Инвестициялық шолу №340. Жарылған бомба әсері
S&P 500 25.02.2026 — 06.03.2026 дейін
S&P 500 индексінің негізгі жаңалықтары мен мәндері
25.02.2026 — 6946
- NVIDIA (NVDA) компаниясының 2026 қаржы жылының төртінші тоқсанына арналған нәтижелері консенсус болжамдардан асып түсті. Негізгі үлесті дата орталықтар сегментінің өсімі қамтамасыз етті
26.02.2026 — 6908
- Dell Technologies (DELL) компаниясының соңғы тоқсандағы пайдасы мен түсімі, сондай ақ инфрақұрылымдық және клиенттік сегменттердің өсу қарқыны нарық күтулерінен жоғары болды
27.02.2026 — 6878
- АҚШ тың өндірушілер бағасының жалпы индексі (PPI) қаңтар айында айлық есепте 0,48% өсті, ал азық түлік пен энергия ресурстарын қоспағандағы базалық индекс 0,8% ға көтерілді. Бұл көрсеткіштер желтоқсандағы тиісінше 0,43% және 0,59% өсімнен кейін тіркелді
04.03.2026 — 6869
- Broadcom (AVGO) 2026 қаржы жылының бірінші тоқсанындағы түсімі мен рентабельдігі консенсустық болжамдардан асып түсті. Компанияның жасанды интеллектке қатысты бизнес сегменті жаңа келісімшарттардың есебінен нығайды
06.03.2026 — 6740
- АҚШ тағы жұмыссыздық деңгейі ақпанда 4,44% ға дейін көтерілді (консенсус: 4,3%), ал ауыл шаруашылығынан тыс секторлардағы жұмыспен қамтылғандар саны 92 мың адамға қысқарды, дегенмен нарық олардың 55 мыңға өсуін күткен еді
- АҚШ тағы ақпан айындағы жалпы бөлшек сауда көлемі айлық есепте 0,16% ға азайды. Ал бақылау тобына кіретін тауарлар бойынша көрсеткіш 0,35% ға өсті (консенсус тиісінше: +0,1% және +0,3%)