Демалыс күндері ITS-те сауда-саттық жүргізу

Жаңартылды 03.11.2026

ITS-те сенбі және жексенбі күндері сауда қалай өтеді және қандай шектеулер бар.

Демалыс күндері ITS-те сауда-саттық жүргізуге бола ма?

Иә. 2026 жылғы 31 қазаннан бастап ITS халықаралық сауда алаңы аптасына жеті күн сауда-саттық жүргізеді. Сенбі және жексенбі күндері инвесторлар алуға болатын бағалы қағаздарды ITS-ке қатысушы болып табылатын брокерлер арқылы Астана уақыты бойынша 10:00-ден 24:00-ге дейін сатып алып, сата алады.

 

 

Демалыс күндері сауда жасау мүмкіндігін бөлек қостыру қажет пе?

Жоқ. Freedom Инвестиции клиенттері демалыс күндері сауда жасай алады. Қосымша өтініштер немесе қосылуға арналған өтінімдер беру қажет емес.

 

 

Демалыс күндері сауда-саттық не үшін қажет?

Маңызды оқиғалар әлемдегі ең ірі биржалар жабық кезде де болады. Мысалы, сенбі компания ірі мәміле туралы жариялауы мүмкін, ал жексенбі жалпы нарық үшін маңызды макроэкономикалық немесе геосаяси жаңалықтар пайда болуы мүмкін. 

 

Демалыс күндері сауда-саттық инвесторларға жаңалықтарға ден қойып, дүйсенбіні күтпей-ақ инвестициялық портфелін басқаруға мүмкіндік береді.

 

 

Демалыс күндері ITS-тегі акция бағасы неліктен АҚШ биржасындағы бағадан өзгеше болуы мүмкін?

Демалыс күндері NYSE және NASDAQ биржалары, сондай-ақ Еуропа сауда алаңдары жабық болады. Бұл уақытта ITS-тегі акция бағасы осы сауда алаңындағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады.  

 

Сатып алушылар мен сатушылар саны негізгі сауда-саттықтың сағаттарынан аз болуы мүмкін. Соның салдарынан сатып алу және сату бағаларының арасындағы айырмашылық (спред) ұлғайып, баға белгіленімдері көбірек құбылуы мүмкін. ITS демалыс күндері сауда сессияларында өтімділікті қолдауды қарастырған, алайда бұл аталған тәуекелді толығымен жоймайды. 

 

Сондықтан ITS-тегі баға Америка биржасындағы соңғы жабылу бағасынан өзгеше болуы мүмкін. АҚШ-та сауда-саттық қайта басталғаннан кейін бағалар өзгеруі мүмкін, баға белгіленімдерінің сәйкес келуіне кепілдік берілмейді.

 

 

ITS демалыс күндері бағаның құбылуын қалай шектейді?

Бағалы қағаздарға серпінді баға шектеулері қолданылады. Олар ITS формулалары бойынша есептік баға белгіленімін, есептік бағаны және бағалы қағаздың тәуекел параметрлерін ескере отырып есептеледі. Бұл бағаның рұқсат етілген өзгеру диапазонын шектейді, алайда залалға ұшырау тәуекелін жоймайды.

 

 

Демалыс күндері барлық қаржы құралымен сауда-саттық жүргізіле ме?

Жоқ. Демалыс күндері сауда жасауға арналған тізімде 68 қаржы құралы бар: 45 акция, 2 депозитарлық қолхат және 21 ETF. ITS нарыққа қатысушылардың сұранысын ескере отырып, тізімді кеңейтуді жоспарлап отыр. Толығырақ «Демалыс күндері ITS-те қолжетімді қаржы құралдары және мәмілелер туралы есептер» мақаласынан оқи аласыз.

 

 

Демалыс күндері Stop Loss және Take Profit ордерлері жұмыс істей ме?

Жоқ. Freedom Broker (Tradernet) платформасында Stop Loss (SL) және Take Profit (TP) тапсырмалары демалыс күндері орындалмайды. Сенбі және жексенбі дүйсенбідегі сауда алдындағы сессия болып есептеледі, ал SL және TP тапсырмалары тек негізгі сауда сессиясы кезінде орындалады.

 

Сондықтан сенбі және жексенбі SL және TP тапсырмалары арқылы залалды автоматты түрде шектеуге немесе пайданы белгілеуге болмайды.

 

 

Демалыс күндері қандай тапсырма түрлері қолжетімді?

Демалыс күндері лимит қойылған тапсырмалар қолжетімді. Мұндай бұйрықта инвестор сатып алу немесе сату үшін шекті бағаны көрсетеді. Тапсырманың орындалуы сәйкес баға бойынша қарсы өтінімдердің болуына байланысты.

 

 

Демалыс күндері аяқталғаннан кейін орындалмаған өтінім қалай өңделеді?

ITS демалыс күндері әр күнтізбелік күні сауда сессиясы аяқталғаннан кейін барлық орындалмаған өтінімді алып тастайды. Алаңда мұндай өтінімдерді келесі күнге автоматты түрде ауыстыру қарастырылмаған.

 

 

ITS жұмыс кестесі қандай

Жұмыс күндері – 09:00-ден келесі күнгі 03:45-ке дейін. Сенбі және жексенбі күндері – 10:00-ден 24:00-ге дейін. Уақыт Астана уақытымен (UTC+5) көрсетілген. Сауда сессияларын аптасына жеті күн, тәулігіне 21 сағатқа дейін ұзарту ITS-тің алдағы жоспарында бар.  

 

Сенбі сауда-саттықтың басталуы ITS-ке жаңартуларды орнату үшін қосымша технологиялық уақыт қажет болған жағдайда, кешірек уақытқа ауыстырылуы мүмкін.

 

Жекелеген қаржы құралдары бойынша сауда-саттықтың басталу уақытын ITS-тің ресми сайтындағы кестеден тексеруге болады

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!