Инвестициялық шолу №338. Вектор ауысымы

LONG CALL ON BIDU

Опцион идеясы

Идея мәні

Baidu (BIDU) акцияларына шамамен сегіз апталық көкжиекпен call опцион сатып алу идеясы компания жариялаған buyback және дивидендтер нарықтың қағазға деген қызығушылығын арттыра береді деген болжамға негізделген. Опцион үшін бұл маңызды, өйткені базалық активтің бағасы өскен кезде опцион сыйақысы (premium) жеделдетілген қарқынмен артады. Сонымен қатар есеп беру кезеңі жақындаған сайын волатильділіктің күшеюі опционның өзіндік құнын қосымша қолдауы мүмкін.

Басты аргументтер

  • Baidu 2028 жылға дейінгі $5 млрд көлеміндегі кері сатып алу бағдарламасын бекітті, бұл қағаздар бойынша «бұқа» көңіл күйді қолдауға ықпал етеді.
  • Компанияның тұрақты дивидендтік төлемдерге көшуі ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиямен жүретін инвесторларды көбірек тартуы мүмкін.
  • Есептіліктің жариялануы болжамдарды қайта қарауға әкелуі мүмкін. Нәтижелер шыққанға дейін әдетте акцияларға да, оларға қатысты опциондарға да қызығушылық күшейеді, бұл сыйақы деңгейін қолдап тұруға мүмкіндік береді.

Тәуекелді басқару

Егер экспирация күні — 17 сәуірде — базалық активтің бағасы $145-тен жоғары, бірақ $158,7-тен төмен болса, инвестор шығынға ұшырайды, оның мөлшері нақты баға деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.Базалық активтің құны $145-тен төмен болған жағдайда инвестор максималды шығынға — $1370 мөлшерінде тап болады.

Ал егер баға белгілеу $158,7 деңгейіндегі залалсыздық нүктесінен жоғары орнықса, потенциалды пайда шексіз болады. Дегенмен, біз call опционның құны $1900 деңгейіне жеткен кезде позицияны жабуды ұсынамыз.

Мәміле параметрлері

Сатып алу Long Call on BIDU
Страйк Long CALL 145
Опцион +BIDU*G4H235
Экспирация күні 17.04.2026 
Маржалық қамтамасыз ету $1370
Шығу бағасы (премия бойынша мақсат) $1900
Максималды пайда Шексіз
Максималды шығын  ($1370)
Күтілетін пайда 39%
Залалсыздық нүктесі $158,7

 

Кіріс/шығын кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!