Демалыс күндері ITS-те қолжетімді қаржы құралдары және мәмілелер туралы есептер

Жаңартылды 03.11.2026

Демалыс күндері саудаланатын құрал және мәмілелеріңізді қайдан көруге болады.

Демалыс күндері РЕПО операцияларын жасауға бола ма?

Жоқ. Freedom Инвестиции клиенттері демалыс күндері РЕПО операцияларын жасай алмайды.

 

 

Баға белгіленімдері жаңартылып, корпоративтік оқиғалар өңделе ме?

ITS нарықтық деректерді демалыс күндері де сауда-саттыққа қатысушыларға әдеттегі режимде ұсынады. Сенбі және жексенбі корпоративтік оқиғалар өңделмейді.

 

 

Демалыс күндері жасалған мәмілелерді қай жерден көре аламын?

Орындалған мәмілелер туралы мәліметтер брокер есебінің «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер» бөлімінде көрсетіледі. Бұл ретте ITS биржалық есептері сауда-саттыққа қатысушыларға арналған және брокердің клиентке арналған есебін алмастырмайды.  

 

Freedom Broker қолданбасында мәмілелер «Портфель – Мәмілелер» бөлімінде көрсетіледі.

 

 

Демалыс күндері сатып алынған акциялар нақты қалдықта неліктен бірден көрінбеуі мүмкін?

Мәміле жасалған күн мен түпкілікті есеп айырысу күні әртүрлі болуы мүмкін.  

 

Есеп айырысу аяқталғанға дейін сатып алынған бағалы қағаздар брокер есебінде жоспарлы позиция ретінде есепке алынуы мүмкін. Депозитарий есебіндегі нақты қалдық есеп айырысу аяқталғаннан кейін жаңартылады.  

 

Демалыс күндері жасалған мәмілелер бойынша нақты қалдық сенбі немесе жексенбі емес, тиісті есеп айырысу күні аяқталғаннан кейін жаңартылады.

 

 

Демалыс күндері жасалған мәмілелердің есептері қашан қалыптастырылады?

ITS сенбі, жексенбі және дүйсенбі жасалған мәмілелер бойынша биржалық есептерді бөлек қалыптастыруды қарастырған.  

 

Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер үшін EXC03 үлгісі, ал опциондар үшін EXC02 үлгісі қолданылады. Демалыс күндері жасалған мәмілелер дүйсенбідегі әдеттегі сауда сессиялары бойынша есептерде қайталанбайды.  

 

EXC02 және EXC03 есептері сауда-саттыққа қатысушыларға: сенбіде жасалған мәмілелер бойынша жексенбіде, жексенбіде жасалған мәмілелер бойынша дүйсенбіде, дүйсенбіде жасалған мәмілелер бойынша сейсенбіде Астана уақыты бойынша 02:30-да жіберіледі.

 

Күнтізбелік күндердің қорытындысы бойынша аралық биржалық есептер ұсынылады. Клирингтік есептер алғашқы жұмыс күні қалыптастырылады. Биржалық есептің жіберілуі мәмілелер бойынша есеп айырысулардың аяқталғанын білдірмейді.  

 

Биржалық есептер сауда-саттыққа қатысушыларға ITS регламентіне сәйкес электрондық түрде жіберіледі. Бұл операциялардың Freedom Broker клиент есебінде қашан көрсетілетінін бөлек нақтылау қажет.

 

 

Демалыс күндері қандай қаржы құралдарымен сауда жасауға болады?

Демалыс күндері сауда жасауға арналған тізімде 68 қаржы құралы бар: 45 акция, 2 депозитарлық қолхат және 21 ETF. Олардың ішінде ITS қорлары мен жекелеген активтерге арналған ETF бар. Тикерлері мен ISIN кодтары көрсетілген толық тізім төмендегі кестеде берілген. Қорлар бойынша кестеде эмитенттердің немесе басқарушы компаниялардың атаулары, ал депозитарлық қолхаттар бойынша депозитарий мен базалық актив көрсетілген.

 

ITS нарыққа қатысушылардың сұранысын ескере отырып, тізімді кеңейтуді жоспарлап отыр.  

 

Демалыс күндері сауда-саттыққа жіберілмеген қаржы құралдары ITS-те сауда-саттық тоқтатылған режимде болады.

 

 

Тикер Атауы Құрал түрі Сауда-саттық сағаттары
(Астана)
ISIN
MU Micron Technology, Inc. Акция 10:00–24:00 US5951121038
NVDA NVIDIA Corporation Акция 10:00–24:00 US67066G1040
NBIS Nebius Group N.V. A санатындағы акция 10:00–24:00 NL0009805522
MSFT Microsoft Corporation Акция 10:00–24:00 US5949181045
ORCL Oracle Corporation Акция 10:00–24:00 US68389X1054
INTC Intel Corporation Акция 10:00–24:00 US4581401001
SPCX Space Exploration Technologies Corp. A санатындағы акция 10:00–24:00 US84615Q1031
SOXL Rafferty Asset Management, LLC ETF 10:00–24:00 US25459W4583
META Meta Platforms, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US30303M1027
AMD Advanced Micro Devices, Inc. Акция 10:00–24:00 US0079031078
TSLA Tesla, Inc. Акция 10:00–24:00 US88160R1014
AVGO Broadcom Inc. Акция 10:00–24:00 US11135F1012
AAPL Apple Inc. Акция 10:00–24:00 US0378331005
PLTR Palantir Technologies Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US69608A1088
MRVL Marvell Technology, Inc. Акция 10:00–24:00 US5738741041
AMZN Amazon.com, Inc. Акция 10:00–24:00 US0231351067
NFLX Netflix, Inc. Акция 10:00–24:00 US64110L1061
CRWV CoreWeave, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US21873S1087
MSTR Strategy Inc A санатындағы акция 10:00–24:00 US5949724083
SNDK Sandisk Corporation Акция 10:00–24:00 US80004C2008
TQQQ ProShare Advisors LLC A санатындағы акция 10:00–24:00 US74347X8314
COIN Coinbase Global, Inc. Акция 10:00–24:00 US19260Q1076
RKLB Rocket Lab Corporation Акция 10:00–24:00 US7731211089
MARA MARA Holdings, Inc. Акция 10:00–24:00 US5657881067
SMCI Super Micro Computer, Inc. Акция 10:00–24:00 US86800U3023
NOW ServiceNow, Inc. Акция 10:00–24:00 US81762P1021
SOXS Rafferty Asset Management, LLC ETF 10:00–24:00 US25461H2913
SKHY Citibank, N.A. / SK hynix Inc. Депозитарлық қолхат 10:00–24:00 US78392B2060
SPY State Street Bank and Trust Company ETF 10:00–24:00 US78462F1030
BE Bloom Energy Corporation A санатындағы акция 10:00–24:00 US0937121079
ADBE Adobe Inc. Акция 10:00–24:00 US00724F1012
ASTS AST SpaceMobile, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US00217D1000
HOOD Robinhood Markets, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US7707001027
CRM Salesforce, Inc. Акция 10:00–24:00 US79466L3024
IONQ IonQ, Inc. Акция 10:00–24:00 US46222L1089
DELL Dell Technologies Inc. C санатындағы акция 10:00–24:00 US24703L2025
IBM International Business Machines Corporation Акция 10:00–24:00 US4592001014
QCOM QUALCOMM Incorporated Акция 10:00–24:00 US7475251036
AAOI Applied Optoelectronics, Inc. Акция 10:00–24:00 US03823U1025
MRNA Moderna, Inc. Акция 10:00–24:00 US60770K1079
ARM Citibank, N.A. / Arm Holdings plc Депозитарлық қолхат 10:00–24:00 US0420682058
CRCL Circle Internet Group, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US1725731079
APP AppLovin Corporation A санатындағы акция 10:00–24:00 US03831W1080
CRWD CrowdStrike Holdings, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US22788C1053
TTWO Take-Two Interactive Software, Inc. Акция 10:00–24:00 US8740541094
LITE Lumentum Holdings Inc. Акция 10:00–24:00 US55024U1097
COHR Coherent Corp. Акция 10:00–24:00 US19247G1076
CIEN Ciena Corporation Акция 10:00–24:00 US1717793095
RDDT Reddit, Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US75734B1008
FRHC Freedom Holding Corp. Акция 10:00–24:00 US3563901046
GOOG Alphabet Inc. A санатындағы акция 10:00–24:00 US02079K1079
IBIT BlackRock Fund Advisors ETF 10:00–24:00 US46438F1012
ITSD IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000005061
ITSS IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000003256
ITSW IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000002878
AAPL/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004684
AMD/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004445
AMZN/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004437
COIN/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004429
FRHC/10000 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004411
GOOG/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004676
META/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004643
MSFT/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004650
MSTR/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004403
NFLX/10 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004395
NVDA/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004668
TSLA/100 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004452
IBIT/1 IPS Capital Ltd. ETF 10:00–24:00 KZX000004734

 

 

Сенбі және жексенбі сауда-саттық Астана уақыты бойынша 10:00-ден 24:00-ге дейін жүргізіледі. Ағымдағы кестені ITS сайтынан тексеруге болады.

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!