Инвестициялық шолу №350. Бағдардың өзгеруі

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Жапондық флешбэктер

Ең маңыздысы

Екі жыл бұрын, 2024 жылғы 31 шілдеде Жапония банкі күтпеген жерден пайыздық мөлшерлемені көтерді, ал 2 тамызда АҚШ-та жұмыспен қамту бойынша әлсіз есеп жарияланды. Соның нәтижесінде иена төрт сауда күні ішінде долларға шаққанда 152,78-ден 141,69-ға дейін нығайды. Қорқыныш индексі VIX шамамен 17-ден 66 пунктке дейін секіріп, S&P 500 индексі 5,8%-ға төмендеді, ал жапондық Nikkei бір ғана сауда сессиясында 12,4%-ға құлдырады. Бұған негізгі себеп carry trade операцияларының жаппай жабылуы болды. Бұл стратегия бойынша инвесторлар арзан иенаны қарызға алып (Жапонияда мөлшерлеме ұзақ жылдар бойы нөлге жуық деңгейде сақталды), оны долларға айырбастайды. Ал доллар қаражатын өсіп жатқан америкалық нарыққа, ең алдымен акцияларға инвестициялайды. Әдетте мұндай жағдайда тұрақты табыстылығы бар құралдар пайдаланылады, бірақ бұл жолы ашкөздік басым түсті. Иена күрт қымбаттағанда, бүкіл тізбекті кері айналдыруға тура келеді: қымбаттап кеткен қарызды қайтару үшін акциялар сатылады. Осылайша валюталық оқиға бүкіл әлемдік акциялар нарығындағы жаппай сатылымға түрткі болады.

Бүгінде ұқсас, бірақ ауқымы әлдеқайда үлкен жағдай қалыптасып отыр. Бір доллар 163,9 иенаға тең: жапон валютасы соңғы 40 жылдағы ең төменгі деңгейіне жетті. Хедж-қорлардың иенаның одан әрі әлсіреуіне жасаған ставкалары (қысқа позициялар) 11,3 млрд долларға дейін жетіп, соңғы тоғыз жылға жуық уақыттағы ең жоғары көрсеткішті көрсетті. Халықаралық есеп айырысулар банкі мұндай позициялардың көлемін туынды қаржы құралдарын қоса есептегенде 261 млрд доллардан 1 трлн долларға дейін бағалайды. Нарықтағы шиеленісті ФРЖ-ның «қатаң ақша-несие саясатын» қолдайтын Кевин Уорштың ықтимал әрекеттеріне қатысты күтулер күшейтті. Мұнай бағасының қайтадан 100 доллардан жоғары көтерілуі аясында нарық мөлшерлеменің жоғары қарай қайта қаралу ықтималдығын 36% деп бағалады. Сонымен қатар инвесторлар тосынсый Жапония банкінен де келуі мүмкін екенін түсінді, дегенмен бұл реттеуші әдетте болжамсыз әрекеттерімен ерекшеленбейді.

Жапония үкіметі 1995 жылдан бері алғаш рет мөлшерлемені 1%-ға дейін көтерді. Ал сәуір және мамыр айларында мемлекеттің иенаны сатып алуына 72,5 млрд доллар жұмсалды. Билік тек спекулянттармен ғана емес, өз азаматтарының мінез-құлқымен де күресіп жатыр. NISA деп аталатын салықтан босатылған шоттар арқылы (жергілікті деңгейдегі ЖЗШ-ның баламасы) жапондықтар 2024 жылы 10,4 трлн иена көлемінде шетелдік акциялар сатып алды, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш тағы 9,4 трлн иенаға жетті. Бұдан бөлек, бұл үрдіс жалғасуы мүмкін. Себебі тұрғындардың 2 200 трлн иенаға (14 трлн доллар) бағаланатын жинақтарының жартысынан астамы әлі де депозиттерде сақтаулы тұр.

Өткен оқиғалар нарықтың әлсіз тұстарын айқын көрсетеді. Инвесторлар күтпеген жағдайларға дайын болуы қажет, тіпті S&P 500 индексі небәрі екі аптада қалпына келгеніне қарамастан. Мұндай жағдайлар әсіресе қаражатты иықтық қаржыландырумен (левереджбен) саудалайтындар үшін қауіпті: нарық қайта көтерілуге үлгермей тұрып, брокер маржин-колл салдарынан позицияны жауып тастауы мүмкін. 2024 жылдың көктемінде, Nikkei индексі 1989 жылдан бері алғаш рет тарихи максимумын жаңартқаннан кейін көп ұзамай, біз iShares MSCI Japan ETF (EWJ) қорын сатып алу тартымды екенін айтқан болатынбыз. Содан бері бұл қор шамамен үштен бірге қымбаттады. Ұзақ мерзімді перспективада біз жапон активтеріне әлі де оң көзқараспен қараймыз, алайда 2024 жылғы тамыздағыдай түзетулер алдағы уақытта да қайталана береді. Сондықтан портфелінде осындай құралдары бар инвесторлар мұндай сценарийге алдын ала дайындалғаны жөн. Жеке инвесторлар үшін ең тиімді шешімдердің бірі хедж ұстау болып саналады. Мысалы, өтеу мерзімі екі айға дейінгі жапон ETF-іне put опционын иелену және иена бағамын мұқият бақылау қажет. Әдетте иенаның бірнеше күн ішінде 3–4%-ға нығаюы жаппай сатылымдардың ерте белгісі болып келген. Сонымен қатар әртараптандырудың маңызын ұмытпаған жөн. Өйткені жапон инвесторларының өзі америкалық активтерді сатып алуды жөн көреді. Біз де бұл көзқараспен келісеміз. Біздің талдаушылардың стратегиялық есебіне сәйкес, алдағы 12 айға арналған S&P 500 индексінің мақсатты деңгейі 8150 пунктті құрайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!