Инвестициялық шолу №337. Хедж бағамы

LONG CALL ON VISA

Опцион идеясы

Идея мәні

Visa — әлемдегі ең ірі жаһандық төлем желісі, ол транзакцияларды өңдеу және банктер мен басқа да коммерциялық құрылымдарға қызмет көрсету арқылы табыс табады. Инвестидея эмитент акцияларының шамамен сегіз апталық көкжиекте өсуіне тактикалық ставка қоюға негізделген және оны call-опцион сатып алу арқылы іске асыру ұсынылады. Тәуекел премия көлемімен шектеледі, ал базалық активтің қозғалысы жеделдеген жағдайда пайданы арттыру әлеуеті өседі.

Сценарийдің жүзеге асуына қолма-қол емес төлемдерге деген тұрақты сұраныс және бизнес сапасы факторы (тұрақты ақша ағындары мен жоғары маржиналдылық) әсер етеді.

Басты аргументтер

  • Visa қолма қол ақшасыз транзакциялар өсімін тиімді монетизациялайды, әрі жекелеген ритейлерлердің немесе банктердің табысына тәуелді емес.
  • Халықаралық (cross border) төлемдер компанияның кіріс құрылымын жақсартып, рентабельділікті қолдайды.
  • Қызметтік табыстың өсуі (алдауды болдырмау жүйелері, аналитика, тәуекелдерді басқару шешімдері) бизнестің тұрақтылығын күшейтеді.
  • Қысқа мерзімді өсу драйверлері ретінде «сапалы» компанияларға сұраныс және қаржылық көрсеткіштер жөніндегі болжамдардың жақсаруы бола алады.

Тәуекелді басқару

Егер экспирация күні — 20 наурызда — базалық активтің бағасы $235-тен жоғары, бірақ $248,7 деңгейіне жетпесе, инвестор нақты котировкаға байланысты өзгеріп отыратын зиянға ұшырайды. Базалық активтің бағасы $235-тен төмен болса, зиян максималды $1370 мөлшеріне жетеді. Ал егер базалық активтің бағасы $248,7 залалсыздық нүктесінен жоғары көтерілсе, әлеуетті пайда шектелмейді. Алайда біз опционның call бағасы $2050 белгісіне жеткен кезде позицияны жабуды ұсынамыз.

Мәміле параметрлері

Сатып алу Long Call on V
Страйк Long CALL 235
Опцион +V*G3K235
Экспирация күні 20.03.2026
Маржалық қамтамасыз ету $1370
Шығу бағасы (премия бойынша мақсат) $2050
Максималды пайда Inf
Максималды шығын ($1370)
Күтілетін пайда 50%
Залалсыздық нүктесі $248,7
 

 

Кіріс/шығын кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!