Инвестициялық шолу №326. Екі оттың арасында

Шағын қаржыландыру компаниясының сегментіне шолу

Small-caps

Standard Motor Products (SMP) - 100 жылдан астам тарихы бар қайталама нарыққа арналған автобөлшектердің жетекші тәуелсіз өндірушісі және дистрибьюторы. 2024 жылдың соңында аяқталған Nissens Automotive сатып алу жөніндегі мәміле Солтүстік Америка бизнесін дамыған еуропалық дистрибуция желісімен біріктіру есебінен эмитенттің позициясын нығайтты. Автокөлік жөндеу және сервис қызметтеріне сұраныс тұрақты күйінде қалып отыр. Көбіне автокөлік иелері жаңа көлік сатып алмай, қолда бар машинаны жөндеп алған дұрыс деген пікірде: АҚШ пен Еуропадағы автопарк көліктерінің орташа пайдаланылу мерзімі көп жыл бойы барынша жоғары көрсеткіште. Сонымен қатар, көлік құралдарының жалпы саны тұрақты өсуде. Осының есебінен автосервистер клиенттерінің ықтимал базасы ұлғаюда. Географиялық экспансия, Nissens интеграциясының күтілетін синергетикалық әсері, қатысатын өңірлерде автопарктің қартаюы және өсуі Standard Motor түсімінің одан әрі өсуі мен рентабельділігі үшін қолайлы негіз болып отыр. Freedom Broker-дің SMP акциясы бойынша 12 ай көкжиегіндегі таргеті - $42.

Mueller Industries (MLI) - АҚШ-тағы құбырларға, жылыту және үй-жайларды желдету жүйелеріне, ауаны баптау және басқа да коммуналдық инфрақұрылымға арналған мыс, жез, алюминий және пластикалық компоненттерді жетекші өндіруші. Тұрғын үй құрылысы индустриясындағы аса қолайлы емес конъюнктураға қарамастан, Mueller өз көрсеткіштерін өнімді тиімді сатудың, шығындарды қатаң бақылаудың және мемлекет қолдауына ие нарықтарға қатысуды кеңейтудің арқасында жақсартуды жалғастыруда. Маржаның өсуі және ақша ағынының тұрақты генерациясы таза ақшалай позициямен үйлесімде  баламалардан озыңқы қаржылық көрсеткіштер серпіні жағдай жасайды, сондай-ақ бизнесті тік интеграциялау мен әртараптандыруды күшейте отырып, M&A мәмілелерін жүргізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Mueller девелопмент секторындағы жағдайға қарамастан тұрақтылықты сақтау қабілетін дәлелдеп, рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Freedom Broker-дің MLI акциясы бойынша 12 ай көкжиегіндегі таргеті - $99.

Cooper-Standard Holdings (CPS) - автоөнеркәсіпке арналған құрама бөлшектерді өндіруші, автомобиль есіктері үшін тығыздау жүйелерін жеткізу бойынша әлемдік көшбасшы, отын және тежегіш сұйықтығын беру жүйесін шығаратын маңыздылығы жағынан екінші компания. Соңғы үш жылда Cooper-Standard түсімінің 50% -дан астамын Ford-пен, General Motors-пен және Stellantis-пен ынтымақтастық әкелді. Бір жағынан, бұл тапсырыстардың орнықтылығын және кірістердің болжануын қамтамасыз етсе, екінші жағынан - түсімнің шоғырлану тәуекелдерін тудырды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында кірістің төмендеуіне қарамастан, компания операциялық кірісті ұлғайтып, борыштық жүктемені қысқарту бойынша жұмыс істеуде. Бұл таза пайдаға және пайыздарды жабуға оң әсер етуі тиіс. Менеджмент қытай нарығында белсенді дамуды жоспарлап отыр. 2027 жылға қарай компания өнімнің 80% -ын ҚХР-дағы автоөндірушілерге жеткізеді деп күтілуде. Біздің болжамдарымыз осы тұрғыдан көбіне консервативті, алайда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сауданың жандануы 2025 жылдан кейін түсімнің жалпы өсімін қолдауға қабілетті. Freedom Broker-дің CPS акциясы бойынша 12 ай көкжиегіндегі таргеті - $33.

Atara Biotherapeutics (ATRA) — аллогендік T-жасушалық иммунотерапия әзірлеуге маманданған америкалық биотехнология компаниясы. Atara және оның серіктесі Pierre Fabre герпестің бір түрімен (EBV + PTLD) байланысты қатерлі ісіктің сирек кездесетін түрін емдеуге арналған Tab-cel - эксперименталды препаратты мақұлдауға қайта өтініш берді. Өтінім басым мәртебеге ие болды. Ол 2026 жылғы 10 қаңтарда - өндіріске қатысты мәселелерге байланысты рұқсат беруден бас тартумен аяқталған алдыңғы әрекетінен бір жылдан кейін қаралады. Бұл Atara үшін өте маңызды кезең, өйткені 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін оның қызметін дамытуға ағымдағы қаражат жетеді. Аталған препараттың ықтимал мақұлдануы серіктесінен $40 млн әкеліп қана қоймай, компанияның қаржылық тұрақтылығын арттырмақ. Біз оң шешім алу мүмкіндігін жоғары деп бағалаймыз, өйткені FDA препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігіне күмән келтірмеді, оның ескертулері тек өндірістік процеске қатысты болды. Freedom Broker-дің ATRA акциясы бойынша 12 ай көкжиегіндегі таргеті - $16.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!