Финансист №1 (41) 2026

Илья Зубков

Илья Зубков

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Тосынсыйы бар қорап

Жазылым қызметтері қалай жаңа трендке айналды – және оған әйелдердің қандай қатысы бар

Трендте

Жазылым экономикасы – тұтынушылар өнімге немесе сервиске қол жеткізу үшін тұрақты түрде ақы төлейтін бизнес-модель – соңғы онжылдықтың басты трендтерінің біріне айналды. Әртүрлі төлемдерді басқаруға маманданған финтех-компания Bango деректеріне сүйенсек, 2025 жылы АҚШ-тағы орташа тұрғын бес түрлі жазылымға шамамен $900 жұмсаған. Ең кең тараған категория – видеостриминг платформалары: америкалықтардың төрттен үші оларды пайдаланады. Сондай-ақ тұтынушылар музыка сервистеріне жазылуды және бөлшек тауарларды жазылым арқылы сатып алуды жиі таңдайды. McKinsey бағалауы бойынша, мұндай қызметтердің пайдаланушылары арасында әйелдердің үлесі 60%-ға жақындап қалды.

Әлеуеті бар формат

Подписка арқылы жіберілетін қораптар (subscription box) — белгілі бір тақырыпқа сай (немесе сатып алушының сұранысына қарай) жиналған тауарлар жиынтығын тұрақты жеткізу моделі. Bango деректері бойынша, АҚШ-та әр 100 адамның тоғызы мұндай қызметке жазылған. Қазіргі таңда дәл осы модель басқа жазылым сервистерімен салыстырғанда ең жылдам өсіп келе жатқан бағыт болып отыр. Root Analysis консалтинг компаниясының болжамынша, алдағы 10 жылда подписка-қораптар нарығы $24,7 млрд-тан $144,5 млрд-қа дейін ұлғаюы мүмкін.

Бұл сервистің танымалдылығы жеке тұтынушылық әдеттерді ескеру мен технологиялық мүмкіндіктерді тиімді үйлестіруінде жатыр. Қазіргі сатып алушы үшін ыңғайлылық бірінші орында: автоматты жеткізу уақытты үнемдейді және белгілі бір аралықпен тауарларды өз бетімен таңдап, тапсырыс беру қажеттілігін жояды.

Жекешелендіру үшін компаниялар клиенттердің талғамын талдайды, олардың бұрынғы сатып алулары мен кері байланысын пайдаланып, әр қораптың ішіндегі тауарларды нақты адамға бейімдейді. Бұл тұтынушының адалдығын арттырады.

Сатып алушылар жазылымды тек тауар үшін емес, эмоция үшін де рәсімдейді: қорапты күту және ашу — сыйлық алғандағыдай рақат механизмін іске қосады

Қораптық сервистердің танымал болуына әлеуметтік желілер де айтарлықтай әсер етті. «Unboxing» — қорапты ашу процесін көрсететін контент — дербес медиаформатқа айналды. Сатып алынған тауардың ішін көрсетуге арналған видеолар көрерменге қатыстылық сезімін сыйлап, сұранысты арттырады және оларды қызметті өз бетінше байқап көруге ынталандырады. Мұндай контент жиі «вирусқа» айналып, тегін маркетинг құралы болып кетеді.

Ақырында, жазылым сервистері көбінесе ортақ қызығушылықтар төңірегінде құрылады, сол арқылы пікірлес қауымдастықтар қалыптасады. Олар алған өнімдерді талқылап, кеңестер мен әсерлерімен әлеуметтік желілерде немесе форумдарда бөліседі. Нәтижесінде жазылым тек тауар сатып алу тәсілі ғана емес, өмір салтының бір бөлігіне және өзін-өзі білдіру құралына айналады.

Ішінде не бар

Жазылым-қораптар нарығындағы сұранысты негізінен әйелдер қалыптастырады: Root Analysis болжамынша, 2035 жылға қарай олар мұндай сервистерді пайдаланушылардың 66%-ына дейін жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде зерттеулер көрсеткендей, әйелдер ерлерге қарағанда азық-түлік, косметика, сән, үй тауарлары категорияларындағы жазылым қораптарын жиірек пайдаланады. Ал ең ірі нарық үлесі дәл осы екі сегментте — азық-түлік жиынтықтары мен косметикада — шоғырланған.

Азық-түлік жазылымдарына сұранысты қосымша қызметтер де қолдайды. Мысалы, алдын ала өлшеніп, оралған ингредиенттерге олардан қандай тағам дайындауға болатынын көрсететін қарапайым рецепт қоса беріледі. Мұндай сервис уақытты үнемдейді және ас мәзірін жоспарлауды жеңілдетеді — бұл, әсіресе, әйел аудиториясы үшін маңызды артықшылық. Сарапшылардың күтуінше, алдағы он жылда нарықтағы ең үлкен үлесті дәл осы азық-түлік жиынтықтары иеленіп, subscription box сегментінің шамамен жартысына жуықтайды.

Косметика сегментінде де сенімді өсім күтіледі — бұл сервистің дамуы дәл осы санаттан басталған еді. 2010 жылы Гарвард бизнес мектебінің түлектері Катия Бошам мен Хэйли Барна Birchbox сервисін іске қосты. Олардың идеясы қарапайым әрі жаңашыл болды: қымбат косметиканы бірден сатып алу орнына, олар қыздарға айына $10 төлеп, премиум брендтердің ұқыппен таңдалған күтім және декоративті косметика үлгілерін алуды ұсынды. Мұндай формат санатқа кіру кедергісін төмендетіп, косметикамен танысуды тұрақты әрі қызықты тәжірибеге айналдырды. 2015 жылға қарай Birchbox $70 млн-нан астам венчурлық капитал тартып, миллионнан астам жазылушы жинады. Осылайша ол жазылым экономикасының алғашқы толқындарындағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Кейіннен сервистің теңқұрушысы Хэйли Барна АҚШ-тағы жетекші венчурлық қорлардың бірі — First Round Capital компаниясының бас серіктесі атанды. Осы қызметке келген ол қордың 13 жылдық тарихындағы алғашқы әйел болды.

Трихы бар жазылым

Нишалық өнімдердің дамуы жазылым сервистері сегментінің жалпы өсімін қолдап, оған әйелдерді бұрынғыдан да көп тартады. Міне, жазылым қораптарын табысты әрі ауқымды бизнеске айналдыра алған, әйелдер негізін қалаған төрт компанияның тарихы.

  • Ipsy. 2011 жылы танымал YouTube-блогер Мишель Фан Марсело Камберос және Дженнифер Голдфарбпен бірге жекелендірілген бьюти-жазылым сервисі Ipsy-ді іске қосты. Фан өзінің жолын YouTube-тағы макияж сабақтарынан бастаған еді және жоба іске қосылған сәтте оның 8 миллионнан астам жазылушысы болды, бұл Ipsy-дің бірден танымал болуына көмектесті. Айына $10 тұратын Glam Bag қызметі әлемдегі ең ірі бьюти-қоғамдастықтардың бірін қалыптастырды. 2015 жылға қарай компания ай сайын 1,5 млн-нан астам сөмке жеткізді. Стартап $800 млн бағалау кезінде $100 млн инвестиция тартты. Ipsy үлгісі жазылым қораптары моделінің контент-маркетинг экожүйесі арқылы қалай күшейтілуі мүмкін екенін көрсетті: 10 мыңнан астам блогер сервис үшін тұрақты түрде медиа-контент жасап отырды.
  • BarkBox. 2011 жылы Карли Страйф Мэтт Микер және Хенрик Верделинмен бірге ит иелеріне арналған ай сайынғы жазылым қызметін іске қосты. Жазылушылар өз үй жануарлары үшін ойыншықтар, дәмді тағамдар және аксессуарлар жиынтығын алып отырды. BarkBox өз сервисінің айналасында адал қауымдастық қалыптастыруға қол жеткізді. Үй жануарларының иелері қораптарды ашу (unboxing) видеоларын әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіп, сервиске органикалық түрде кең ауқымды қамту әкелді. 2020 жылға қарай компания Northern Star Acquisition Corp.-пен бірігу барысында $1,6 млрд бағаланды және NYSE биржасына BARK тикерімен шықты. Бүгінде сервис ай сайын екі миллионнан астам ит пен олардың иелеріне қызмет көрсетеді.
  • Sparkle Hustle Grow. Джули Болл ерекше бір нишаны – әйел-кәсіпкерлер мен фрилансерлерді мақсат еткен жазылым қызметін ойлап тапты. Оның қораптарына New York Times бестселлер авторларының өзін-өзі дамытуға арналған кітаптары, жоспарлау құралдары, кеңсе заттары және пікірлес әйелдер қауымдастығына онлайн қолжеткізу кіреді. Осылайша жазылым қорабы жай ғана заттар жиынтығынан білім беру платформасына және жабық клубқа айналады. Болл қазірдің өзінде жазылым бизнесін іске қосу бойынша танылған сарапшыға айналды: оның тәжірибесі туралы Forbes, Business Insider және USA Today басылымдары жазған.
  • YearCheer. Бұл сервисті төрт баланың анасы және ритейл желісінің басшысы Кэти Ричардсон ойлап тапты. Ол жұмысбасты ата-аналарға балаларымен жеткілікті уақыт өткізе алмай жүргені үшін сезінетін кінәлілік сезімінен арылуға көмектескісі келді. Жазылым қораптарына үйді әшекейлеуге, бірге уақыт өткізуге және жыл бойы мерекелерді атап өтуге көмектесетін тауарлар кіреді. «Жоспарлауға уақыт пен күш жұмсамай-ақ, отбасыңызбен сиқырға толы естеліктер жасау» — Кэти Ричардсонның ұсынған негізгі идеясы осындай.

Жаңа бетбұрыс

Жазылым сервистерінің дамуына қосымша серпін беріп отырған тағы бір фактор — жасанды интеллектті пайдалану. Алғашқы кезеңде жекелендіру көбіне анкеталар мен кураторлардың қол еңбегіне сүйенді. Бүгінде пайдаланушылардың мінез-құлқын талдап, нақты клиентке қандай тауарлар көбірек ұнайтынын болжайтын машиналық оқыту алгоритмдерінің рөлі айтарлықтай артты.

Бұл бағытқа жақсы мысал — 2011 жылы іске қосылған онлайн-стайлинг сервисі Stitch Fix. Жылдар бойы компания клиенттердің талғамы жөнінде ауқымды деректер базасын жинады және қазір осы ақпаратты ІІ арқылы ұсыныстарды есептеу үшін қолданады. Алгоритмдер киімдердің жеке жинағын құрастырады, ал кәсіби стилистер оны түзетіп, ІІ берген бағалауға адами сараптаманы қосады. Мұндай гибридті модель әр жаңа қораптың мазмұнын алдыңғысынан да дәл әрі үйлесімді етеді.

Технологиялар бьюти-сегментті де күшейтіп келеді 2023 жылы Ipsy мен BoxyCharm сервистерінің бірігуі клиенттік базаларды біріктіруге және жекелендіру жүйесін ауқымдауға мүмкіндік берді: сервис неғұрлым көп дерек жинаса, косметика ұсыныстары соғұрлым дәл болады.

Жазылым қораптары біртіндеп жай ғана ыңғайлы жеткізу моделінен жеке тұтыну платформаларына айналып келеді. Жасанды интеллект аудиторияны ұстап тұруға, бас тартулар санын азайтуға және жазылым бизнесін анағұрлым болжамды әрі тұрақты етуге көмектеседі.


Дереккөз: Bango Subscriptions Assemble, 2025

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!