Брокерлік комиссияның күшін жою – 2025 жылғы 1-11 мамыр аралығында

Фридом жаңалықтары

30 сәуір 2025, 17:36

Жақында деректерді өңдеу орталықтарында болған техникалық ақауларға байланысты клиенттерімізге сауда жүйесінде баға ұсыныстары, графиктер, биржаларға қосылу сияқты мүмкіндіктер қол жетімсіз болды.


Кешірім ретінде 2025 жылғы 1–11 мамыр аралығында компания Freedom Finance Global PLC компаниясының регламентіне 3-қосымшаның I бөлімінде (инвестициялық жазылымдар үшін абоненттік төлемнен басқа) және «Фридом Финанс» АҚ-тың Тарифтер 1-бөлімінің 1.1-тармағында көзделген сауда операциялары үшін барлық брокерлік комиссияның күші жояды.

Мұндай комиссиялар мамыр айында қайтарылады не болмаса мүлдем есептен шығарылмайды. Процесс автоматты түрде болады және клиенттердің тарапынан қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін комиссиялардың күшін жою маржалық қарыздарға қолданылмайтынын атап өткен жөн.


Туындаған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Біз барлық сауда жүйесінің тұрақты да сенімді жұмысын қамтамасыз етуге міндеттемемізді растаймыз.

 
Барлық қосымша сұрағыңыз бойынша клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Freedom Broker, 050040, Алматы қаласы, Аль-Фараби 77/7 даңғылы, «Esentai Tower» БО, 3 және 7 қабаттар

+7 727 355 75 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555 * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: [email protected]

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді