Финансист №1 (41) 2026

Сергей Пигарев

Сергей Пигарев

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Шыны төбені бұзу

Әйелдердің менеджментке қатысуы компаниялардың пайдасын қалай арттырады

Шексіз

Соңғы он жылдықта жоғарғы басшылықтағы әйелдердің үлесі артқанын Дүниежүзілік экономикалық форумның Global Gender Gap Report* 2025 баяндайды. Өсім әйелдер тарихи тұрғыда өте аз ұсынылған салаларда да байқалады — технология, энергетика, логистика және көлік секторларында.

*Әр түрлі елдердегі гендерлік теңдік деңгейін бағалайтын жыл сайынғы талдамалық есеп

Жоғарыдағы өзгерістер

Әлемдік корпорациялардың басында әйелдердің болуы жақында ғана сирек құбылыс ретінде қабылданатын, әсіресе дәстүрлі түрде «ерлер саласы» саналатын бағыттарда. LinkedIn әлеуметтік желісінің 155 ел бойынша деректеріне негізделген гендерлік теңдік туралы есепке сәйкес, 2022 жылы әйелдер жетекші лауазымдардың шамамен 31%-ын иеленді. Алайда, энергетика секторында бұл көрсеткіш небәрі 20% болды, өңдеуші өнеркәсіпте – 19%, ал инфрақұрылым салаларында – 16% ғана. Ал білім беру, денсаулық сақтау және коммерциялық емес қоғамдық қызмет салаларында басқарушы лауазымдар гендерлік тұрғыдан дерлік тең бөлінген.

Қазір әйелдер лидерлігі ұзақ уақыт жабық саналған салаларда да кадрлық тәжірибелер қайта қаралып жатыр, бұл терең жүйелік өзгерістер жүріп жатқанын көрсетеді.

Соңғы тағайындаулардың бірі 2026 жылдың қаңтарында болды. Сол кезде Meta Platforms (META) бкомпаниясының президенті және директорлар кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына Дина Пауэлл Маккормик тағайындалды. Оның міндеті – компанияның ауқымды АИ-инфрақұрылымына жасаған инвестицияларын және жахандық жобаларын қадағалау. Бұл тағайындау стратегиялық басқару деңгейінде әйелдер қатысуының күшейіп келе жатқанын айқын көрсетеді.

Дереккөз: Global Gender Gap Report 2022, World Economic Forum

Әйел-СЕО-лар тарих жасайды: Мег О’Нил және BP

2025 жылдың соңында британдық энергетикалық алпауыт BP (BP) директорлар кеңесі 2026 жылдың 1-сәуірінен бастап, компанияны Мег О’Нил басқаратынын жариялады. Компанияның ғасырдан астам тарихында алғаш рет CEO қызметіне әйел отырды.

1908 жылы Уильям Нокс д’Арси негізін қалаған BP тәуекелі жоғары геологиялық барлау жобаларынан бастап әртараптандырылған энергетикалық холдингке дейінгі ұзақ жолдан өтті. Басқару мәдениеті тұрғысынан энергетика ең консервативті салалардың бірі саналады, сондықтан мұндай ауқымдағы корпорацияға әйелдің бас директор болып тағайындалуы саланың кадрлық саясаты айтарлықтай өзгеріп жатқанын көрсетеді.

 2021 жылдан бері Мег О’Нил Woodside Energy мұнай-газ компаниясын басқарып келеді. Ол Австралияның қор биржасындағы ең ірі энергетикалық корпорациялардың бірі саналатын  BHP Petroleum International компаниясымен бірігу процесін қадағалады. Бұған дейін О’Нил ханым әлемдік мұнай-газ саласының басты ойыншыларының бірі – ExxonMobil (XOM) компаниясында 23 жыл қызмет атқарған.

2025 жылы Fortune 500 тізіміндегі компаниялардың 11%-ын әйелдер басқарды – бұл 1955 жылы алғашқы осындай тізім жасалғаннан бергі тарихи рекорд.  

Әйел-көшбасшылар көбіне өз мүмкіндіктерін төмен бағалайды. Russell Reynolds деректеріне сәйкес, ерлердің 70%-ы және әйелдердің тек 50% өзінен жоғары тұрған басшының орнын басуға дайынмын деп есептейді.

Fortune 500 компанияларының басшылық құрамында гендерлік тепе-теңдікке әлі де жеткен жоқпыз. Позитивті үрдіс – әйел-CEO-лардың санын арттыру – көбіне бір компания ішіндегі мансаптық өсудің арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Бұл корпорациялардың әйел мамандарға басқарушылық пирамиданың ең жоғары деңгейін сеніп тапсыруға барған сайын дайын екенін көрсетеді.  

Әйел көбасшылығы экономикасы

Инвесторлар ең алдымен басшылық құрамындағы гендерлік тепе-теңдіктің бизнестің қаржылық нәтижелеріне қалай ісер ететінін білуге қызығады. Бұл әсер бар екеніне және оны сандық тұрғыдан өлшеуге болатынына зерттеушілердің еш күмәні жоқ.  

Алдыңғы қатарлы қор индекстеріне кіретін эмитенттерге жасалған талдау мынаны көрсетеді: басшылықтағы әйелдердің үлесі медианадан жоғары болған жағдайда, бір жылдан кейін меншікті капиталдың рентабельділігі шамамаен 30%-ға артады. Сонымен қатар, пайда төмендеу қаупі де шамамен осыншалықты мөлшерге азаяды. Басқарушылық лауазымдардың кемінде 25–30%-ын әйелдер иеленетін корпорациялар жоғары табыстылықпен ғана емес, нәтижелердің болжамдылығымен де ерекшеленеді.

Carnegie Private Wealth әйелдер лидерлігінің экономикалық әсерін бизнес сапасына тікелей ықпал ететін басқару тәсілдерінің үйлесімі арқылы түсіндіреді. Олардың қатарында мыналар бар:

  • Командалық жұмыс. Әйел‑көшбасшылар әдетте коммуникацияға көбірек мән береді, кері байланыс пен қызметкерлердің қатысу мәдениетін дамытады. Соның нәтижесінде қызметкерлер өздерін неғұрлым қанағаттанған әрі өнімдірек сезінеді, кадр ауысуы төмендейді, ал стратегиялар жақсырақ іске асады.
  • Тәуекелдерді өлшенген басқару. Орта есеппен ерлер жиі «жоғары тәуекел – жоғары табыс» стратегиясына бейім болса, әйелдер неғұрлым сақ, бірақ жүйелі тәсілді көрсетеді. Осындай басшылар жұмыс істейтін компаниялар қаржылық жанжалдардың ортасында сирек қалады немесе дефолт жарияламайды. Бұл акционерлер капиталының қорғалуына оң әсер етеді.
  • Клиентке жақын болу – табысқа жақын болу. Құрамында әйелдер бар басқарушы командалар жаңа өсім нүктелерін тез табады, өйткені олар клиенттердің әртүрлі топтарын жақсы түсінеді. Бизнесвумендердің тәжірибесі орташа тұтынушының қажеттіліктерімен қатар, әйел сатып алушылардың, отбасылық және басқа да нарық сегменттерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
  • Транспаренттілік пен этика. Басшылық құрамында әйелдер көбірек болған компанияларда корпоративтік басқару құрылымы нығайып, комплаенсқа (заңнамалық және салалық стандарттардың сақталуын бақылау) және этикалық нормаларға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл инвесторлардың сенімін арттырып, реттеушілік тәуекелдерді төмендетеді.
  • Таланттарды тарту және ұстап қалу. Топ-менеджментте әйелдердің болуы инклюзивті, заманауи корпоративтік мәдениеттің белгісі болып саналады. Бұл білікті мамандарды тартуға ықпал етіп, қызметкерлердің, әсіресе құндылықтарының жұмыс берушінің құндылықтарымен сәйкестігі маңызды болып саналатын жас буынның, адалдығын арттырады.

Осылайша, әйелдер көшбасшылығы ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықтың қайнар көзіне айналады. Бүгінде бұл қаржылық есептілік нәтижелерінен де, басқару сапасынан да айқын көрінеді.

Дереккөз: Fortune журналы (АҚШ-тағы ескі іскерлік журналдардың бірі)

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!