Инвестициялық шолу №332. «Бұқалар» бигтехке ауысты
S&P 500 24.10.2025 – 30.10.2025 дейін
АҚШ қор нарығы бойынша ең маңызды оқиғалар бір бетте
24.10.2025 — 6791 - Жалпы тұтыну бағалары индексі (CPI) қыркүйек айында айлық есеппен 0,31%-ға өсті, ал базалық индекс — 0,23% (консенсус: тиісінше 0,4% және 0,3%).
29.10.2025 — ▲6890
- NVIDIA АҚШ Энергетика министрлігі үшін AI-суперкомпьютерін іске қосатынын, Uber және Palantir-пен серіктестігін және Nokia-ға 1 млрд доллар инвестиция салатынын хабарлады. Осы жаңалықтар аясында компанияның капитализациясы 5 трлн долларға жетті.
- Boeing (BA) үшінші тоқсанда 737 сериялы лайнерлер өндірісін айына 42 бірлікке дейін арттырды. Операциялық ақша ағыны оң аймаққа шығып, 1,1 млрд долларды құрады.
- ФРЖ мөлшерлемені 25 б.п.-қа төмендетіп, 3,75–4% деңгейіне жеткізді және 1 желтоқсаннан бастап QT бағдарламасының аяқталатынын жариялады. Реттеуші басшысы Джером Пауэлл желтоқсандағы ақша-несие саясатын жұмсарту жалғасатынына кепілдік бермеді.
30.10.2025 — ▼6822
- Amazon (AMZN) AWS бөлімшесінің өсуі үшінші тоқсанда 2022 жылғы рекордтық деңгейге дейін жеделдеді, ал оның портфелі 200 млрд долларға жетті. Осы аяда компания акциялары 11%-ға өсіп, тарихи максимумды жаңартты.
- Eli Lilly шілде-қыркүйек кезеңі бойынша EPS көрсеткішін 7,02 доллар деңгейінде жариялады (консенсус: 5,92 доллар). Mounjaro және Zepbound препараттарының сатылымы алғаш рет 10 млрд доллардан асып, компанияның GLP-1 сегментіндегі көшбасшылығын күшейтті.