Сіз «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген «Freedom Finance Global PLC» компаниясында шот ашасыз.
- Freedom Finance Global PLC қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) реттейді. АХҚО заңдық режимі ағылшын құқығы қағидаттарына және Нью-Йорк, Лондон, Дубай, Гонконг және Сингапур қаржы орталықтарының тәжірибесіне негізделген.
- Freedom Broker инвесторларының құқықтары халықаралық стандарттарға сәйкес қорғалады. АХҚО арқасында қазақстандықтарға Қазақстан Республикасының юрисдикциясы шегінде шетелдік қор нарықтарына ашық және қауіпсіз қол жеткізу мүмкіндігі туды.
- «Freedom Finance Global PLC» қоғамдық компаниясы Freedom Holding Corp халықаралық тобының 100% еншілес компаниясы болып табылады.