Инвестициялық шолу №337. Хедж бағамы
LONG CALL ON VISA
Идея мәні
Visa — әлемдегі ең ірі жаһандық төлем желісі, ол транзакцияларды өңдеу және банктер мен басқа да коммерциялық құрылымдарға қызмет көрсету арқылы табыс табады. Инвестидея эмитент акцияларының шамамен сегіз апталық көкжиекте өсуіне тактикалық ставка қоюға негізделген және оны call-опцион сатып алу арқылы іске асыру ұсынылады. Тәуекел премия көлемімен шектеледі, ал базалық активтің қозғалысы жеделдеген жағдайда пайданы арттыру әлеуеті өседі.
Сценарийдің жүзеге асуына қолма-қол емес төлемдерге деген тұрақты сұраныс және бизнес сапасы факторы (тұрақты ақша ағындары мен жоғары маржиналдылық) әсер етеді.
Басты аргументтер
- Visa қолма қол ақшасыз транзакциялар өсімін тиімді монетизациялайды, әрі жекелеген ритейлерлердің немесе банктердің табысына тәуелді емес.
- Халықаралық (cross border) төлемдер компанияның кіріс құрылымын жақсартып, рентабельділікті қолдайды.
- Қызметтік табыстың өсуі (алдауды болдырмау жүйелері, аналитика, тәуекелдерді басқару шешімдері) бизнестің тұрақтылығын күшейтеді.
- Қысқа мерзімді өсу драйверлері ретінде «сапалы» компанияларға сұраныс және қаржылық көрсеткіштер жөніндегі болжамдардың жақсаруы бола алады.
Тәуекелді басқару
Егер экспирация күні — 20 наурызда — базалық активтің бағасы $235-тен жоғары, бірақ $248,7 деңгейіне жетпесе, инвестор нақты котировкаға байланысты өзгеріп отыратын зиянға ұшырайды. Базалық активтің бағасы $235-тен төмен болса, зиян максималды $1370 мөлшеріне жетеді. Ал егер базалық активтің бағасы $248,7 залалсыздық нүктесінен жоғары көтерілсе, әлеуетті пайда шектелмейді. Алайда біз опционның call бағасы $2050 белгісіне жеткен кезде позицияны жабуды ұсынамыз.
Мәміле параметрлері
| Сатып алу | Long Call on V |
| Страйк | Long CALL 235 |
| Опцион | +V*G3K235 |
| Экспирация күні | 20.03.2026 |
| Маржалық қамтамасыз ету | $1370 |
| Шығу бағасы (премия бойынша мақсат) | $2050 |
| Максималды пайда | Inf |
| Максималды шығын | ($1370) |
| Күтілетін пайда | 50% |
| Залалсыздық нүктесі | $248,7 |
Кіріс/шығын кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері
