Брокерлік комиссиялар мен тарифтер: қалай жұмыс істейді?

Жаңартылды 02.11.2026

Инвесторлар қандай комиссиялар төлейді, олардың мөлшері неге байланысты және қолайлы тарифтік жоспарды қалай таңдауға болады.

Брокер неге комиссия алады?

Брокерлік компаниялар инвесторлар мен биржалар арасында делдал болып табылады. Олар техникалық инфрақұрылымды қамтамасыз етеді, сауда платформасын ұсынады, операцияларды есепке алуды жүргізеді, талдау мен басқа да қызметтерді ұсынады.

Осы қызметтердің бір бөлігі үшін комиссия алынады, оның мөлшері таңдалған тарифке байланысты.

 

 

Инвесторлар комиссияны не үшін төлейді?

Freedom Broker сауда платформасында шотты ашу және жабу әрдайым тегін.

Комиссия бағалы қағаздарды сатып алу және сату кезінде (орындалған мәмілелер үшін) алынады.

Комиссия мөлшері нарыққа және қаржы құралына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте ол мәміле сомасы мен сауда операциялары жасалатын құралдардың санына қарай есептеледі. Сондай-ақ комиссия мәміле жасағаны үшін белгіленген тіркелген соманы қамтуы мүмкін.

 

 

Қандай тарифтер бар?

 

Freedom Broker-де тәжірибе деңгейі, инвестициялық мақсаттары мен стратегиялары әртүрлі инвесторларға арналған тарифтік жоспарлар қарастырылған. Оларды үш санатқа бөлуге болады:

 

1. Жария тарифтер

Бұл санатқа «Инвестор», «Стандарт», «Стандарт Плюс» және «Халықаралық» тарифтері жатады.

Негізгі жария тариф – «Инвестор». Ол әдепкі бойынша орнатылады және абоненттік төлемді қарастырмайды.

Басқа тарифтер белгіленген шарттар сақталған кезде және Компаниямен келісім бойынша қолжетімді. Олар әртүрлі сауда алаңдарындағы мәмілелер бойынша комиссия мөлшерімен ерекшеленеді.

 

2. Акциялық тарифтер

Бұл Компанияның акциялары мен жеке бағдарламалары аясында қолданылатын арнайы тарифтер.

Мысалы, жаңа клиенттерге брокерлік шот алғаш рет ашылған кезде «Старт» промо-тарифі автоматты түрде қосылады. Ол комиссияларды төмендетуді қарастырады және шот ашылған күннен бастап 30 күн ішінде қолданылады. Осыдан кейін «Инвестор» тарифі автоматты түрде орнатылады.

Бұл санатқа сондай-ақ «Студенттік» және «Академик» арнайы тарифтері жатады. Оларды тиісті бағдарламалардың шарттары сақталған жағдайда қосуға болады.

 

3. Жазылымдық тарифтер

Бұл санатқа «Инвестициялық жазылым» және «Трейдер жазылымы» жатады.

Олар ай сайынғы абоненттік төлемді қарастырады және қосымша мүмкіндіктерді қамтиды: оқу материалдары, сарапшылармен эфирлер және тәлімгерлердің қолдауы.

Мұндай тарифтер өз бетінше сауда жасауды оқумен және сүйемелдеумен біріктіргісі келетін инвесторлар мен трейдерлерге қолайлы.

Тарифтердің толық тізімін мына мақаладан таба аласыз: Қандай тарифтер бар?

 

 

Қолайлы тарифті қалай таңдауға болады?

Таңдау инвестициялық мақсаттарыңызға, мәмілелер жиілігіне және сауда жасағыңыз келетін нарықтарға байланысты. Шарттармен және комиссиялармен Freedom Broker сайтындағы тарифтер бөлімінде танысуға болады.

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 84.62%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!