік | 73,5% |
| Залалсыздық нүктесі (шығынсыздық нүктесі) | $114,8 |
Пайда/залал кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері
