ITS-тегі сауда-саттық уақыты Азия, Еуропа және Американың биржалық алаңдарының жұмыс уақытын қамтиды. Бұл инвесторларға бүкіл әлемдегі корпоративтік және экономикалық оқиғаларға ден қою арқылы портфельдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
ITS-те сауда-саттық GMT+5, Астана қаласының уақыт белдеуі бойынша келесі күні сағат 09:00-ден 03:45-ке дейін, аптасына бес күн, тәулігіне 18 сағат өтеді.
ITS алаңындағы сауда-саттық уақыты АҚШ биржаларындағы кестеге байланысты екенін атап өтеміз. Америка нарығы наурыз айында жазғы уақытқа және қараша айында қысқы уақытқа көшеді.
NYSE және NASDAQ биржаларының кестесі:
– Наурыз бен қараша аралығында сағат 18:30-дан 01:00-ге дейін (GMT +5, Астана қ. сағаттық белдеуі);
– Қараша мен наурыз аралығында сағат 19:30-дан 02:00-ге дейін.
Осыған байланысты ITS алаңында сауда-саттық уақыты бірқатар құралдармен өзгереді
Жазғы кезең
Стандартты қосымша өтімділік уақыты – сағат 16:30-дан бастап (GMT +5, Астана қ. сағаттық белдеуі).
US Market ETFs қоры бойынша сауда-саттық сағат 01:00-де аяқталады.
Құралдардың топтары бойынша сауда-саттық уақыты:
https://itsx.kz/news/86fdaff9-a39e-4b0c-bf90-d8e92af3b35b/
Әрбір құрал бойынша сауда-саттық уақыты:
https://itsx.kz/trading-and-data/trading-hours
Қысқы кезең
Стандартты қосымша өтімділік уақыты – сағат 17:30-дан бастап (GMT +5, Астана қ. сағаттық белдеуі).
US Market ETFs қоры бойынша сауда-саттық сағат 02:00-де аяқталады.
Әрбір құрал бойынша сауда-саттық уақыты: