Қолыңыз қойылған қағаз түріндегі өтінішті Компанияның бас кеңсесіне жеке тапсыруға немесе курьерлік, пошта қызметі арқылы төмендегі мекенжайға жолдауға болады: 010016,Қазақстан Республикасы, Астана қ.,Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices) мекенжайына жіберу.
Сондай-ақ сіз жазбаша өтінішіңізді Компанияның аймақтық кеңселерінің біріне жеке тапсыра аласыз немесе қол қойылған құжаттың скан-нұсқасын [email protected] электрондық поштасына жібере аласыз.
Қағаз түріндегі өтініштің үлгісін мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: fbroker.kz
Төменде байланыс деректеріңізді көрсетуіңіз қажет:
- Аты-жөніңіз
- Электрондық пошта мекенжайы
- Пошталық мекенжай
- Байланыс телефоны
- Брокерлік шоттың нөмірі
Заңды тұлғалар үшін байланыс деректері:
- Атауы
- Пошталық мекенжайы
- Байланыс телефоны
- Шығыс нөмірі және күні
Жағдайдың толық сипаттамасы, бағалы қағаздардың тикерлері немесе ISIN-кодтары, бұйрықтардың нөмірлері, құжаттар туралы мәліметтер.
Егер сіз өтінішті қағаз түрінде қалдырған болсаңыз, Компания жауапты да қағаз түрінде сіздің тіркелген мекенжайыңызға жібереді.