Freedom Holding Corp. және Қазақстан Республикасының Білім министрлігі меморандумға қол қойды. Мақсат – бірыңғай ұлттық білім беру тұғырнамасын әзірлеу

Фридом жаңалықтары

20 июня 2024, 09:17


19 маусым, 2024 жыл, Астана қаласы


19 маусым күні Astana Hub ғимаратында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Freedom Holding Corp. компаниясы Ұлттық бірыңғай білім беру платформасын жасау туралы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.


Екіжақты Меморандум негізінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта және жалпы, қосымша, арнайы, техникалық, кәсіби білім беру орындарына барлық қажет цифрлы білім беру жүйелерін тегін негізде қолдану мүмкіндігін ұсыну жоспарлануда.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеу туралы тапсырмалар мен міндеттер жүктеді. ҚР Оқу ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын Freedom Holding Corp. қолдауымен және Bilim Corporation компаниясының қатысуымен іске асырады.


Сондай-ақ, кездесуде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, орта және жалпы, қосымша, арнайы, техникалық, кәсіби білім беру мекемелерінде Ұлттық бірыңғай білім беру платформасын қолдануды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өзара бірлескен жобаларды жүзеге асыру, конференциялар мен семинарлар өткізу туралы келісім жасалды. Ұлттық бірыңғай білім беру платформасының онлайн оқыту сапасы мен баршаға қолжетімділігінің ерекше маңызы туралы талқыланды.





БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]



Қазақстан Республикасы Freedom Broker, 050040, Алматы қаласы, Аль-Фараби 77/7 даңғылы, «Esentai Tower» БО, 3 және 7 қабаттар

+7 727 355 75 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555 * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: [email protected]

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді