Инвестициялық шолу №340. Жарылған бомба әсері
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom Broker Aitu-ға қосылды
Freedom Broker ұлттық мессенджер Aitu-ға қосылып, клиенттермен өзара әрекеттесудің цифрлық арналарының аясын кеңейтті. Енді Aitu SuperApp пайдаланушылары компанияға тікелей бизнес-чат арқылы, іздеу жолағына Freedom Broker деп енгізу немесе сілтеме арқылы өту арқылы жүгіне алады.

Коммуникация гибридті модель қағидаты бойынша құрылды: алғашқы кезеңде диалогқа типтік сұрауларды жедел өңдейтін интеллектуалды бот қосылады. Егер сұрақ қосымша көмекті талап етсе немесе клиент маманның кеңесін сұраса, өтініш автоматты түрде Freedom Broker операторларына жіберіледі. Чатта мәтіндік хабарламалар, сондай ақ файлдарды екі тарапқа да жіберу және алу мүмкіндігі қолжетімді.
Aitu SuperApp пен интеграция Freedom Broker үшін клиенттердің ыңғайына бағытталған омниканалды қызмет көрсету моделін және цифрлық инфрақұрылымды құру жолындағы кезекті қадам болды.
Freedom Finance Global жылды қорытындылады
Холдингтің 2025 жылғы таза пайдасы өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда 33,5%-ға қысқарып, $115,1 млн болды. Бұл динамика көбінесе операциялық шығындардың $64,3 млн-ға өсуімен түсіндіріледі. Сонымен бірге, пайыздық кірістер $52,6 млн ға (+19%) артты. Комиссиялық шығындардың 77%-ға өсуі комиссиялық кірістердің 107%-ға ұлғаюымен қатар жүрді.
Freedom Finance Global активтері өткен жылы 11,8% ж/ж өсіп, $295,8 млн-ға жетті, бұл компания шоттарындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары көлемінің 206% ж/ж артуының арқасында мүмкін болды. Холдингтің міндеттемелері 59%-ға қысқарып, $65,6 млн болды, бұл алдыңғы есептік кезеңде есептелген $94 млн көлеміндегі дивидендтердің төленуімен байланысты.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның меншікті капиталы бөлінбеген пайданының артуы нәтижесінде 248% ж/ж өсіп, $369,1 млн-ға жетті.
Freedom Finance Global 2025 жылғы 29 желтоқсанда Астана халықаралық қаржы орталығының реттеушісі — Astana Financial Services Authority (AFSA) тарапынан жаңартылған лицензия алды. Жаңартылған лицензия аясында компания өз клиенттеріне кастодиалдық қызметтерді тікелей брокер ішінде көрсетуге (Providing Custody), сондай ақ клиенттердің активтерін басқа есеп айырысу ұйымдарында кастодиалдық сақтауды ұйымдастыруға (Arranging Custody) құқықты бекітті.