Өтініш (Шағым, Талап, Ұсыныс)

Жаңартылды 22.09.2026

Өтінішті (шағымды, наразылықты немесе ұсынысты) қалай жіберуге болады?



I. Ауызша:

  • 7555 қысқа телефон нөмірі арқылы. *Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін.
  • +7 717 267 77 55 телефон нөмірі арқылы. *Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу тегін, халықаралық және ұялы телефондардан қоңырау шалу ақылы.
  • Компанияның кеңселеріне тікелей барған кезде.


Қолдау көрсету қызметінің мамандары мұндай жағдайда бірден көмектесуге тырысады. Егер жағдайды тексеру қажет болса, біз өтінішті тіркеп, шешімді пысықтап, нәтижесін кейінірек хабарлаймыз.


​II. Өтінішті мынадай арналардың бiрi бойынша:

  • ​fbroker.kz сайтында мынадай бөлімдерде: «Тағы» → «Компания» → «Бізге жазыңыз» → Арнайы өтініш үлгісін толтырыңыз;
  • Сауда платформасының мобилді нұсқасы арқылы «Мәзір» → «Қолдау қызметі» → «Қолдау қызметіне жазу» бөлімінде;
  • «Freedom Broker» сауда платформасы арқылы «Кабинет» → «Қолдау қызметімен қарым-қатынас» → «Қолдау қызметі» бөлімінде;
  • Компанияның ресми сайтында орналастырылған корпоративтік электрондық пошта мекенжайларына. Мысалы: [email protected], [email protected];
  • ​Қолыңыз қойылған қағаз түрінде​
  • Компанияның ресми әлеуметтік желілері арқылы;
    Instagram:@fbroker.kz​
    Threads:@fbroker.kz​


Қағаздағы өтініш үлгісін мынадай сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: fbroker.kz​



Өтінішімнің жауабын қашан аламын?


  1. Өтінішіңіз тіркелгені туралы хабарлама оны алған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жіберіледі. Көрсетілген авторизацияланған электрондық поштаңызға өтініштің тіркелгені және оған бірегей нөмір берілгені туралы хабарлама жіберіледі.
  2. Өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік 60 - 90 күнге дейін.
  3. Компания өтінішіңіздің деңгейі мен қаралу барысы туралы Сізге әр 30 күн хабарлап отырады.


Өзіңіз таңдаған өтініш тәсіліне қарамастан жауап авторизацияланған поштаңызға хатпен жіберіледі.



Менің атымнан басқа біреу өтініш бере ала ма?


Иә, егер өкілдік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген болса, өтінішті сенім білдірілген адам (жеке немесе заңды тұлға) бере алады. Өкіл жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.



Өтінішті анонимді түрде жолдауға бола ма?


Компания анонимді өтініштерді қабылдайды, бірақ олардың қаралуына кепілдік бермейді. Ерекшелік ретінде, өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы, не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін мәліметтер болған жағдайда ғана қаралады. Сондай-ақ, мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралмайд

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 50%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!